БИЗНЕС

Сауда және баға жағдайы 

Ақмола облысының тауар өндірушілердің реестрі

«Қазақстанның үздік тауары»  көрме-конкурсы 

Құзыретті мемлекеттік органдардың мекенжайларын және байланыс телефондарын көрсетумен агроөнеркәсіптік кәсіпорындары кешендеріні субсидиялау, бизнесті және ауыл халқын несиелеу, ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтарының лизингі туралы ақпарат; «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ - 2020» 1.Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау 2.Кәсіпкерлік секторды сауықтыру 3.Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету 4.Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту

Құзыретті мемлекеттік органдардың мекенжайларын және байланыс телефондарын көрсетумен агроөнеркәсіптік кәсіпорындары кешендеріні субсидиялау, бизнесті және ауыл халқын несиелеу туралы ақпарат

Бизнесті қорғау 

Мамандандырылған ұйымдардың байланыс деректерін көрсетумен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өңдеу және іске асыру тәртібі туралы ақпарат

Заңмен және басқадай нормативтік актілермен сәйкес қарауға органмен қабылданған мәлімдемеленген құжаттардың нысандарын орналастырумен рұқсат беру әрекеттерін (лицензиялау, аккредитациялау, тіркеу және т.б) мемлекеттік органмен жүзеге асырудың тәртібі

  2012 жылдың 1 қаңтарына ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша облыста шамамен 29,5 мың шағын және орта бизнес субъектілері (бұдан әрі -ШОБ) белсенді әрекет етеді, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,6 % өсті. 
Белсенді субъектілердің құрылымында жеке кәсіпкерлердің үлесі 78 % (23 мың), шаруа қожалығы - 14% (4,0 мың), шағын бизнестің заңды тұлғалары 7 % (2 мың), орта бизнестің заңды тұлғалары 2% (0,4 мың) басым.
Шағын және орта бизнес саласында 120,9 адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен кезеңнен 1,8% артық.
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары бойынша орта бизнес кәсіпорындарында 44 мың адам немесе жалпы жұмыспен қамтылғандар санының 37 %, ЖК - 38 мың адам (31% ), шағын бизнестің заңды тұлғалары 28 мың адам (24%), ШҚ 10 мың (9 %) айналысады.
ШОБ субъектілері 7,7 % өсіп, 257,5 млрд.теңгеге өнімдер өндірді, қызметтер көрсетті.
Орта бизнестің заңды тұлғалары 65% немесе 166,3 млрд. теңгеге, шағын бизнестің заңды тұлғалары 15%, жеке кәсіпкерлер 9%, шаруа қожалықтары 12% өнімдер өндірді.
Ағымдағы кезеңде 7108 жаңа жұмыс орындары құрылды. 90-ға жуық шағын және орта бизнес объектілері пайдалануға берілді.
Аудандар мен қалаларда шағын және орта бизнес объектілеріне пәтерлерді қайта жоспарлау және қайта жабдықтауға 119 тегін рұқсат берілді.
Облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржылай-несиелік қолдауы екінші деңгейдегі банктер филиалдарының, «Даму» к»сәпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «АгроНесиелік Корпорациясы» АҚ, ауылдық несиелік серіктестік, шағын несиелік ұйымдардың желісімен берілді.
Банктік сектор екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалымен берілді.
Нәтижесінде, 2011 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 13,0 млрд.теңге сомасына несие, оның ішінде екінші деңгейдегі банктермен - 10,6 млрд.теңге берілді.
«Агронесиелік корпорациясы» АҚ филиалы көктемгі-егістік жұмыстарға ауылдық несиелік серіктестіктермен шамамен 1,2 млрд.теңге сомасына 120 қарыз алушыға несие берілді, бұл салыстырмалы кезеңнен 1,5 есеге артық.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шамамен 744,1 млн.теңге сомасына 440 заем (өтелген қаражаттан шамамен 250,0 млн.теңгеге 500 шағын несие берілді).
Шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуын қолдау мақсатында «Даму-Аймақтар 2» бағдарламасы іске асырылды, оларға облыстық бюджеттен 100,0 млн.теңге бөлінді, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаражатынан - 448,3 млн. теңге. Барлығы 548,3 млн.теңге. бөлінген қаражат толық көлемде игерілді. 13 кәсіпкер, оның ішінде 4 әйел қаржыландырылды.
Жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша 89-ға жуық жаңа жұмыс орыны құрылды.
Шағын кәсіпкерлікке ақпараттық қолдауды 13 бизнес-орталық, «Казагромаркетинг» АҚ өкілі, 6 консалтингтік фирма, 17 ауылдық ақпараттық кеңестік орталық, 8 кәсіпкерлікті қолдау орталығы, 49 кәсіпкерлер қауымдастығы мен қоғамдық бірлестіктер, 39 шағын бизнес адвокатурасы, 2 орталықтандырылған бухгалтерлік қызметтер қызмет көрсетеді.
Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының базасында қызмет ететін, кәсіпкерлерді қолдау орталығының консультанттары халыққа ақпараттық және консалтингтік қызметтерді тегін көрсетеді.
Облыс әкімдігінің жанынан және аудан (қала) әкімдіктерінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестер құрылды, бұл кәсіпкерлерге мемлекеттің норма-творчестволық қызметіне қатысуға мүмкіндік берді.
Қолайлы іскери және инвестициялық жағдай құру мақсатында облыста жергілікті деңгейде рұқсат беру рәсімдерінің оңтайландыруы жүргізілді. оның қортыныдылары бойынша 2010 жылы жергілікті деңгейдегі 10 рұқсат беру рәсімі (әкімдіктер мен мәслихаттардың қаулылары және шешімдері) анықталды.
Бұл жергілікті атқарушы органдардың НҚА реалмент жасалатын, рұқсат беру рәсімдерінің жалпы санының 40% құрады.
«Көкшетау қаласының аумағын абаттандыру және қалалық инфрақұрылымның объектілерін қамту ережесінің күшін жою туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 12.10.2010 жылғы №С-39/23 шешімімен («Көкшетау қаласының аумағын абаттандыру және қалалық инфрақұрылымның объектілерін қамту ережесін бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының ІІ сайланымның 21-кезекті сессиясының 14.02.2002 жылғы №С-21/12 шешімі) - 4 рәсім күшін жойды, нақтырақ, көшелерде палаткалар, дүкеншілер, киосктар, лотоктар орнатуды келісу; құрылыстарды көшіруге рұқсат беру; тұрмыстық қоқыстарды жинау үшін алаңдар орналастыруды келісу; рынок жұмысының сағаттарын келісу.
«Көкшетау қ. тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бір рәсім оңтайландырды, жасыл отырғызуларды көшіруге, отырғызуға рұқсат беру рәсімі 5 жұмыс күніне қысқартылды.
Бизнеске әкімшілік жүкті төмендету мақсатында облыс әкімінің ақпараттық порталында облыс әкімдігінің электрондық мемлекеттік қызметтері орналастырылды, онда бизнес үшін рұқсат ету рәсімдерінің толық тізімі, олардың нормативтік базасы, рұқсат беру рәсімдерінен өту жолдары, рұқсат берулер мен лицензиялар алу үшін қажетті құжаттардың тізімі мен үлгілері көрсетілген.
Ұқсас ақпарат тиісінше мемлекеттік мекемелердің стендтерінде орналастырылды.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметін жандандыру және кәсіби арттыру үшін Басқарма ағымдағы жылдың сәуір айында ҮИИДМБ, БЖК-2020, «Өнімділік-2020» бағдарламаларын іске асыру мәселелері талқыланған, облыс әкімінің қатысуымен 2 бизнес-форум өткізілді.
А.ж. 18 мамырда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша кезекті бизнес-семинар өткізілді.
Ағымдағы жылдың 23 маусымында «Қазақстанның халық банкі» АҚ филиалында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Даму» КДҚ» АҚ АФ бірге «Шағын бизнес үшін несиелер» тақырыбына бизнес-семинар өткізді. Осы семинар өткізу барысында «Даму» қорының, «БЖК-2010», сондай-ақ, Банктің бағдарламалары шеңберінде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері айтылды.
А.ж. 13 шілдеде «Қуатты Қазақстанды бірге қалаймыз» индустриалдық-инновациялық форумында Елбасының берген тапсырмаларын іске асыру бойынша облыс әкімінің қатысуымен кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Басқарма «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бірге «Кедендік одақ: даму мүмкіндіктері мен перспективалары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
2011 жылғы 16 қарашада «Нұр Отан» ХДП АОФ, «Жас Отан» Қоры» КФ қолдауымен кәсіпкерліктің мемлекеттік бағдарламаларының шараларын түсіндіру және шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың құралдары туралы ақпарат беру жөніндегі ашық есік күні өткізілді.  
2011 жылғы 23 қарашада «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірге республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қолдауды алған, Ақмола облысының өндірістік кәсіпорындары бойынша баспа-тур ұйымдастырылды.
Кәсіпкерлік бастамашылықты қолдау мақсатында «Отбасылық бизнестің 100 түрі», «Өмірлік жағдайдың 100 түрі» жинағының 2000 данасы басылды.   
Қараша айында «2011 жылы шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» облыстық конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ынталанлыру және абыройын арттыру, Ақмола облысындағы шағын бизнес субъектілерініңүздік өкілдерін анықтау және белгілеу.
Конкурс 4 номинация бойынша өтеді: «Жылдың үздік кәсіпкері», «Өндіріс саласындағы үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын», «Ауыл шаруашылығы саласындағы үздік кәсіпорын». Конкурсқа қатысуға 37 өтінім тсүті.
Облыс әкімінің дипломын және бағалы сыйлық табыс етумен «2011 жылы шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» облыстық конкурсының жеңімпаздары мыналар:
«Өндіріс саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында: Ақкөл ауданының «Комсомольский ремонтно-механический завод» ЖШС басшысы Ю.А. Марховец.
    Қызмет түрі: ауыл шаруашылық машина жасау және металл өңдеу.
    «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын»: Сандықтау ауданының «Дружба» туристік фирмасы» ЖШС басшысы - А.Н. Коренецкий.
    Қызмет түрі: туризмді дамыту.
    «Ауыл шаруашылығы саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында: Атбасар ауданының жеке кәсіпкері Белимова Н.В..
     Қызмет түрі: көкөніс шаруашылығы, гүл шаруашылығы.
          «Жылдың үздік кәсіпорыны» номинациясында: Бурабай ауданының «Мерей» ОВПП ЖШС басшысы Г. О. Хамзина.
    Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру.
2011 жылдың 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу шеңберінде Ақмола облысы кәсіпкерлерінің форумы өткізілді, онда «2011 жылы шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» облыстық конкурсы жеңімпаздарының және лауреаттарының және ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Үздік жоба» номинациясы иегерлерінің салтанатты марапаттауы өтті.
Ағымдағы кезеңде облыстың аудандары мен қалаларында шағын және орта бизнесті қолдауға 162 шара өткізілді.

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС:
ТЕЛЕФОН/ФАКС:
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: web@akmo.kz
на верх страницы