Ақмола облысы ТЖ департаменті ескертеді: Мұзда жүру қауіпті!
Ақмола облысы бойынша 2010 жылы суқоймаларында, көлдер мен өзендерде 26 жазатайым оқиғалар тіркелді. Ақмола облысы суда құтқару қызметінің жеке құрамымен 143 адам құтқарылды.
Тұрақты аязды ауа райында, температура -5 С артық көтерілмеген кезде, жаяу кісінің жүруіне 4-5 см мұз қауіпсіз болып саналады, 8-сантиметрлік мұз қатар тұрған екі адамды, 12-14 сантиметрлік мұз 5-7 адамды көтере алады. Қалыңдығы 10 см кем емес күзгі мұз бір адам үшін қауіпсіз. Ең жұқа және қауіпті мұз кесек қардың астында, жарлы жаға, қамыс қопаның жанында, көлдерден өзеңдер мен жылғаларға түсетін және бастау алатын жерлерде, шыңдар, мұзға қатқан ағаштар, құлап кеткен ағаштар жанында, бірнеше су тасқындары қосылған жерлерде – яғни су тынымсыз ағып жатқан жерлерде болады және тыныш, бір қалыпты ағысты жерлерге қарағанда кеш қатады.
Қармен жабылмаған жерлерден жағаға шығу және өзенге түсу керек. Былай істемегенде, баурайдан сырғанап және домалап кеткенде, көрінетін жылымға да түсіп кету мүмкін, өйткені мұзда сырғанауды тоқтату оңай емес. Мұз ойылып түсіп кеткенде иыққа асатын сөмкеден тез құтылу және қолдарын екі жаққа жазып жіберіп қарынға жату қажет, және қауіпті аймақтан жер бауырлап шығу қажет. Келген жаққа ғана жүру керек.
Сақ болыңыз, әлсіз мұз суқоймасына жылға ағып, өнеркәсіптік ағындар құйылып, бұлақтар ағып жатқан немесе күшті ағынды жерлерде болады.
Балалар, балық аулаушылар!
Жұқа, қатпаған мұзға шықпаңыздар.
Шаналармен, шаңғылармен құламалы жағалардан жұқа мұзға сырғанбаңыздар.
Мұзда шұқанақтарға, ойықтарға, жарықтарға жақын бармаңыздар.
Мұздың жеке учаскелерінде топпен жиналмаңыздар.
Тыйым салынған жерлерде суқоймасында мұзбен жүрмеңіздер.
Тәуліктің қараңғы уақытында, көрініс нашарлағанда мұзға шықпаңыздар.
Мотоциклбен және автомобильбен мұзға шықпаңыздар.
Аяқпен мұзды жармаңыздар.
Жеке құтқару құралдары өзіңізбен болмаса, суқоймаларына және мұзға шықпаңыздар.
Егер Сіздің астыңыздағы мұз опырылып қалса:
Қолдарыңызды екі жаққа жазып жіберіңіз және мұзға кеудемен немесе арқамен жатуға тырысыңыз. Аяқпен қарсы жақтағы ойылып түскен жердің қырын тіреп тұрып, көлбеу қалыпта болыңыз. Алдымен мұзға бір аяқты, сосын екінші аяқты шығарыңыз. Арқаға аунап түсіңіз, сосын ойылып түскен жерден алысырақ еңбектеңіз. Қатты айқайлап көмекке шақырыңыз.
Егер көмекті Сіз көрсетсеңіз:
Мұздың ойылған жеріне тұрып бармаңыз, қолдарыңыз бен аяқтарыңызды екі жаққа жазып жіберіп, немесе шаңғыға, тақтайға тіреп қарынмен еңбектеп жақындаңыз.