2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ақмола облысының
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
2011 жылдың қаңтар-наурыз айында өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 49,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлемнің индексі – 160,1% құрады.
Жалпы өнеркәсіп көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 58%-дан 66%-ға дейін өсті.
Тағам өнімдері өндірісінде өңделген сүт шығарылымы 1,6 есеге өсті, ет – 30,6%-ға, ұн – 19,9%-ға, нан – 3,3%-ға, басқа сүт өнімдері – 16,9%-ға.
Металлдық емес өндірісінде минералдық өнімнің нақты көлемі 2,2 есеге ұлғайды «Тыныс» АҚ полиэтилендік құбырлар – 24,8 есеге, («КазШпал»АҚ) темір бетондық құрылымды констукция шығарылымы – 2,3 есеге көбеуі арқылы.
Алтын шығаратын кәсіпорындармен 2,9 тонна алтын өндірілді, 4,9 есеге өсімімен.
«Степногор подшипник зауыты» АҚ подшипниктер шығарылымы 1,8 есеге өсті, «Камаз Инжиниринг» АҚ 120 жүк автомильдері автомобилдері жиналды.
Өңдеу өнеркәсiбінде еңбек өнiмдiлiгi 1,6 есеге өсті және жылына 1 млн. теңге бір жұмыскерге (2010 ж. 1 тоқсан – 657 мың. теңге)
2011 жылы Индустриализация картасы маңыздандырылу есебімен 15,2 млрд. теңге сомасына 11 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған.
Олардың ішінде республикалық индустриализация картасы шеңберінде 10,5 млрд. теңгеге 5 жобаның жүзеге асырылуы жалғасады:
- 3 малбордақылау алаңдары, барлығы ІҚМ 10,2 мың бас, Астрахан, Еңбекшілдер және Зеренді аудандарында;
- Ақкөл ауданында ("SC Food" ЖШС) асыл тұқымды IҚМ және жылқыларды өсiру бойынша көп қызметтi кешеннiң;
- Целиноград ауданында «Агрофирма «Родина» ЖШС СТФ жаңарту.
1-ші жартыжылдықта 5,6 млрд.теңге сомасына 4 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған, 2-ші жартыжылдықта - 7 жоба 9,6 млрд. теңге.
Ауыл-шаруашылық (мал шаруашылығы өнімі) жалпы өнімнің көлемі 12,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлемнің индексі – 99,2% құрады.
21,5 мың тонна ет, 58,6 мың тонна сүт, 100,9 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Көктемгі-егістік жұмыстарға дайындық бойынша іс-шаралар аяқталуда, ауыл шаруашылық техника түгел дайын, жанармай жеткізу мәселелері шешілді.
Астана қаласының маңындағы азық-түлік белдігі шеңберінде 22,6 млрд. теңгеге 12 жоба жүзеге асырылуда (5 жоба индустриализация картасына қосылған).
Негізгі капиталға түсетін инвестициялар 10,6 млрд. теңгені құрады. Қаржыландыру көздері құрамында ең үлкен үлес кәсіпорындардың өз қаражатынан және жеке құрылысшылар қаржаты 47,1%, республикалық бюджеттің қаражаттары үлесі 41,6 %.
Жасалынған құрылыс жұмыстарының көлемі 1,6 есеге ұлғайды және 5 млрд. теңге құрады. Өсім индустриалдық жобалардың және агроөнеркәсіптік кешені жобаларының жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілді, соның ішінде Қосшы селосы дамыту бойынша.
Облыста 27,8 мың шағын және орта кәсiпкерлiктiң субъектілерi белсендi жұмыс iстейдi (2010 жылдың деңгейiне 103,1%), 39 млрд. теңгеге тауарлар (жұмыс және қызметтер) өндірілді немесе 2010 жылдың деңгейіне 101,8%.
Шағын және орта бизнесінде жұмыспен қамтылғандар саны 2,6%-ға көбейді және 117,1 мың адам құрады немесе экономикалық белсенді халық санынан 27%.
«2020 -бизнестің жол картасы» бағдарламасын іске асыруға арналып республикалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге бөлінді.
«2020 - БЖК» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша екінші деңгейдегі банктерде жалпы сомасы 6,9 млрд.теңгенің 40 жобасы қаралу үстінде.
Үйлестіру кеңесі 6,6, млрд.теңгенің 26 өтінімін құптап таңдады, оның ішінде 3,2 млрд.теңгенің 12 жобасын Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда минстрлігі мақұлдады және оларға субсидия бөлу жөнінде келісім-шарттарға қол қойылды, өндірістік инфрақұрылымдар жетіспеушілігінің 132,4 млн.теңгенің 2 жобасы қаржыландыруға қабылданды.
Сыртқы сауда айналымының көлемі 2011 жылдың қаңтар-ақпанында 43,9 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 26,1 млн. АҚШ доллары, импорт – 17,8 млн. АҚШ доллары. Сыртқы сауда айналымында 8,3 млн. АҚШ долларға оң сальдо қалыптасты.
Экспорттық тасмалдауда алтын 26,9%-ға, ұн - на 3,6%-ға өсті.
2011 жылдың қаңтар-наурыз айында мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдері түсімі болжамның 128,6% құрады (13,1 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджетке – 120,2% (6,3 млрд. теңге), жергілікті бюджетке – 137,4% (6,8 млрд. теңге).
Құнсыздану 2011 жылдың қаңтар-наурызында 2010 жылдың желтоқсанына қатынасы арасына 103,3%-ды құрады (республика бойынша – 103,7%).
Негізгі азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жылдың басынан 174 жәрмеңке өткізілді, онда 263,5 млн. теңгеге өнім сатылды.
Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі - 0,6% құрады (2010 жылдың қаңтар-наурызында – 0,7%).
Еңбекпен қамту қызметі арқылы 1557 адам жұмысқа орналастырылды (ол өтініш білдіргендердің 72,7%). Қоғамдық жұмыстарға 1178 мың адам жіберілген.
Нақты секторда жаңа өндірістердің ашылуы есебінен, шағын кәсіпкерлікті дамыту және жаңа әлеуметтік объекттердің енгізу арқылы 1275 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Кірістері кедейшіліктің ең төменгі шегінен төмен тұратындар саны 22,5%-ға қысқарған, 2,1 мың адамды құрады. Кедейшіліктің ең төменгі шегінен тұратын отбасылар саны 169 отбасыға азайды – 572 дейін.
Орташа айлық еңбекақы 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда 19,3%-ға артты және 55 905 теңге құрады.
Кейбір проблемалық мәселелер
1. Ауыл-шаруашылық (мал шаруашылығы өнімі) жалпы өнімнің көлемі 12,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлемнің индексі – 99,2% құрады.
Сүт өндірісі 5,3%-ға төмендеді (58,6 мың тонна құрады) үй шарушылығында сиыр саны қысқаруына байланысты.
Ірі мүйізді қара мал басының және шошқаның азаюы олардың үй шаруашылықтарындағы азаюымен байланысты, ондағы олардың үлестік салмағы басым болатын (себеп – мал азығының жетіспеушілігі, оның құнының қымбаттылығы). Құстар саны 8% қысқарған, ол Бурабай және Целиноград аудандарындағы құс өсірумен айналысатын кәсіпорындарда жұмыртқа-бергіш тауықтардың негізгі тобын жаңартуға байланысты.
2. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің азаюы өткен жылы «Астана Агропродукт» ЖШС және Бурабай ауданындағы өрттен сақтау депосының құрылысы сияқты екі ірі жобаның аяқталуымен байланысты.
3.Тұрғын үй құрылысы саласында 35,1 мың кв. метр тұрғын үй енгізілді, ол 2010 жылдың салыстырмалы кезеңіне 69,4% құрады, ол 2010 жылдың 1 тоқсанында «Нұрлы көш» Бағдарламасы шеңберінде пилоттық жобасы бойынша тұрғын – үйлер құрылысының аяқталуына байланысты.
4. Қазіргі кезде 263 елдімекенде (жалпы санынан 41,8%) орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етіледі.