Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс Комитетінің «Сарыарқа» өңіраралық департаменті Ақмола облысы бойынша филиалы 

Мекенжай: 
индекс 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Әуезов к-сі 230, №22 каб.
Тел:8 (7162) 25-79-32; Факс 8 (7162) 25-79-32 
e-mail: knd_kokshe_om@at.minfin.kz , knd_kokshe@at.minfin.kz  

Филиалдың құрылымы: 
Басшылық
Департамент бастығы
– Мейіржан Мыңбайұлы Рахымберлин тел. (8 717 2) 37-12-32
Ақмола облысы бойынша бастығының орынбасары – Эрик Алтайұлы Айдарханов тел. 25-79-32

Сырттай байқау және оңалту рәсімдерін жүргізуді бақылау бөлімі
Бөлімнің бастығы
- Әсем Жұматайқызы Шаймердинова тел. 25-75-33
Банкроттық рәсімдерді жүргізуді бақылау бөлімі
Бөлімнің бастығы
– Жасұлан Тұрсынұлы Әбілхайыров тел. 40-17-08
Азаматтарды (келермендерді) қабылдау:
Ақмола облысы бойынша департамент бастығының орынбасары Эрик Алтайұлы Айдарханов: Дүйсенбі – 16.00 – 18.00 дейін 
Сенім телефоны – 25-75-33

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс Комитетінің «Сарыарқа» өңіраралық департаменті Ақмола облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Сарыарқа» өңіраралық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және банкроттық рәсімдерді жүргізуді бақылау саласында (банктардан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардан және зейнетақы жинақтаушы қорлардан басқа) бақылау және орындаушылық құзіреті шегінде жүзеге асырады. 

Филиалдың негізгі функциялары:  
1) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау; 
2) Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларының тіркеуін және есепке алуын жүзеге асыру, сырттай байқау әкімшісі және конкурстық басқарушыларының тізілімін жасау;
3) кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастыру және бекіту, оңалту рәсімінде оның алғашқы отырысын шақыру;
4) мониторингті жүзеге асыру, оның ішінде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттар талап ету жолымен;
5) конкурстық іс жүргізуде, оңалту рәсімінде, сондай-ақ сырттай байқау рәсімінде кредиторлар комитетінің құрамын бекіту;
6) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту; 
7) борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім беру;
8) кредиторлар комитетінің оңалтушы немесе конкурстық басқарушылармен, сондай –ақ сырттай байқау әкімшісімен жасайтын кредиторлар комитетiнiң оңалтушы немесе конкурстық басқарушылармен, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсiмен жасайтын келiсiмдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуiн қарау;
9) оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық iс жүргiзудiң, оңалту рәсiмiнiң әкiмшiлiк шығыстары сметасының жобасын келiсу;
10) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы (жасалған мәмілелер туралы ақпаратты талап етеді) және конкурстық іс жүргізудің жүргізілу барысы туралы конкурстық басқарушының ағымдағы есептерін, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсiнiң сырттай байқау рәсiмiнiң жүргiзiлу барысы туралы ағымдағы есептерiн қарау; 
11) оңалтушы басқарушының қорытынды есебiн келiсу және оңалту рәсiмiн жүргiзу нәтижелерi бойынша қорытынды беру, сондай-ақ конкурстық басқарушы мен сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есептерін келісу;
12) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну;
12-1) сырттан байқау рәсімін енгізу туралы өтінішпен сотқа жүгіну;
13) кредиторлар комитетінің оңалтушы және конкурстық басқарушылармен жасасатын келісімін келісу;
14) кредиторлар комитетiнің сырттан байқаушы әкiмшiсімен борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесiнде борышкер төлем қабiлетсiз болған сырттан байқау рәсiмiн енгiзгенге дейiн жасалған оның мәмiлелерi мен iс-әрекеттерiн анықтау және талдау, мүлiктi түгендеу актiлерi бойынша салыстыру жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар туралы және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өзге iс-шаралар туралы жасаған келiсiмдерін келiсу;
15) кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту;
16) конкурстық массаны сату жоспарының жобасын қарау және келісу;
17) егер борышкердiң жеке кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан кейін бiр кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын басымдықпен қанағаттандыруға әкеп соқса, борышкердің өзін банкрот деп танылғанға дейін жасаған мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы өтініш енгізу; 
18) конкурстық, оңалтушы басқарушылардың не сырттай байқау әкiмшiсiнiң өтiнiшi бойынша конкурстық iс жүргiзу, оңалту рәсiмiнiң және сырттай байқау рәсiмiнiң пайдасына, сондай-ақ кредиторлардың мүддесiн қорғау мақсатында сотқа жүгiне алады;
19) борышкерді оңалту жоспарын мақұлдау (келісу);
20) оңалту жоспарына өзгерістерді келісу;
21) өзіне дәрменсіз борышкерлер кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету міндеттерін алмаған санацияға қатысушының жауапкершілігі туралы санацияға қатысушы мен оңалтушы басқарушысының келісімін бекіту; 
22) жоқ борышкердің мүлкі болмаған жағдайда не егер оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізуді қозғамай банкрот деп тануға келісу; 
23) егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттi тұлғалар болмаған кезде конкурстық iс қозғалмай жүргiзiлген жағдайда, «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кредиторлар талаптарының тiзiлiмi мен қорытынды есептiң жасалуын ұйымдастыру;
24) жоқ борышкердің мүлкін сатуды ұйымдастыру;
25) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес, ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызмет көрсету;
26) дәрменсiз борышкердiң банкроттық рәсiмдерiнде оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қызметiн, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмi кезiнде сырттай байқау әкiмшiсiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
27) банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
28) банкроттық туралы заңнамада белгіленген жағдайларда оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкiмшiсiн шеттету туралы шешім қабылдау;
29) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықты өткізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
30) жалған және қасақана банкроттықтың белгілерін анықтау;
31) оңалтушы, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкiмшiсiнiң әрекеттеріне шағымдарды қарау;
32) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген жағдайлар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолдану;
33) камералдық бақылауды жүзеге асыру;
34) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының бұзылуы айқындалған кезде тексеру актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде мұндай бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, сырттай байқау әкiмшiсiне (оңалтушы немесе конкурстық басқарушыға) ұсыныс шығару;
34-1) хаттама жасау және банкроттық саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану;
35) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: Көкшетау қ., Абай көшесі, 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44
ФАКС: 8 (7162) 29-73-10
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akim@akmo.kz
на верх страницы