«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ - 2020»

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы және қаржы емес қолдаулар мына бағыттар бойынша көрсетіледі:

1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау

2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

3. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету

4. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.

Экономиканың басым секторларындағы инвестициялық жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлері Бағдарламаның қатысушылары бола алады.

«Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде:

1. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілетін, сондай-ақ, негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толтыруға (30 %-дан аспауы тиіс) және 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау.

2. Экономиканың басым секторында жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін, сондай-ақ, негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толтыруға (20 %-дан аспауы тиіс) бағытталған банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру.

Кепілдің максималдық көлемі несие сомасының 50%-ынан аспауы тиіс. Кәсіпкерлер үшін кепілдік тегін көрсетіледі.

Бұл ретте, кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-дан кем емес өз қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын, немесе жобаны іске асыруға жобаны іске асырудың жалпы құнының 25%-ынан кем емес жылжымалы/жылжымайтын мүліктің  қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. 

Сыйақының пайыздық ставкасы 14 % дейін несие бойынша субсидиялау және ішінара кепілдік ету, оның ішінде 7 %-ын мемлекет, 7 %-кәсіпкер өтейді.

3. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның дамуы жетпейтін инфрақұрылымды жақындатудан тұратын және өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін, сондай-ақ жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдары ұйымдары шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, жылумен жабдықтауды, су таратқыштарды, темір жол тұйықтарын, телефондандыру, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, газдандыруды, су бұруды, су құбырларын алуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.

Жеке өндірістік тағайындалудағы жобалар үшін инфрақұрылым құрылысы (қайта құруы) инвестициялық жоба құнының 50 %-ынан аспауы тиіс.

Бағдарламаның «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде мына мемлекеттік қолдау көрсетілуі мүмкін.

- банктердің бар кредиттері бойынша және бар кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау; сондай-ақ, заемдарды қайта қаржыландыру;

- борышкерге бюджетке төленетін салық берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзартуды Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін өсімпұл есептемей беру мәселесін қарау;

- қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар.

Екінші бағыт бойынша өтінімдерді қабылдау 2012 жылдың 1 наурызына дейін жүзеге асырылады.

Бағдарламаның «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бағыты бойынша экономиканың басым секторында негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толтыруға берілген кредиттер бойынша субсидияланады.

 Бағдарламаның үшінші бағытына 4 және 5 санаттағы «үмітсіз» немесе «күмәнді» деп жіктелгендерді қоспағанда, тиісті қаржы жылында ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 % мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер қатыса алады.

Сыйақының пайыздық ставкасы 14 % дейін несие бойынша субсидиялау жүргізіледі, оның ішінде 8 %-ын мемлекет, 6 %-кәсіпкер өтейді.

«Кәсіпкердің әлеуетін күшейту» төртінші бағыты мына қолдауларды қамтиды:

1. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) Оператордың стандартталған қызметтер пакетін ұсынуын көздейді, ол мыналарды қамтиды:

- Кәсіпкерлерді және халықты кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне («Бизнес кеңесші» жобасы) қысқа мерзімді оқыту;

- Кәсіпкерге қажетті құжаттардың стандартын пакетін ұсыну;

- ақпараттық-талдамалық қолдау және кәсіпкерлердің кәсіпорындардың бірыңғай базасына геоақпараттық жүйе арқылы еркін қол жеткізуін ұйымдастыру;

- экономиканың басым салаларында маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін беру.

2. Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау бизнес-әдерістерді қолдау бойынша мамандандырылған мынадай қызметтерді ұсынуды қамтиды:

- бухгалтерлік және салық есебін жүргізу және есептілікті құру;

- статистикалық есептілікті құру;

- кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;

сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша консультация беру;

- заң консультациясы;

- маркетинг мәселелері бойынша консультация беру;

- ақпараттық технология саласында қызмет көрсету және басқалар.

 

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: Көкшетау қ., Абай көшесі, 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44
ФАКС: 8 (7162) 29-73-10
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akim@akmo.kz
на верх страницы