Сәулет және қала құрылысы басқармасы
бастығының Владимир Куртьевич
Фелбелттің өмірбаяны

1961 жылы 06 наурыз күні Көкшетау облысы Келлеровка ауданының Краснокаменка селосында дүниеге келді. 1984 жылы архитектура мамандығы бойынша Целиноград ауылшаруашылығы институтын тәмамдады. 2011 жылы заңтану мамандығы бойынша Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдады. Еңбек жолын 1978 жылы Обухов сегіз жылдық мектебінің денешынықтыру мұғалімінен бастап, содан кейін Рузаев аудандық Халық депутаттары кеңесінің атқарушы комитетінде сәулетші, Көкшетау аудандық әкімшілігінің бас сәулетшісі, Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы жанындағы Жоба-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросында жоғары санаттағы сәулетші, «Көкшетау қаласының құрылыс, сәулет және жол шаруашылығы бөлімі» ММ бастығы - Көкшетау қаласының бас сәулетшісі, «Көкшетау қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі» ММ бастығы - Көкшетау қаласының бас сәулетшісі, «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы болып қызмет жасады.
2007 жылдан «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ бастығы болып қызмет етеді. Қазақстанның Қала құрылысы Одағының мүшесі. «10 жыл Астана» мерейтойлық медалмен марапатталған (2008), сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу құрметіне «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011) марапатталған.