2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын, Ақмола облысының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясын (бәсекелестік стратегиясын), Ақмола облысының бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясын, «Жол картасын», облыстың әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімдік жоспарын, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі стратегиялық жоспарларын, денсаулық сақтау бағдарламаларын жүзеге асыру.
Экономикалық жоспарлауды, қаржылық, салықтық және банкілік жүйені дамытуды қамтамасыз ету мәселелері.
Макроэкономикалық саясат, облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды болжау және талдау, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, сыртқы экономикалық қызмет мәселелері.
Әкімшілік реформалау мәселелері.
Ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері.
Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару және коммуналдық меншік, банкроттық мәселелер.
Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру, электрондық құжат айналымын енгізу, электрондық әкімдіктердің жүйелерін құру, мемлекеттік органдарға электрондық қызмет көрсету мәселелері.
Мемлекеттік стандарттарды қамтамасыз ету мәселелері.
Статистика, тарифтік саясат мәселелері.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация мәселелері.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарын және оның филиалдарын дамыту және қызметін үйлестіру.
Ақмола облысы бойынша салық департаментінмен, Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясымен, Ақмола облысының қазынашылық департаментімен, Ақмола облысы бойынша кедендік бақылау департаментімен, Ақмола облысының статистика департаментімен, Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Сарыарқа» өңіраралық мемлекеттік және мүлік жекешелендіру департаментінің Ақмола облыс бойынша филиалымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен, «Медициналық қызмет көрсету сапасын талдау мен бағалау ұлттық орталығы» РМКК филиалымен, санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АО «Казпочтасы» АО, Көкшетау қалалық аумақтық орталығымен, "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен, «Ақмола облысының халқына қызмет көрсету орталығы» ММ бірлесіп жұмыс жүргізеді.
Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, Ақмола облысы қаржы басқармасының, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының, облыс әкімі аппараты экономиканы талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, ақпараттық технологиялар бөлімінің, мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің жұмыстарын үйлестіреді.
Облыста қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды марапаттау жөніндегі комиссияны, денсаулықты қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесін, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесін басқарады.
Өмірбаян
Әділбеков Дәурен Зекенұлы
1956 жылы туған, қазақ, білімі – жоғары, 1979 жылы Новосибирск электротехникалық институтын, 1994 жылы Мәскеу Халық шаруашылығы академиясын бітірді, мамандығы бойынша – инженер-электромеханик, жоғары санаттағы менеджер, экономикалық ғылымдардың докторы.
Еңбек жолын 1974 жылы Семей облысы, Ұржар ауданының «Бахтинский» кеңшарында дәнекерлеуші-электрик болып бастады. Одан кейін, институттағы оқуын бітірген соң, №1 троллейбус паркінде мастар, аға мастер, цех бастығы, Алматы қ. трамвай депосының бас инженері, директоры болды.
1989-1992 жылдары Совет аудандық кеңес төрағасының орынбасары;
1992-1994 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық әкімшілігі әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1995-1997 жылдары Қазақстандық кәсіпкерлікке қолдау көрсету және дамыту орталығы бас директорының орынбасары;
1997 жылы Көкшетау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік-Қазақстан облысы экономика басқармасының бастығы болып тағайындалды.
1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Сараптамалық-талдау бөлімінің меңгерушісі;
1998-2004 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары. 2004 жылы Көкшетау қ. әкімі болып тағайындалды.
2004-2005 жылдары - Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2005-2006 жылдары Көкшетау экономика және менеджмент институты экономика және менеджмент кафедрасының профессоры.
2006-2008 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Темір жол жылу» АҚ вице-президенті.
2008 жылы – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Есіл экология департаменті бастығының м.а.
2008 жылдың шілде айынан бастап Көкшетау экономика және менеджмент институты экономика және менеджмент кафедрасының профессоры.
2008 жылдың қазан айынан бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, экономика және қаржы, тариф саясатын, ақпараттандыру, статистика мәселелерін қадағалайды.