Инвестициялар

 

2012 жылдың қаңтар-ақпанға дейінгі жағдай бойынша өнеркәсіпті дамытуға бағытталған негізгі капиталдағы инвестициялар 3,6 млрд.теңге құрады, оның ішінде тау-кен өндіру саласын дамытуға және қазбаларды өңдеуге - 407,8 млн.теңге, өңдеу саласына - 569,5 млн.теңге жіберілді.  

Жалпы, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 647,5 млрд.теңге соммасына 43 жоба іске асырылуда.

Республикалық индустриаландыру картасына Ақмола облысынан 556,1 млрд.теңге сомасына 11 инвестициялық жоба, оның ішінде құны 465,2 млрд.теңге 3 жоба республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдармен бағытталады, инвестиция сомасы 90,9 млрд.теңгеге 8 инвестициялық жоба облыс әкімдігінің мониторингінде.

Аймақтық Картаның құрамына 91 млрд.теңгеге 32 жоба енгізілді.  

 

2010 жыл кезеңінде облыста 73,6 млрд.теңге сомасына 15 инвестициялық жоба эксплуатацияға берілді, 3 мың жаңа жұмыс орны құрылды:

 

1. «Алтынтау Көкшетау» ЖШС - Васильков алтын кен орныны бұдан әрі игеру және алтын шығару фабрикасының құрылысы (Зеренді ауданы, Қонысбай а., жобаның құны - 58 514 млн.теңге, қуаты жылына 8 млн.тонна кен, 15 тоннаға дейін алтын (жылына доренің қорытпасы) Елбасының қатысуымен 2010 ж. 28 мамырда іске асырылды);

2. «Өркен» ЖШС - темір кендерін өндеу бойынша ұсақтағыш-байыту фабрикасының құрылысы (Еңбекшілдер ауданы, Атансор а., жобаның құны- 1659,9 млн.теңге, қуаты жылына 2,4 млн.тонна, 2010 ж. және 2011 ж. ішінде іске асырылды).

3. «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС - 3,56 га жылыжай кешенің құру (Степногорск қ., жобаның құны - 1 049 млн.теңге, қуаты жылына 1832 тонна көкөністер, 2010 ж. маусымда іске асырылды).

4. «Астана-Агропродукт» ЖШС - вакуумды орамада тұтас еттер мен кесілген еттерді өндіру бойынша ет өндеу кешенің ұйымдастыру (Қорғалжын ауданы, Сабынды а.,  жобаның құны  - 986,7 млн.теңге, қуаты жылына 5400 тонна  ет, 2010 ж. маусымда  іске асырылды).

         5. «ENKI» ЖШС - керамикалық кірпіш шығару жөніндегі зауыттың құрылысы (Көкшетау қ., жобаның құны- 6178 млн.теңге, қуаты жылына 60 млн.дана, 2010 ж. желтоқсанда іске асырылды).

6. «Агример-Астык» ЖШС - Диірмен кешенінің құрылысы (Көкшетау қ., жобаның құны- 238,3 млн.теңге, қуаты жылына 68 мың тонна ұн, 2010 ж. желтоқсанда іске асырылды).

7. «Көкшетау минералды сулары» АҚ - Алкогольсіз сусындарды өндірісі бойынша №2 зауыттың құрылысы (Көкшетау қ., жобаның құны- 665 млн.теңге, қуаты жылына 52,6 млн. бөтелке, 2010 ж. қарашада іске асырылды).

8. «Кереге-Астана» ЖШС - Кірпіш зауытының құрылысы (Ақкөл ауданы, Ақкөл қ., жобаның құны- 345,6 млн.теңге, қуаты жылына 20 млн.дана, 2010 ж. қазанда іске асырылды).

9. «КазЛес» компаниясы» ЖШС - ағаштан жасалған өнімдердің өндірісі (Ақкөл ауданы, Ақкөл қ., жобаның құны- 394 млн.теңге, қуаты жылына 5 000 м3, 2010 ж. қарашада іске асырылды).

10. «Төңкеріс» НҚП» ЖШС - Диірмен кешенінің құрылысы (Шортанды ауданы, Төңкеріс а., жобаның құны- 195 млн.теңге, қуаты жылына 57,8 мың тонна ұн, 2010 ж. желтоқсанда  іске асырылды).

11. «Алиби Жаркаин» ЖШС - 20 мың тоннаға дейінгі көлемде бидайды сақтау орынының құрылысы (Жарқайың ауданы, Донское а., құны - 608,3 млн.теңге, 2010 ж. желтоқсанда іске асырылды).

12.            «Атбасарская нива» ЖШС - 40 мың тоннаға дейінгі көлемде

бидайды сақтау орынының құрылысы (Атбасар ауданы, Октябрьское а., құны - 1216,6 млн.теңге, 2010 ж. желтоқсанда іске асырылды).

13.            «Бауманское-07» ЖШС - 20 мың тоннаға дейінгі көлемде бидайды

сақтау орынының құрылысы (Егіндікөл ауданы, Бауманский а., құны - 608,3 млн.теңге, 2010 ж. желтоқсанда іске асырылды). 

14. «Жаркаинская нива» ЖШС - 20 мың тоннаға дейінгі көлемде бидайды сақтау орынының құрылысы (Жарқайың ауданы, Бірсуат а., құны - 608,3 млн.теңге, 2010 ж. желтоқсанда іске асырылды).

         15. «Запорожье» ЖШС - 10 мың тоннаға дейінгі көлемде бидайды сақтау орынының құрылысы (Жақсы ауданы, Запорожье а., құны - 304,16 млн.теңге, 2010 ж. желтоқсанда іске асырылды).

Қазіргі уақытта осы жобалар өндірістік жоспарларға сәйкес экспортталады.

 

2011 жылы іске асыруға көзделген 18,9 млрд.теңгеге 18 жобадан 18,4 млрд.теңгеге 17-сі іске асырылды, 1986 жұмыс орны құрылды. 1 инвестициялық жоба аяқталу сатысында («Родина» агрофирмасы» ЖШС- қолданыстағы сүт-тауарлы ферманы жаңғырту Целиноград ауданы, Приозерное а., жобаның құны - 557,76 млн.теңге, қуаты жылына 10 мың тоннаға дейін сүт өнімдер)

         1. «Щучье қала сүт зауыты» ЖШС - әлемдік тұқымның ІҚМ аналық басының 2500 басына репродуктор шаруашылығын құру (Зеренді ауданы, М.Ғабдуллин а., жобаның құны - 2604,6 млн.теңге, қуаты МПК 2 672 ІҚМ басына дейін және тайпалы сауда ретінде 541 ІҚМ басы, бірінші кезегі 2011 жылдың маусым айында іске асырылды).

         2. «ASAD company» ЖШС - қағаз орамалдарын өндіру жөніндегі зауыт (қағаз орамалдары, дәретханалық қағаз) (Көкшетау қ., жобаның құны - 66,2 млн.теңге, қуаты жылына 550 мың рулон, 2011 ж. маусымда іске асырылды).

3. «Арыстан» Степногорск құбыр зауыты» ЖШС су өткізгіш және газ өткізгіш пластикалық құбырлар өндіру  (Степногорск қ., жобаның құны - 2956 млн.теңге, қуаты жылына 20 000 тонна, 2011 ж. маусымда іске асырылды).

4. «Даржан Групп» ЖШС диірмен кешенінің құрылысы (Шортанды ауданы, жобаның құны - 1022 млн.теңге, қуаты жылына 43,2 мың тонна ұн, 2011ж. қаңтарда іске асырылды).

5. «Зеренді НҚП» ЖШС 14,6 мың тоннаға дейінгі көлемде бидайды сақтау орынының құрылысы (Зеренді ауданы, Зеренді а., жобаның құны - 233,9 млн.теңге, қуаты жылына 14,6 мың тонна, 2011 ж. маусымда іске асырылды).

       6. «KazBeefLtd» ЖШС - екі тайпалы шаруашылығы бар - әр біреуі ІҚМ 1010 басына дейін шаруашылық-репродукторлармен 5000 ІҚМ басына дейін бордақылау алаңының құрылысы (Еңбекшілдер ауданы, Мамай а., жобаның құны - 4834,1 млн.теңге, қуаты жылына 2700 тоннаға дейін ет өндіру, тайпалы ІҚМ жылына 510 тоннаға дейін, 2011ж. қыркүйек айында іске асырылды, жауапты орган  «КазАгро» ҰБХ» АҚ болып табылады);

       7. «SC Food» ЖШС - ІҚМ 2400 басына тайпалы шаруашылығы және ІҚМ 3000 басына бордақылау кешені (Ақкөл ауданы, Азат а., жобаның құны - 2976,8 млн.теңге, қуаты жылына 3610 тонна ет өнімдері, 2011 ж. қарашада әске асырылды).

       Агроөнеркәсіптік кешен жұмысшыларының республикалық форумы шеңберінде жоба 2011 жылғы 11 қарашада іске асырылды.

       8. «Острогорское» ЖШС- 2700 ІҚМ басына  бордақылау алаңын құру (Астрахан ауданы, Новый Колутон а., жобаның құны - 1032 млн.теңге, қуаты жылына 360-ден 420 тоннаға дейін ет, тайпалы төлдің саудасы 525 басқа дейін, 2011ж. желтоқсанда іске асырылды);

       9. «Голд Ленд» ЖШС Новоднепр кен даласының алтын құрамды кендерін өндеу (Бурабай ауданы, жобаның құны 78,16 млн. теңге, қуаты  жылына  405 кг (Доре қорытпасы), 2011ж. қазанда іске асырылды).

       10. «Урожай» ЖШС диірмен кешенінің құрылысы (Жақсы ауданы, Жақсы а., жобаның құны - 380  млн.теңге, қуаты жылына 42,0 мың тонна ұн, 2011 ж. желтоқсанда іске асырылды).

       11. «Рамадан Про» ЖШС - диірмен кешенінің құрылысы (Көкшетау қ., жобаның құны - 223  млн.теңге, қуаты жылына 25 мың тонна, 2011 ж. желтоқсанда іске асырылды).

       12. «Еңбек» ЖШС - «Майлы, бұршақ және дәнді дақылдардың

тұқымдарын кептіру, тазалау және сақтау үшін кептіру кешені» (Ақкөл ауданы, Еңбек а., жобаның құны - 185  млн.теңге, қуаты жылына 40 мыңға дейін тонна ұн, 2011 ж. желтоқсанда іске асырылды).

       13. «Арна НҚП» ЖШС сиымдылығы жылына 30 мың тонна астық сақтау орны (Бұланды ауданы, Макинск қ., жобаның құны - 518  млн.теңге, қуаты жылына 30 мың тонна астық, 2011 жылдың қыркүйегінде іске асырылды).

       14. «Астана-Нан Кемикалс» ЖШС өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын өндіру жөніндегі зауыт (Степногорск қ., жобаның құны - 500  млн.теңге, қуаты жылына 12,6 млн. литр, 2011 жылдың желтоқсан айында іске асырылды).

       Жоба Елбасына индустрияландыру картасы жобаларының тұсау кесері бойынша Жалпы ұлттық телекөпір шеңберінде 9 желтоқсанда іске асырылды.  

       15. «Агрокомплексэксперт» ЖШС топырақты агротехникалық зерттеу жөніндегі зертхананың құрылысы (Жақсы ауданы, жобаның құны - 100  млн.теңге, 2011 жылдың қазан айында іске асырылды).

       16. «А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС жоғары өнімді дәнді және бұршақ дақылдарының тұқымын өндіру жөніндегі кешеннің құрылысы (Шортанды ауданы, Научный кенті, жобаның құны - 194,4  млн.теңге, 2011 ж. қараша айында іске асырылды).

       17. «Агример-Астық» ЖШС майлы дақылдарды қайта өңдеу жөніндегі зауыт (Көкшетау қ., жобаның құны - 250  млн.теңге, қуаты жылына 12 мың тонна (соя майы), 2011 жылдың шілде айында іске асырылды).

       2012 жылы 13,1 млрд.теңге сомасына 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды.

         1. «KazGrain-Trade» ЖШС нан қабылдау кәсіпорыны (НҚК) астық сақтау және қайта өндеу (Зеренді ауданы, Гранитный к., жобаның құны - 720,5  млн.теңге, қуаты  жылына 12 мың тонна, 2012 ж. ақпан айында іске асырылды).

2. «Авиакомпания «Көкшетау» АҚ - Көкшетау қ. аэропортының жасанды ұшу-қону жолақтарын және аэровокзалын қайта құру (Зеренді ауданы, жобаның құны 8300  млн.теңге, қуаты тәулігіне 200 жолаушы, жобаның іске асырылуы 2012 жылдың желтоқсан айына көзделген).

         3. «Үш Бұлақ-2005» ЖШС ас тауық жұмыртқасын өндіру жөніндегі құс фабрикасының құрылысы (Ақкөл ауданы, Кеңес а.о., жобаның құны - 2302  млн.теңге, қуаты  жылына 90 млн.дана, іске қосу мерзімі - 2012 ж. қараша).

          4. «Астраханская птица» АӨК» ЖШС құс фабрикасының құрылысы (Ақкөл ауданы, Астрахан а., жобаның құны - 500  млн.теңге, қуаты  жылына 50 млн.дана, іске асрыу мерзімі 1 кезек (4-тен 3 корпус) - 2011 ж. қараша, жобаның толық іске асырылуы - 2012 жылдың 2-жартыжылдығы).

          5. «Бұланды-Астық» ЖШС диірмен кешенінің және элеватор құрылысы (Бұланды ауданы, Макинка қ., жобаның құны - 800  млн.теңге, қуаты  24700 тонна ұн өндірісі,  элеватор көлемі 30 мың тонна, іске қосу мерзімі - 2012 ж. наурыз).

          6. «АКА» ЖШС ІҚМ 750 аналық басына шаруашылық-репродуктор құру (Целиноград ауданы, Луговое а., жобаның құны - 506,2  млн.теңге, қуаты  жылына 12 тонна ет, іске қосу мерзімі - 2012 ж. 2-жартыжылдығы).

 

       Сонымен қатар, индустрияландыру картасын өзекті ету шеңберінде кәсіпорындар, аудан және қала әкімдіктері 77 млрд.теңгеге 23 инвестициялық жоба туралы өтінім жасады, оның ішінде 55 млрд.теңгеге 20-сы құрылудағы «Мәліметтер базасына» енгізілді.

       2012 жылғы 1 наурызда облыс әкімінің орынбасары - Аймақтық Үйлестіру Кеңесі - Ақмола облысын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі басқару орталығы төрағасының орынбасары Э. Квятковскийдің төрағалығымен Индустрияландыру картасын өзекті ету мәселесі бойынша кезекті отырыс өткізілді.

       Өткізілген отырыстың қорытындылары бойынша 22 млрд.теңгеге 3 жобаны мақұлдау шешімі қабылданды.

Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік):

-   жауапкершілікті Министрлікке бекітіп, Индустрияландырудың

республикалық картасына енгізу ұсынысы ұсынылды.

«Самрұқ-Энерго» АҚ - Ерейментау қ. аумағында кеңейту перспективасы 300 МВт дейін қуаты 51 МВт желді электр станциясының құрылысы (Ерейментау ауданы, Ерейментау қ., жобаның құны - 20,25  млрд.теңге, қуаты  жылына 51 мВт дейін, құрылыс кезеңіне жұмыс орындарының саны - 100, пайдалану кезеңіне - 50, іске асыру мерзімі - 2015 ж. 1-тоқсаны). А.ж. тамыз айында қаржыландыру көздерін түпкілікті белгілеу жоспарлануда. ТЭН әзірленді. Жел әлеуетін өлшеу үшін метеорологиялық дінгек орнатылды, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін учаске алынды, геологиялық және топографиялық іздестірулер жүргізілді. Жобалық қуатқа шығу - 2015 ж. наурыз айы.

-   жауапкершілікті облыс әкімдігіне бекітіп, Индустрияландырудың

аймақтық картасына енгізу туралы:

         «Он Олжа» ЖШС - көмірді байыту жөніндегі фабриканың құрылысы (Ерейментау ауданы, жобаның құны - 279  млн.теңге, қуаты  жылына 500 мың тонна, құрылыс кезеңіне жұмыс орындарының саны - 25, пайдалану кезеңіне - 30, іске асыру мерзімі - 2012 ж. қараша айы). Жоба меншік қаражат есебіне қаржыландырылады. Бизнес-жоспар және ТЭН әзірленді. Тұтыну нырағының маркетингтік талдауы жүргізілді. Сарыадыр кен орнының көмірін әзірлеуге және өндіруге лицензия бар. Фабриканың құрылысына жер учаскесі бар. Фабрика құрылысының жұмыс жоспары әзірленді. Өнеркәсіптік қызығушылығы жоқ энергетикалық жоғары күлді көмірлерді және ысырылған жоғары күлді көмір тұқымдарын қайта өңдеуге арналған көмір байыту жөніндегі қондырғы (байыту фабрикасы). Жобалық қуатқа шығу - 2013 ж. қараша айы.  

«Greencor» ЖШС - жылыжай кешенінің құрылысы (Шортанды ауданы, Научный к., жобаның құны - 1,4  млрд.теңге, қуаты  жылына 1,2 тонна қызанақ және 1,5 мың тонна қияр, құрылыс кезеңіне жұмыс орындарының саны - 30, пайдалану кезеңіне - 80, іске асыру мерзімі - 2012 ж. желтоқсан айы). Қаржыландыру көзі - «Казагроқаржы» АҚ меншік және заем қаражаты. Бизнес-жоспар және ТЭН әзірленді. Құрылысты бастау үшін рұқсат беру құжаттарының толық пакеті дайын (ТШ, ЖСҚ). Фундамент құю үшін жер жұмыстары жүргізілуде. Өсірудің барлық процессі голланд технологиясына негізделген. Көкөністерді өсірудің голланд технологиясы өзін күрт континентті климатты аймақтарын қоса,  барлық әлемге таныстырды.жобалық қуатқа шығу - 2013 ж. мамыр айы.

Осы жобалар шеңберінде құрылыс кезеңіне 155 және пайдалану кезеніне 160 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

 

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: Көкшетау қ., Абай көшесі, 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44
ФАКС: 8 (7162) 29-73-10
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akim@akmo.kz
на верх страницы