Қостанай облысы Рудный қаласында 1970 жылдың 2 мамырында дүниеге келді.

1994 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Көкшетау ауыл шаруашылық институтын, 1996 жылы Алматы қ. Республикалық салааралық есеп және статистика институтының филиалын бітірген, бухгалтер-экономист.
         Еңбек өтілін 1988 жылы №1 Көкшетау автокөлік кәсіпорнында темір ұста болып бастады. Содан кейін Көкшетау автомеханикалық техникумында, Қарағанды политехникалық және Көкшетау ауыл шаруашылық институттарында оқыды. Одан әрі Игілік-банк КАБ Көкшетау филиалында, коммерциялық құрылымдарда экономист, менеджер болып жұмыс істеді.

1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Инвестиция, салалық және салааралық саясат бөлімінің бас маманы, Ақмола облысы инвестициялық саясат және сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, Ақмола облысы экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы бастығының орынбасары, Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Ақмола облысы қаржы департаменті директорының орынбасары, Ақмола облысының әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

2008 жылдан бастап Ақмола облысы қаржы басқармасының бастығы болып жұмыс істейді.

Үйленген. Үш баласы бар.

 

Наградалары:  «Ерен еңбегі үшін» медалі

                         «10 жыл Астана» медалі

                         «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі

 

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: Көкшетау қ., Абай көшесі, 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44
ФАКС: 8 (7162) 29-73-10
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akim@akmo.kz
на верх страницы