Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы

2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды, тұрғын үй құрылысын дамытудың стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру. 
Сумен және сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету мәселелері.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері.
Көліктік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері. 
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жетілдіру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру мәселелері.
Энергетика және коммуналдық қызмет, энергия үнемдеу мәселелері.
Табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін реттеу мәселелері.
 Стандарттау мәселелері.

 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауд министрлігі Технологиялық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша депатаментімен, Ақмола облысы бойынша көлік бақылау инспекциясымен, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергия бақылау комитетімен, «АЭТК» АҚ-мен, «Көкшетау-Энерго» ЖШС-мен, «Қазақтелеком» АҚ облыстык телекоммникация дирекциясымен, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ филиалы - Ақмола тасымалдау бөлімшесімен, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облыстық департаментімен, «Сараптау және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ филиалымен, «Қазақавтожол» РМК-мен, «Көкшетауқалаауылжоба» ЖИ ЖШС-мен, «Көкшетау» авиакомпаниясы» АҚ-мен, «Астана Су» РМК бірлесіп жұмыс жүргізеді. 

Ақмола облысы құрылыс басқармасының, Ақмола облысы сәулет және қалақұрылысы басқармасының, Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, Ақмола облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының, облыс әкімі аппараты өндірістік салаларды талдау бөлімінің жұмыстарын үйлестіреді.

Сәулет-қала құрылысы кеңесін, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияны, тұрақты түрдегі облысішілік қаламаңы, қалааралық және елді мекендерді байланыстыратын: кенттерді, ауылдарды (селоларды) бір-бірімен және облыстың бір ауданынан тысқары аудан орталықтарымен, сондай-ақ облыс орталығы – Көкшетау қ., Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қ. жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдауға қызмет көрсету құқығына конкурстық ұсыныстарды қарау, оларды бағалау және конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссияны басқарады.

                                                                                                            Өмірбаян

                                                                               Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 

Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы, 1963 жылы туған, білімі - жоғары, 1986 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Целиноград инженер-құрылыс институтын, 2006 жылы заңтану бакалавры мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.  
Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысының «Изобильный» кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1980-1986 жылдары инженер-құрылыс институтының студенті, 1986 жылы Қорғалжын к. АПТУ-21 оқытушы болып жұмыс істеді. 1986-1987 жылдары Ақмола облысы, Бестөбе руднигі, Бестөбе АКП жабдықтау жөніндегі инженері; 1987 жылдан бастап – Целиноград жүк автобасқармасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің тех.қадағалаушысы, инженері; 1991 жылдан бастап – «АПС» МЧП директоры; 1994 жылдан бастап – байланыс автобазасының директоры; 2001 жылдан бастап - «Горкоммунхоз» МКК басқармасы директорының орынбасары, одан кейін директоры; 2006 жылы «Астана Горкоммунхоз» АҚ басқармасының төрағасы; «Кредит Құрылыс НС» ЖШС директорының орынбасары.  
2008 жылы – «Астана Горкоммунхоз» басқармасының төрағасы; 2009 жылдан бері Ақмола облысы әкімі орынбасарының лауазымын атқарады, ТҮКШ, құрылыс саласын қадағалайды.  
«10 жыл Астана» мерейтой медалімен марапатталған.

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: Көкшетау қ., Абай көшесі, 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44
ФАКС: 8 (7162) 29-73-10
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akim@akmo.kz
на верх страницы