Қайнарбеков Асхат Қанатұлы

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды, тілдерді қолдану мен дамыту, гендерлік саясат, ақпараттық саясат, туристік саланы дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру. 
Білім беруді, ғылымды, ақпарат, мәдениет, туризм, дене тәрбиесі және спортты, халықты әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері.
Жұмыспен қамту, көші-қон және демография саясаты мәселелері.
Қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық қағидаларын жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың саяси партиялармен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара қатынас жасасуын қамтамасыз ету мәселелері.
Тарихи және мәдени мұраларды, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлерді сақтау мәселелері.
Конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайты мәселелері.
Азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері.
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері.
Отбасы және әйелдер мәселелері.
Ономастика мәселелері.
Мұрағат істерін дамыту мәселелері. 
Кедейлікті төмендету, мүгедектерді бейімдеу мәселелері.
Сотталғандардың, балалар мен мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері. 

Діни конфессиялармен, этно-мәдени орталықтармен, саяси партиялармен, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық арпарат қүралдарымен, шығармашылық одақтармен, жастар қозғалыстарымен, Көші-қон және демография комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен, “Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы” РМКК-ның Ақмола облыстық филиалымен, Ақмола облысының бақылау және әлеуметтік қорғау департаментімен, «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалымен, “Арқа ажары” МКК-мен, “Акмолинская правда” МКК-мен, «Оқжетпес» футбол клубы» МКК бірлесіп жұмыс жүргізеді.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының, Ақмола облысы білім басқармасының, Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, Ақмола облысы мәдениет басқармасының, Ақмола облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының, Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының, Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттама басқармасының, облыс әкімі аппараты ішкі саяси жағдайды талдау және әлеуметтік сала бөлімінің жұмыстарын үйлестіреді. 

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты облыстық комиссиясын, жасы толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны, ономастика және тіл саясаты жөніндегі облыстық комиссияны; әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияны, туризм жөніндегі кеңесті, бірыңғай ұлттық тестілеу өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға қолдау көрсету жөніндегі комиссияны, тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комиссияны, жастар істері және отансүйгіштік тәрбие беру жөніндегі кеңесті, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы кеңесті, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияны, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық әрекет етудің өзге шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне қолдау жасау, сонымен қатар қылмыстық жазасын өтеушілерге әлеуметтік және өзге де көмектер ұйымдастыру жөніндегі комиссияны, оралмандар істері жөніндегі кеңесті, шет ел жұмыс күштерін тартуға рұхсат беру жөніндегі комиссияны, тұрғын үй алуға үміткер «Нұрлы көш» бағдарламасы қатысушыларының тізімін құру жөніндегі тұрғын үй комиссиясын басқарады.

                                                                                                                 Өмірбаян

                                                                                             Қайнарбеков Асхат Қанатұлы

Қайнарбеков Асхат Қанатұлы, 1975 жылы туған, білімі - жоғары, 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша – халықаралық-заңгер.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі Екінші департаментінде маман болып бастады.

2001-2002 жылдары Алматы облысы, Талғар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2002 жылдың қыркүйегінен бастап 2007 жылдың қарашасы аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жүйесінде, 2003-2005 жылдары ENI (Италия) компаниясында машықтанудан өтті,  2005-2008 жылдары ChevronTexaco компаниясымен келісім бойынша Ұлыбританияда осы компанияның Лондон кеңсесінде жұмыс істеді. 

Облыс әкімі орынбасарының лауазымына тағайындалғанға дейін, «HSBC Казахстан» АҚ банк директорлары кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес кәсіпорны «ҚамқорМенджмент» ЖШС бақылаушы кеңесінде, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті болып қызмет атқарды. 

 

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: Көкшетау қ., Абай көшесі, 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44
ФАКС: 8 (7162) 29-73-10
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akim@akmo.kz
на верх страницы