Мектепке дейінгі білім. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста                 449 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 139 балабақша мен 310 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді, оларға 25 261 бала барады. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарда 67,5 % болса, оның 68,3 %-ын құрайды.

Есеп беру жылы «Балапан» бағдарламасын іске асыру аясында 94 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде жоспарда 4085 орын болса, барлығы 4234 орынға 16 балабақша, 78 мектепке дейінгі шағын орталық ашылды.

2011 жылы:

            800 орынға бұрын жекешелендірілген 7 балабақша қалпына келтірілді:

- Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласында 100 орынға «Алёнка» балабақшасы;

- Көкшетау қаласында 220 орынға «Нұрай» балабақшасы;

- Есіл ауданы Курское ауылында 120 орынға балабақша;

- Есіл ауданы Заречное ауылында 100 орынға балабақша;

- Астрахан ауданы Первомайка ауылында 60 орынға балабақша;

- Ерейментау ауданы Ерейментау қаласында 100 орынға №87 балабақша;

- Шортанды ауданы Бозайғыр ауылында 100 орынға балабақша;

 

-Бұланды ауданы Партизанка ауылында 40 орынға бейімделген ғимаратта балабақша ашылды.

460 орынға 2 балабақша салынды:

- Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында  320 орынға балабақша;

- Бұланды ауданы Макинск қаласында 140 орынға балабақша.

            340 орынға 6 жеке меншік балабақша ашылды:

- Целиноград ауданы Қараөткел ауылында 40 орынға «Ақжелкен-Д» балабақшасы;

- Целиноград ауданы Қосшы ауылында 50 орынға «Айналайын»  балабақшасы;

- Целиноград ауданы Талапкер ауылында 50 орынға «Бөбек-2011»  балабақшасы;

- Целиноград ауданы Қоянды ауылында 40 орынға «Ақ-Нұр» балабақшасы;

- Целиноград ауданы Қараөткел ауылында 120 орынға «Әмина» балабақшасы;

- Целиноград ауданы Қоянды ауылында 40 орынға «Күнбағыз-К» балабақшасы.

            Іс-әрекеттегі балабақшаларда қосымша 330 орын құрылды.

           Облыста 1652 бала баратын жобалық қуаттылығы 1645 орындық 26 жеке меншік балабақша жұмыс істейді, үстіміздегі жылы 340 орынға 6 жеке меншік балабақша және 30 орынға 1 шағын орталық ашылды.

Мектепке дейінгі салада кіші орта бизнесті қолдау қорының бағдарламасы аясында «Даму» қоры бойынша 3 жеке меншік балабақша қаржыландырылды:

- "Little People" балабақшасы, құрылтайшысы Р.Р.  Алиакпаров, Көкшетау қаласы «АТФ Банк» ААҚ қарыз сомасы - 56,1 млн. теңге (2011 жыл);

- "Тамерлан" балабақшасы, құрылтайшысы А.М. Қожанова,  Көкшетау қаласы «Halyk Bank» Банк» ААҚ қарыз сомасы - 8,2 млн.теңге (2010 жыл);

- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша «Мерей» балабақшасы, құрылтайшысы Г.О. Хамзина, Щучье қаласы «БТА Банк» ААҚ қарыз сомасы -  50 млн.теңге (2011 жыл) («2011 жылы кіші кәсіпкерлікті дамыту саласында жетістіктері үшін» жылсайынғы облыстық конкурс қорытындылары бойынша «Жылдың үздік кәсіпкері» номинациясында бірінші орынды Г.О. Хамзина жеңіп алды).

           Орта білім. 2011-2012 оқу жылында Ақмола облысында 659 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 637 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп бар. Оқушылар саны 105301 баланы құрайды.

 

2011 жылы Ақмола облысында қазақ тілінде оқытылатын мектептердің саны 2010-2011 оқу жылы 173-тен 2011-2012 оқу жылы 178-ге дейін 5 бірлікке көбейді. Мемлекеттік тілде оқытылатын оқушылардың үлесі 40,59 %-дан (43927 оқушы) 41,84 %-ға дейін (44062 оқушы) 1,25 %-ға өсті.  

Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында 600 орынға мемлекеттік тілде оқытылатын орта мектеп пайдалануға берілді (республикалық бюджет есебінен). Мемлекеттік тілде оқытылатын 531 орынға 6 балабақша ашылды.

Облыста 2 жалпы білім беретін мектепте оқытуды 3 тілде жүргізу жұмыстары жалғасуда. 4 жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілін ерте жастан үйрену эксперименті жүргізілуде. 6 мектепте оқытудың 12 жылдық моделіне көшу апробациясы жалғасып келеді.

2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыстың 637 мектебінің 523-і (жалпы білім беретін мектептер санынан 82%) шағын жинақталған мектеп болып есептеледі, оның ішінде 497-і ауылдық жерлерде.

      Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2011 жылы облыстың Атбасар, Бұланды, Шортанды аудандарында 4 мектеп ресурс орталығы ретінде жұмыс істей бастады. 2011 жылдың 24-29 қазан аралығында магниттік мектептер үшін бірінші сессия жүргізілді.

            Білім беру қызметінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаппай қамту мәселелері шешілуде.

2010 жылмен салыстырғанда 1-11 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту 2010 жылы 62%-дан 2011 жылы 84 %-ға дейін 22 %-ға көбейді.

1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 2010 жылы 30%-дан 2011 жылы 33  %-ға дейін 3 %-ға өсті. 2012 жылдың міндеті - 1-11 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтуды 35 % дейін жеткізу.

2011 жылдың міндеті күнкөрісі төмен отбасының оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтуды 80% қамту болды. Аудандар мен қалалардың есеп беру мәліметтері бойынша 2011 жылы күнкөрісі төмен отбасының оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 85%-н құрады.

            Есеп беру кезеңінде жаппай қамту қорына аударымдар 92,52 млн. теңгеге көбейді. 2011 жылдың  аударымдарының үлесі 267,7 млн.теңге немесе 1,27 %-ды құрады.

            2011 жылдың қыркүйек айында «Мектепке жол» республикалық акциясы жүргізілді. Күнкөрістері төмен отбасынан шыққан 10840 оқушыға қайырымдылық көмек 80,9 млн.теңгеге көрсетілді, осылайша 2010 жылмен салыстырғанда балаларды қамту және көмек сомасы  33,6 млн.теңге көбейді.

      2011 жылы тасумен қамтамасыз ету - 98% құрады, жоспарда 98%. Тасуды қажет ететін 100 адам қамтамасыз етілмеді. (Целиноград ауданында 96-шы разъезден 100 адам Астана қаласының мектептерінде оқиды және олар өз бетінше маршруттық транспортпен жетеді.)

      Тасуды қамтамасыз ету үшін жоспарда 10 бірлік сатып алу керек болса, 2011 жылы транспорттың 10 бірлігі сатып алынды. Облыс бойынша автотранспорт құралдарына қажеттілік 11 бірлікті құрайды және тозығы жеткен автотранспорттардың орнына 5 автотранспорт сатып алу қажет.

Аталған іс-шаралар білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

      8 жылдың ішінде ҰБТ қорытындылары тұрақты оң динамикаға ие. ҰБТ орташа балы облыс бойынша 2011 жылы 81,96 балды құрады, ол өткен жылдың нәтижесіне қарағанда 2,36-ға жоғары (79,6 балл). Жалпы алғанда ҰБТ жүргізу жылдары 30,16 тармаққа көбейді.

            «Алтын белгі» аттестаты иегерлерінің саны өсіп келеді, егер 2010 жылы 98 адам жоғары мектеп наградасының иегері атанса, 2011 жылы 116 адам болды (оның 5 адамы - Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі).

Үздік аттестат алуға 86 үміткердің 55 түлегі алды, ол 64% құрады. 2010 жылмен салыстырғанда үздік аттестатты растау деңгейі 29,7%-ға артты (2010 жылы 99 үміткердің 34 адамы растады, ол 34,3%-ды құрады).

 

            Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім. Облыста ТжКБ ұйымдарының желісі 44 ұйымда ұсынылады, онда жалпы 26044 адам оқиды, оның 13045 адамы (50,3%) бюджеттік негізде оқиды. 5517 адам (21,1%) қазақ тілінде оқиды.

            ТжКБ ұйымдарының жалпы санының ішінде 18 мемлекеттік кәсіптік лицейі мен 26 колледж (12 мемлекеттік және 14 жеке меншік).

Оқыту ауыл және орман шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық шаруашылығы, педагогика, медицина, тау ісі, қызмет көрсету саласы, өнер және мәдениет мамандықтары, энергетика, машина құрылысының технологиясы, транспортты пайдалану және т.б. салалар бойынша 113 кәсіп пен мамандық және 452 біліктілік бойынша жүргізіледі.

            5 кәсіптік лицейдің базасында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ филиалдары жұмыс істейді:

- Степногорск қаласы, №2 КЛ-інде Степногорск қаласы, Заводской кенті, ЕЦ 166/18 филиалы;

- Красный Яр ауылы, №3 КЛ-інде Зеренді ауданы Гранитный кенті ЕЦ 166/25 филиалы;

- Есіл қаласы, №7 КЛ-інде Державинск қаласы, ЕЦ-166/26 филиалы;

- Атбасар қаласы, № 9 КЛ-інде Атбасар қаласы ЕЦ 166/4 филиалы;

- Аршалы кенті,  №14 КЛ-інде ЕЦ-166/5 филиалы.

Оқыту жалпы саны 425 адам санымен жалпы орта білім базасында бюджеттік негізде жүзеге асырылады.

ТжКБ ұйымдарына қабылдау 9662 адамды құрады, оның ішінде 4792 адам (50,4%) бюджеттік негізде, 2109 адам (22%) қазақ тілінде оқытылады.

ТжКБ ұйымдарында бітірушілер 7636 адамды құрады, оның ішінде 3283 адам (43%) бюджеттік негізде, 1317 адам (17,2%) қазақ тілінде оқытылды.

Білім сапасының негізгі көрсеткіші жұмысқа орналасуы және өздерінің жұмыспен қамтылуы болып табылады. 2011 жылы оқуларын аяқтаған соң бірінші жылы жұмысқа орналасқан қамтылған түлетердің үлесі 94,1% құрады (республика бойынша - 88,6%), оның ішінде мемлекеттік тапсырыспен оқығандар жоспарда 95 % болса, 97,5%-ды құрады (республика бойынша - 91,4 %).

            Мамандарды дайындау сапасы артты. Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік тағайындау жөнінде ғылыми-әдістемелік орталығы Ақмола филиалының жүргізген тестілеу қорытындысы бойынша 2011 жылы біліктіліктерін растаған оқушылар пайызы 87% құрады. Сертификатты 4152 адам алды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру аясында бірінші бағыты - «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» бөлігінде кәсіптік оқытумен 1490 адам жоспарланды, оның ішінде:

-          кәсіптік дайындыққа 520 адам;

-          қайта даярлауға 650 адам;

-          біліктілігін арттыруға 320 адам.

Нақты оқуға 1492 адам жіберілді (100,1%). Оқыту жолдамалары бойынша жағдайлар келесідей:

1. Кәсіптік дайындықпен 22 оқу орындарында 520 адам қамтылды (жоспардан 100%).

2. Қайта даярлаумен 718 адам қамтылды (жоспардан 111%). Қайта даярлаумен қамтылған 718 адамның 650 адам оқуларын аяқтады (91%), оның 421 адам (64,8%) жұмысқа орналасты. 2012 жылы оқуларын 68 адам жалғастыруда (желтоқсан айында қосымша қабылданғандар). Оқуларын 2012 жылы наурызда аяқтайды.

3. Біліктілігін арттырумен 254 адам қамтылған (жоспардан 79,4%). Біліктілігін арттыруға жіберілген 254 адамның 233 ада оқуын аяқтады (92%), оның 178 адамы (76,7%) жұмысқа орналасты. Қалған 21 адам оқуларын 2012 жылғы ақпан айында аяқтайды.

60 мамандық бойынша кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын 29 ТжКБ мемлекеттік оқу орыны жұмылдырылды.

2009, 2010 жылдары Жол картасын іске асыру аясында 1134 адам қабылданды, 46 адам оқудан шығып кетті, 643 адам бітіріп шықты, 445 адам (колледждерде) 2011-2012 оқу жылы оқуларын жалғастырып жатыр, оның 249 адамы оқуларын 2012 жылы аяқтайды.

            Мемлекеттік-жеке меншік ынтымақтастықты дамыту жұмыстарын үйлестіру мақсатында Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № А-5/203  қаулысымен Техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды дайындау жөнінде аумақтық кеңес құрылды. Жұмыс органы білім басқармасы болып табылады.

            Кеңестің негізгі мақсаты кәсіпорындар, кәсіпкерлердің ассоциациялары, кәсіптік білім беру орындары, сонымен қатар мүдделі ведомстволар: білім басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы, ауылшаруашылық  өкілдерінің қатысуымен ТжКБ кадрларын дайындау бойынша жұмыс берушілермен ынтымақтастық болып табылады.

            Үстіміздегі жылғы 29 маусымда «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер сұхбаты» ІІ-ші өңірлік форумы болды, онда экономика салаларының болжамды қажеттіліктері бойынша кадрларды дайындау мәселелері қарастырылды. Форум аясында «Агромашхолдинг» АҚ, «ENKI» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар мен білім басқармасы арасында өзара түсіністік және стратегиялық  ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылды, сонымен қатар кәсіптік білім беру орындарының көрмесі ұйымдастырылды, үздік әлеуметтік серіктестерді марапаттау, жас маманға жолдама табыстау акциясы жүргізілді.

            Жоғарыда көрсетілген бірлескен жұмыстардың мазмұны бойынша Ірі кәсіпорындар мен білім басқармасының арасында меморандумдар жасалады, оны іске асыру аясында ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және кәсіпорындар үшін кадрларды дайындау мәселелері шешіледі.

Қазіргі уақытта 61 меморандумның 50-іне (81,9%) қол қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Қол қойылған меморандумдар әлеуметтік серіктестермен жұмыс жүргізудің бірінші кезеңі болып табылады.

Екінші кезеңде жұмыс беруші, оқу орны және оқушылар арасында үшжақты келісім-шартқа қол қою жүзеге асырылады, онда тәжірибеден өтуге орындар ұсыну жағдайлары және ТжКБ ұйымдары түлектерінің жұмысқа орналасуы айтылуы тиіс. 2011 жылы 1234 үшжақты келісім-шартқа қол қойылды.

2011 жылы жергілікті бюджет есебінен материалдық-техникалық базасын нығайтуға ТжКБ 14 ұйымына 94,963 млн.теңге бөлінді. РБ есебінен МТБ нығайтуға 2 кәсіптік лицейге  50 млн.теңге бөлінді.

ТжКБ 4 мемлекеттік ұйымына күрделі жөндеу жүргізуге 2011 жылы жергілікті бюджеттен 82,9 млн. теңге бөлінді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардан басқа, ТжКБ дамытуды тежеп тұрған маңызды мәселелер бар, оларды ТжКБ бөлігінде 2020 жылға дейін білім беру бағдарламасында 2-ші кезеңде және одан әрі шешу қажет, атап айтатын болсақ:

            - оқып жатқан жастарға қажетті жағдайлар жасау мақсатында іс-әрекеттегі ТжКБ ұйымдары жанынан 10 жатақхана салу қажет, оған қосымша 4 млрд. теңге (жыл сайын 400 млн. теңге) қажет;

            - кәсіптік білімнің қол жетімділігін кеңейту мақсатында кәсіптік лицейлері жоқ 5 ауданда олардың филиалдарын құру, оған 1,25 млрд.теңге қажет;

            - шеберханалар, зертханалар мен арнайы пән кабинеттері үшін жабдықтар сатып алу және оқу-материалдық базасын нығайту, оған қосымша 1,0 млрд. теңге (жыл сайын 100 млн. теңге) қажет;

            - 2,0 млрд. теңге көлемінде қосымша салымдарды талап ететін күрделі жөндеулер жүргізу (жыл сайын 200 млн.теңге);

- техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын дайындау процесіне бизнесті, жеке секторларды тарту деңгейінің төмендігі;

- техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарында индустрия салаларына қажеттіліктің шынайы болжамының болмауы.

 

Кадр жұмыстары жөнінде. Ақмола облысының білім беру ұйымдарында 20711 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді. Оның мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жүйесінде -2546, орта білімде - 14051 (республика бойынша - 286370), техникалық және кәсіптік білімде - 2169, қосымша білімде - 682, арнайы білімде - 131 және басқалары - 1132 (орталықтар, кешкі мектептер, НЗМ, ведомстводан тыс мекемелер) педагог жұмыс істейді.

Оның ішінде білімдері бойынша:

- жоғары білімі бар 15703 (75,8%), оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде  - 11419    81,3%, республика бойынша - 250290 (87,4%);

- орта кәсіптік білімі бар 4547 (22%), оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде           -2399 (17,1%),            республика бойынша -33572 (11,7%).

- жалпы орта білімі бар 461 (2,2%), оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде  - 233 (1,6%), республика бойынша - 692 (0,2%).    

            Санаттары бойынша:

- жоғары санатты - 2949 (14,2%),   оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде - 1884 (13,4 %), республика бойынша - 43623 (15,2%);

- бірінші санатты 5416 (26,1%), оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде  - 4123 (29,4%), республика бойынша - 87876 (30,7%);

- екінші санатты 5932 (28,6%), оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде -4349 (30,9%)  республика бойынша - 83104     (29,0%);

- санатсыз 6414 (30,9%), оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде        -3695 (26,3%),           республика бойынша -71767 (25,1%).

            Бүгінгі күні облыстың мектеп басшылығы сағаттарды бөлу және жұмысқа қабылдау барысында педагогикалық кадрлардың кәсіптік дайындығы деңгейіне қойылатын талаптарды ескеруге тырысады.

            Сапалы оқыту-тәрбиелеу үдерісі үшін білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі өте маңызды.

            Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде педагогикалық кадрларға қажеттілік 2009 жылы педагогтардың жалпы санының 272 адамын (1,9 %) құрады. 2011 жылы қажеттілік 62 адамды (0,4 %) құрады.

            2011-2012 оқу жылына жас мамандарды тарту үшін республикалық бюджеттен Ақмола облысы үшін 501612,0 мың теңге көлемінде ақша қаражаты бөлінді, оның ішінде көтерме ақы төлеуге 69 870,0 мың теңге, тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдауға - 431 742,0 мың теңге.

            2011-12 оқу жылы Ақмола облысының білім беру ұйымдарына 374 жас маман келді, оның ішінде жоғары білімді 201 маман, техникалық орта және арнайы біліммен 173 маман.

Грант бойынша ЖОО бітірген 58 жас маман міндетті түрде 3 жыл жұмыс істеу үшін ауылдық квота бойынша және 316 жас маман «Дипломмен ауылға» акциясы бойынша жіберілді.

2011 жылы ауылдық елді мекендерге дипломы бар 300 жас маман тартылды.

            2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 112 жас маман көтерме ақы алды (11854,080 мың теңге), 52 маман көтерме ақы алу үшін қажетті құжаттарын ұсынды, 20 маман жеңілдетілген несие алып, тұрғын үй сатып алды.

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит қарастырылған.

 

Педагогикалық кадрларды дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру. 

Ақмола облысында орта буынның 8 мамандығы педагогикалық кадрларын дайындауды Көкшетау қаласы, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледж және Щучье қаласы, педагогикалық колледжі айналысады. 2011 жылы 405 мұғалім шығарылды  (2010 жылы - 302).

Білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының базасында жүргізіледі.

 2011 жылы мектепке дейінгі және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру курстарынан  мемлекеттік тапсырыс бойынша 3000 адам,  оның ішінде 12 жылдық мектептің бағдарламалық-әдістемелік бірлестігіне сәйкес 1592 адам өтті.

            Материалдық-техникалық базаны нығайту мен құру. Ақмола облысында 2011 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 35 білім беру ұйымына 974 458,6 мың теңге көзделді және жұмсалды, оның ішінде:

-облыстық бюджеттен 779 653 мың теңге;

-аудандық және қалалық бюджеттерден 194 805,6 мың теңге.

             Оның нәтижесінде:

            18 жалпы білім беретін мектеп-417 784,6 мың теңгеге;

            2 облыстық мектеп-интернат - 31 729,0 мың теңгеге;

            9 балабақша - 387 613,0 мың теңгеге;

            2 қосымша білім беретін ұйым-42 604,0 мың теңгеге;

            3 ТжКБ-79 728,0 мың теңгеге;

            1 арнайы білім беру ұйымы-15 000,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

            Нәтижесінде білім беру ұйымының 6025 оқушысы үшін оқыту жағдайы жақсарды, оның ішінде:

жалпы білім беретін мектептердің 3138 оқушысы;

облыстық мектеп интернаттардың 571 оқушысы;

жұмыс істейтін бала-бақшалардың 720 оқушысы;

қосымша білім беретін ұйымдардың 371 оқушысы;

ТжКБ 1225 оқушысы.

2011 жылғы 05 желтоқсан мен 2011 жылғы 12 желтоқсан аралығында Астрахан ауданы Жамбыл ОМ жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бұдан басқа, Есіл ауданы Курское с. балабақшаның инженерлік жүйесінде күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға ОБ 23 928 мың теңге (ІІ-кезең) бөлінді.

2011 жылы РБ қаражаты есебінен 5 білім беру ұйымының құрылысын аяқтау және пайдалануға беру жоспарланды, жалпы сметалық құны 2983,9 млн.теңгені құрайды, оның ішінде:

-1020 орынға 2 жалпы білім беретін мектеп, құны 1935,4 млн. теңге;

Аршалы ауданы Жібек Жолы а. сметалық құны 1427,9 млн. теңге болатын 600 орындық ОМ;

Есіл ауданы Есіл қ. сметалық құны 507,5 млн. теңге болатын 420 орындық ОМ, оның ішінде 185,5 млн. теңге ЖБ.

Құны 1127,4 млн. теңгені құрайтын 740 орындық 3 балабақша.

Целиноград ауданы Қабанбай батыр  а. сметалық құны 484,7 млн.теңгені құрайтын 320 орындық балабақша;

Бұланды ауданы Макинск қ. сметалық құны 223,4 млн. теңге болатын 140 орындық балабақша;

Степногорск қ. 419,3 млн. теңге болатын 280 орындық балабақша.

5 объектінің 3-уі аяқталды (Аршалы ауданы Жібек Жолы а. 600 орындық ОМ, Бұланды ауданы Макинск қ. 140 орындық балабақша; Целиноград ауданы Қабанбай батыр  а. 320 орындық балабақша).

Степногорск қ. 280 орындық балабақша және Есіл ауданы Есіл қ. 420 орындық ОМ бойынша жұмыс кестесінің бұзылуына байланысты нысандарды қабылдау кейінге қалдырылды.

Астана қ. жақын жерде орналасқан елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында 2011 жылы Целиноград ауданы Қоянды с. 900 орынға ОМ салу бойынша жұмыстар басталды.

Бұдан басқа, 33 млн. теңгеге 1120 орынға 5 балабақша салуға ЖСҚ әзірленді, оның ішінде:

Жібек Жолы а. 140 орынға (4,5 млн. теңге)

Қосшы а. 280 орынға (8 млн. теңге)

Қоянды а. 280 орынға (8 млн. теңге)

Талапкер а. 280 орынға (8 млн. теңге)

№96-шы разъезде 140 орынға (4,5 млн.теңге).

2012 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық бюджет трансферттері есебінен облыстағы мектептерге арналып 122,9 млн.теңгеге 30 биология кабинетін, 149,6 млн.теңгеге 27 лингафондық-мультимедиалық кабинетін жеткізу жүргізілді.

            Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 11,9 млн.теңгеге 3 физика кабинетін, 8,8 млн.теңгеге 2 лингафондық-мультимедиалық кабинетін және 22,6 млн.теңгеге 6 биология кабинетін жеткізу жүргізілді.

Тәрбие жұмысы мен балалықты әлеуметтік қорғау. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 3223 бала бар, олардың ішінде:

-925-і жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында;

-денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау ұйымдарында -82;

-1815-і қамқорлықта (қорғаншылықта) және патронаттық тәрбиеде;

-балалар үйлері түлектерінің ішінен ТжКБ білім беру ұйымында 401 оқушы.

2011 жылғы қаңтардан бастап 84 бала асырап алынды, олардың ішінде 74 баланы ҚР азаматтары, 10 баланы шет ел азаматтары асырап алды.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны 5685 құрайды (0-18 жастағы балалар), оның ішінде 2005-і мүгедек бала.

Дамуында мүмкіншіліктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерді оқшаулау мен әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында облыста 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, 7 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 1 түзету және инклюзивтік білім беру кабинеті, 4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты, 1 мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған балалар үйі және 64 арнайы сынып жұмыс істейді.

Жалпы білім беретін мектептерде логопунктердің саны 34-тен 38-ге  артты.

Санаторлық типтегі облыстық «Жұлдыз» санаторлық мектеп- интернатында (Бурабай ауданының Зеленый бор к.) 127 бала тұрады және оқиды.

Облыста 18051 баланы қамтитын қосымша білім беретін 60 ұйым жұмыс істейді (16 аулалық клуб пен 2 мемлекеттік емес ұйымды есепке ала отырып), бұл оқушылардың жалпы санынан 17,1 %, БЖСМ есепке алғанда 29640 баланы (27,1 %) құрайды.

Бұдан басқа, 74160 оқушы білім беру ұйымдарындағы үйірмелер мен секцияларға қатысады, бұл 68 %-ды құрайды.

Балаларды мемлекет пен қоғам өміріне қатыстыру, сөз бостандығына құқықтарын және өз ойларын айта алуын қамтамасыз ету, қоғамдық белсенділікті дамыту, оның жасына сәйкес келетін ақпаратты алу мен тарату, қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен қатысуын қамтамасыз ету мақсатында техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарда аудандардағы (қалалардағы) мектептерде 154 балалар газеті мен 22 жасөспірімдер газеті; 94157 баланы қамтитын 516 балалардың қоғамдық ұйымы жұмыс істейді.

ТжКБ ұйымдарындағы 2674 оқушы (жалпы саннан 10,3 %) жастар бірлестіктеріне және 8267 оқушы (32 %) үйірмелер мен секцияларға қатысады.

Жазғы демалыспен, жұмыспен және сауықтырумен 2011 жылы оқушылардың 98 %-ы қамтылды.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 1909 оқушыны қамтитын 84 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді.

Білім беру ұйымдарында мұражайларға төлқұжат беру жұмыстары жүргізілді және білім басқармасының есебінде барлығы 147 мұражай тұр. Олардың ішінде 132-і жалпы білім беретін мектептер жанынан жұмыс істейді, ТжКБ-10, интернатты ұйымдар жанында-5.

2011 жылғы 3 желтоқсанда «20 жұлдызды шыңды» мерекелеу аясында «Болашақ» күні Ақмола облысында 1000 мектеп оқушысы «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы  республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына қабылдау рәсімі өткізілді.

Бірлестіктің мақсаты өскелең ұрпақты қазақ халқына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік негізінде Отанның патриоттары болуға, Отанының тарихына қатысы бар екеніне, Тәуелсіз Қазақстанның қазіргісі мен болашағына және жауапкершіліктің жоғары сезімімен өмірде үйлесім табуға тәрбиелеу болып табылады.

Ақмола облысында 122 білім беру ұйымдарынан «Жас Қыран» звеносына 1-4 сынып оқушыларынан 300 оқушы, «Жас Ұлан» жоғары звеносына 5-11 сынып оқушыларынан 700 оқушы қабылданды. Бұл облыстың үздік оқушылары - оқу озаттары, облыстық, республикалық және халықаралық зияткерлік, спорттық байқаулардың жүлдегерлері.

 

              Облыстық бюджеттің орындалуы

            2011 жылға қаржыландыру жоспары 9913654,9 млн. теңгені құрады, орындалу 9890211,0 млн. теңге немесе 99,8 % құрады, 2010 жылмен салыстырғанда (95,3%)  орындау пайызы 4,5 тармаққа өсті.

            Игерілмеген сома барлығы 23,0 млн.теңгені құрайды (17,2 млн.теңге -РБ трансферттері), оның ішінде:

             

14,2  млн.теңге  -  сома 2012 жылға көшкен болып есептеледі және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 2011 жылы қабылданған 89 білім алушылардың төлеміне пайдалануға және 2012 жылы оқуларын жалғастырушыларға жұмсалатын болады;

0,9 млн.теңге - пайда болған үнемдеу, осыған орай «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша білім алушылардың жолақысы мен тұру ақысына төлем факті бойынша жүргізілді (РБ қайтаруға жатады).

            5,8 млн.теңге - мемлекеттік сатып алулар нәтижелері бойынша үнемдеу;

            2,1 млн.теңге - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 5 жылға дейін жұмыс өтілі бар мамандарға біліктілік санаты үшін қосымша ақы қарастырылмаған (қаулы жобасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының барлық оқытушыларына қосымша ақы төлеу қарастырылған, алайда ҚРҮ-нің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізгенде  барлық оқытушыларға біліктілік санаты үшін қосымша ақы қарастырылмады, РБ қайтаруға жатады).

 

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: Көкшетау қ., Абай көшесі, 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44
ФАКС: 8 (7162) 29-73-10
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akim@akmo.kz
на верх страницы