ӨМІРБАЯН
1965 жылы 24 наурызда Жамбыл қаласында туды. Ұлты - қазақ. Әкесі - Пернеш Сәдуақасұлы (1940 ж/т), зейнеткер, ҚазКСР жеңіл өнеркәсібінің құрметті қызметкері, зейнеткер. Анасы - Қожамжарова Әтіркүл Кенжеғұлқызы (1944 ж/т), зейнеткер. 1987 жылы А.А. Жданов атындағы Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді, мамандығы - заңгер. Еркін күрестен спорт шеберлігіне кандидат. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 1987 жылы прокурордың тағылымдамашысы болып бастады. 1988 жылдан бастап - Жамбыл облыстық прокуратурасы Центральный ауданы прокурорының көмекшісі, 1990 жылдан бастап - тергеуші, 1991 жылы - Жамбыл облысы Зауыт ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, 1992 жылы - Жамбыл қ. аса қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, 1993 жылдың ақпан айынан бастап - аға прокурор-криминалист, 1993 жылдың қараша айынан бастап - Жамбыл облысы қасақана адам өлтіруді әшкерелеу бөлімінің бастығы, 1995 жылдан бастап - Жамбыл облыстық прокуратурасы тергеу және анықтауды қадағалау басқармасының аға прокуроры; Қорғас КЕБ және контрабандамен күресті ұйымдастыру бөлімінің анықтаушысы, 1997 жылдан бастап - Қорғас кеденінің экспорттау-импорттау операцияларын бақылау бөлімінің бастығы, 1998 жылдан бастап - Қорғас кедені бастығының орынбасары, 1999 жылдан бастап - ҚР МКМ Салық полициясы комитеті 2-ші Бас басқармасы 3-ші бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап - басқарма бастығының орынбасары - ҚР МКМ СПК Бас тергеу басқармасы тергеу бөлімінің салық салу саласындағы қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, 2000 жылдың қараша айынан бастап - ҚР МКМ СПК Бас тергеу басқармасы бастығының орынбасары, 2001 жылдан бастап - ҚР ҚПА Тергеу және анықтау департаменті Тергеу басқармасының бастығы, 2002 жылдан бастап - Алматы қ. бойынша ЭҚСЖКД тергеу жұмыстары жөніндегі бастықтың орынбасары, 2004 жылдан бастап - Ақтөбе облысы бойынша ЭҚСЖКД бастығы, 2007 жылдан бастап - ҚР ЭҚСЖКА төрағасының орынбасары, 2008 жылдан 2012 жылдың қаңтар айына дейін - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының лауазымдарын атқарды.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен (2006), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» мерейтой медальдарымен (2008), «Үздік қызметі үшін» (2006), «Қазақстан полициясына 15 жыл» (2007), қаржы полициясы құрылуының 10 жылдығына орай төс белгілерімен (2004), ҚР Қаржы полициясы агенттігінің құрмет грамоталарымен (2002, 2003) марапатталды. 2004 жылы «Заң газеті» басылымының тануы бойынша «Жыл адамы» атағына ие болды.
Қаржы полициясының генерал-майоры.
Саяси қызметтегі идеалы - Назарбаев Н.Ә.
Қазақстанның болашағына қатысты болжамы - «Гүлденген зайырлы құқықтық мемлекет».
Шұғылдануы - спорт
Әдеби құлшынысы - А. Құнанбаев, Ш. Айтматов, Дж. Неру, Л.Н. Гумелев.
Үйленген. Жұбайы - Аханова Салтанат Мұзарафқызы (1965 ж/т), экономист- тауартанушы. Ұлдары - Елнар, Жанайдар, Бексұлтан, қызы - Жанел.