"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Сарыарка»"

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 ж. 24 сәурдегі № 387 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің „Сарыарқа" өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің Ақмола облысы бойынша филиалы «Қарағанды аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті», «Астана қаласының аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» және «Жезқазған аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» мемлекеттік мекемелерінің қосылуы жолымен қайта құру нәтижесінде құрылды.

Филиал құрылымы

Департамент бастығының орынбасары, Ақмола облысы бойынша филиалының бастығы

Щербак Александр Григорьевич

тел: 25-27-89

Азаматтарды қабылдау күні - Бейсенбі күні сағат 16-дан 18-ге дейін.

Сенім телефоны: 25-62-14

Заңды тұлғалармен жұмыс бойынша бөлімі

Бөлім бастығы Аужанова Айнагуль Азнабекқызы  тел: 25-65-56

Мүлікпен жұмыс бойынша бөлімі

Бөлім бастығы Мурзагулов Абай Жангелдыұлы тел: 25-71-65

Құқықтық және ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі

Бөлім бастығы Кобесова Роза Әбілдәқызы тел: 25-79-57

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Сарыарқа» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің Ақмола облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Сарыарқа» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті құзыретінің шегінде Ақмола облысының аумағында республикалық меншік объектілерін басқару, жекешелендіру және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі салаларында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

Ақмола облысы бойынша Филиалының негізгі міндеттері:

-Республикалық меншік объектілерімен басқару және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын Филиалмен жүзеге асыруға қатысу;

 -Өз қызмет бабының шегінде республикалық меншікке қатысты меншік құқығын Филиалмен жүзеге асыру бойынша шараларды іске асыру;

 -Белгіленген тәртіпте республикалық мемлекеттік меншік объектілерін тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;

 -Заңнамада белгіленген тәртіпте республикалық меншік объектілерін жекешелендіруді жүзеге асыру және республикалық меншік объектілерінің сатып алу-сату шарттарының міндеттерінің сақталуын бақылау;

 -Мемлекеттің қатысуымен шаруашылық жүргізу субъектілерінің  Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасын сақтауын бақылау;

 -Филиалдың қызмет бабына кіретін мәселелер бойынша жекешелендіру туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

  -Республикалық меншіктің жалдау шарттарының уақытылы жасалуын, жасалынған шарттар, аударылған сомалар және мемлекеттік тұрғын үй емес қорының жайларын жалдаудан, машиналар мен жабдықтардан, негізгі құралдардан бюджетке түскен төлемдер бойынша тізілімді және есептілікті қамтамасыз ету;

  -Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың теңгерімінде тұрған мүлікті жалдау төлемінің есептеу мөлшерлемесін келісу;

  -Филиалдың қызмет бабының шегіндегі республикалық меншікті иелену, пайдалану және басқару мәселелері бойынша соттың барлық инстанцияларында мемлекет мүддесін ұсыну;

  -Мемлекет қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарында Филиалдың және мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;

  -Стратегиялық мәні бар экономика саласындағы меншікке мемлекеттік мониторингті ұйымдастыруға және өткізуге қатысу және мониторинг субъектілерінің және қатысушыларының әрекеттерін үйлестіру;

  -Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1371 Қаулысына сәйкес мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз тапсыруды жүзеге асыру;

  -Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы №81 Қаулысына сәйкес мемлекеттік мүлікті меншіктің бір түрінен екіншісіне тапсыруды жүзеге асыру болып табылады. 

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: Көкшетау қ., Абай көшесі, 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44
ФАКС: 8 (7162) 29-73-10
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akim@akmo.kz
на верх страницы