«Бекітемін»Облыс әкімі, Қазақстан халқы
Ақмола ассамблеясының төрағасы
________________Қ. Қожамжаров
2011 жылғы «__»________
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы
жанындағы журналистер клубының
ережесі
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы журналистер клубы (ары қарай - журналистер Клубы) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық саясатының мәселелерін, этносаралық бірлікті, қазақстандық патриотизмді, Ақмола облысында тұратын этностар арасындағы толеранттылық қарым-қатынастарды насихаттап жариялау жұмыстарымен айналысатын өз еркімен ұйымдасқан журналистерді біріктіретін ұйымдастырушы құрылым болып табылады.
2. Журналистер клубы өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеге, т.б. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
3. Журналистер клубы өз жұмысын Ақмола облысының шеңберінде жүргізеді.
4. Журналистер клубы мемлекеттік тіркеусіз және заңды тұлға құқығын алмастан қызмет етеді.
5. Журналистер клубының шешімдері ұсыныс ретінде қабылданады.
2. ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАТЫ
6. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы журналистер клубы жұмысының заты болып табылады:
1) ақпараттық материалдар банкін құру, жедел ақпараттық алмасуды ұйымдастыру;
2) электрондық және баспа түрінде ақпаратты тарату;
3) Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жұмысымен байланысты көкейтесті мәселелерді талқылауға арналған «дөңгелек үстелдер» мен баспасөз-конференциялар өткізу;
4) этномәдени бірлестіктермен, Ақмола ассамблеясының ғылыми-талдау орталығымен және басқа да бірлестіктермен және ұйымдармен ортақ мақсаттарға жету үшін бірлескен іс-шаралар өткізу;
5) Қазіргі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін және журналистер клубының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін басқа да функцияларды орындау болып табылады.
3. НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
7. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы журналистер клубының негізгі мақсат міндеттері:
1) этномәдени бірлестіктер мүшелерімен журналистер қоғамының арасында іскери және ресми емес коммуникативтік алаңын ұйымдастыру;
2) Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жұмысын жариялауға қолайлы ақпараттық ортаны қалыптастыру;
3) этникааралық қарым-қатынастар мәселесін бұқаралық ақпарат құралдарында салиқалы және құзырлы жариялау үшін (шығармашылық идеяларымен бөлісу, ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, этножурналистика саласындағы түсінік аппартымен жұмыс) зияткерлік платформа құру;
4) Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жұмысы жөнінде мақалалар жазу бойынша мамандандырылған журналистер пулын құру;
5) Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-талдау орталығының, облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы «Достық үйі» филиалының және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының балалар және жастар ұйымдарының жұмыс мәселелерімен облыс тұрғындарының ақпараттық деңгейін арттыру;
6) бірлескен ақпараттық жіне басылымдық проектілерді жүзеге асыру болып табылады.
4. КЛУБ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ.
8. Журналистер клубында мүшелілік ерікті. Мүшелер саны шектелмеген.
9. Журналистер клубының мақсаттарын қолдайтын және оның жұмысына қатысатын республикалық, облыстық, қалалық және аудандық бұқаралақ ақпарат құралдарының журналистері журналистер клубының мүшесі бола алады.
10. Журналистер клубының мүшелері:
1) клубтың отырысында алынған ақпаратты өзінің кәсіби жқмысында пайдалануға;
2) жұмыс жоспарына қосымша іс-шаралар қосуға, өз ұсыныстарын еңгізуге құқылы. Ұсыныстар ауызша не жазбаша түрде Клубтың төрағасына беріледі және клубтың кезекті отырысында талқылынады.
5. ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ ТӘРТІБІ
11. Журналистер клубының жұмысын Журналистер клубының мүшелері сайлаған Төраға ұйымдастырады. Төрағаның болмағаны кезінде, отырыстарды оның екі орынбасары өткізеді. Олар да Клуб мүшелерімен сайланады.
12. Төрағаның құзыры:
1) Журналистер клубының ағымдағы жұмысына басшылық етеді;
2) Журналистер клубының іс-шараларында төрағалық етеді;
3) іс-шараның басқа да мүшелерімен тең құқықта болады;
4) Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы журналистер клубы мүшелерінің осы Ереже талаптарын орындауының кепілі болып табылады;
5) Журналистер клубы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады.
13. Журналистер клубының үйлестурішісі (Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының бас маманы) ағымдағы жұмысты ұйымдастырады.
14. Журналистер клубының отырысы төрағамен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес тоқсанына бір реттен кем емес шақырылады. Кезектен тыс отырыстар Төраға не болмаса Клуб мүшелерінің бастауымен шақырылуы мүмкін.
15. Журналистер клубының шешімдері бірауыздан не болмаса көпшіліктің даусымен қабылданады.
16. Журналистер клубының шешімі бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының эгидасымен өткізіледі.