Ахметов Ербатыр Қасенбайұлы

 

1961 жылы 10 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сарытомар ауылында дүниеге келді.

Қазақ.

Әкесі-Ахметов Қасенбай (1916-1961ж.ж.) тракторлық-егіс бригадасының бригадирі болып жұмыс атқарды, депутатқа сайланды, ҰОС қатысушы (дүниеден озған).

Анасы-Ахметова Жаңыл (1925-2006ж.ж.) механизатор болып жұмыс істеген (дүниеден озған).

Мәскеудің Еңбек Қызыл Ту ордені жерге орналастыру инженері институтын (1989жылы) бітірді – инженер-жерге орналастырушы, Мәскеу қаласы.

Қарағандының заң академиясын (2006жылы) бітірді – заңгер, Қарағанды қаласы.

17.09.1979ж.-29.10.1979ж.- СҚО, Булаев ауданы, «Молодежный» кеңшарының жұмысшысы.

1979-1981ж.ж.- КСРО Қарулы күштерінің қатарында, Привольжск әскери округінің химиялық қорғану Саратов Жоғары Әскери Училищесінің жанындағы оқу процесін қамтамасыз ету батальонында әскери борышын өтеді.

08.02.1982-19.09.1982ж.ж.- СҚО, Булаев ауданы, Булаев АТЭП жүргізуші, жүргізушілер курсын бітірді.

1982-1983ж.ж.- СҚО, Булаев ауданы, Молодежный кеңшарында жұмысшы, токарь оқушысы.

1983-1984ж.ж.- Мәскеудің Еңбек Қызыл Ту ордені жерге орналастыру инженері институтының дайындық бөлімшесінің тыңдаушысы, Мәскеу қаласы.

1985-1989ж.ж.- Мәскеудің Еңбек Қызыл Ту ордені жерге орналастыру инженері институтында оқыды, Мәскеу қаласы.

1989-1992ж.ж.- «Целингипрозем» Көкшетау филиалының инженер-жерге орналастырушысы, Көкшетау облысы, Көкшетау қаласы

1992-1993ж.ж.- Көкшетау облысы, Көкшетау қаласы жер қатынастары және жерге орналастыру бойынша Көкшетау облыстық комитетінің жетекші маманы.

1993-1996ж.ж.- Көкшетау облысы, Көкшетау қаласы, «Көкшетау Жер» Шағын мемлекеттік кәсіпорын директоры.

1996-2000ж.ж.- «Жер» ЖШС директоры, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.

2000-2001ж.ж.- ҚР жер ресурстарын басқару бойынша Агенттігінің жерді пайдалану және қорғаудың мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы, Астана қаласы.

2001-2005ж.ж.- Жер ресурстарын басқару бойынша Ақмола облыстық комитеті төрағасының орынбасары, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.

2005-2008ж.ж.- Жер ресурстарын басқару бойынша ҚР Агенттігінің жер ресурстарын басқару бойынша Ақмола облыстық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.

2008-2009ж.ж.- Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша Аймақаралық жер инспекциясының Ақмола облысындағы жерді қорғау және пайдалануды мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.

2009жылдан осы уақытқа дейін Ақмола облысы жер қатынастары Басқармасының бастығы.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 25.08.2005ж. № 1633 Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталды.

Әскери шені-запастағы аға лейтенант.

Діни көзқарасы-исламды ұстанады.

Әуес ісі-футбол, шахматтан 1 разряд, автомобиль ұнатады.

Әдебиет оқу- көшпенділердің тарихи тұрмысы, өмір тіршілігі.

Әйелі-Ахметова Айгүл Елубайқызы, (1975ж.т.) жұмыс істемейді.

Қыздары-Диана (2001ж.т.), Қалима (2008ж.т.).

 

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: Көкшетау қ., Абай көшесі, 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44
ФАКС: 8 (7162) 29-73-10
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akim@akmo.kz
на верх страницы