1.Орман шаруашылығы, орман қорғау және жануарлар әлемі
2010 жылғы 1 шілдеге облыс әкімдігіне ведомостволық бағыныстағы меморманқоры жерлерінің жалпы көлемі 458,1 мың га құрайды, оның ішінде орманды жерлер - 250,0 мың га. Облыстың 7 ауданы мен 2 қаласында орналасқан, орман шаруашылығы қызметкерлерінің штаттық саны 561 адам, 14 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жедел басқаруында.
Орман шаруашылығының іс-шаралары ҚР АШМ «2010 жылға мемлекеттік орман қорында өсіп тұрған сүректерді босатудың көлемдерін бекіту туралы» 2009 жылғы 12 желтоқсандағы №378 бұйрығымен анықталды. Жалпы алаңы 4762,8 га 73 952 м3 көлемінде орманды күту үшін кесулер мен санитарлық кесулерді жүргізудегі орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне сүрек дайындаудың көлемдері бекітілді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап, орман шаруашылығы іс-шаралары сүректің 47 525 м3 жалпы көлемімен 2635,2 га алаңда орман шаруашылығы іс-шаралары жүргізілді, оның ішінде:
орманды күту үшін кесу 618 га алаңда 16112 м3 көлемінде;
іріктеп санитарлық кесу 401,3 га алаңда 7251м3 көлемінде;
ЭЖ бойын тазалау, соқпақ жолдарды ашу және 37,5 га алаңда 4652 м3 көлемінде өртке қарсы жыраларды бөлу;
жаппай санитарлық кесу 348га алаңда 13894 м3 көлемінде;
қоқырсып жатқандарын жинау 1230,4 га алаңда 5616 м3 көлемінде;
Мемлекеттік мекемелермен 40,1 млн.теңгеге ақылы қызметтер атқарылды, оның ішінде 144 млн.теңге орманды пайдаланғаны үшін төлем;
«Жасыл ел» республикалық бағадарламасының шеңберінде көктем кезеңінде мемлекеттік мекемелермен 1168 га алаңда орман отырғызылды, оның ішінде 823 га алаңда-орман өсімдіктері, 345 га алаңда –орман өсімдіктерін толықтыру;
Сонымен қатар 1036 га алаңда орман өсімдіктеріне күтім жасалды.
Ормандарды қорғау және күзету, орман өрттеріне қарсы күресті жедел ұйымдастыру мақсатында өрт сөндіруде облыстың барлық қызметтерінің өзара іс –қимылдарының жоспары келісілді және бекітілді. Жергілікті жерлерде мемлекеттік мекемелермен өрт қаупі бар кезеңге осыған сәйкес жоспарлар жасалды, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен шарттар жасалды, хабарлау тәсімі бекітілді. Аталған жоспарларға сәйкес облыстың ТЖ қызметтерімен және мемлекеттік орман мекемелерімен орман алаптарында өрт сөндіру бойынша бірлескен командалық-штабтық жаттығулар жүргізілді.
Өрттің алдын-алу мақсатында ерте көктемде орман алабына іргелес аумақтың 70 мың.га бақыланумен шөптесіндер өртелді, сонымен қатар жыл басынан бастап өртке қарсы тақырыпта 283 семинар, сұхбат және дәрістер өткізілді, өрттен сақтану тақырыбына 4682 үндеухат таратылды, бұқаралық ақпарат құралдарында 32 мақала жарияланды, 185 бірлік аншлагтар орнатылды.
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайтуға және дамытуға облыстық бюджеттен 39,0 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді, 3 МТЗ 82 доңғалақты трактор және ПКП-4 «Водолей» өрт сөндіруші 14 кешен сатып алынды.
Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде орман өрттерінің болуы айтарлықтай азайды. Жыл басынан бастап 313 га алаңда 23 тұтану тіркелді, оның ішінде орманды жер 31,6 га.
Мемлекеттік орман қорғау қызметкерлерімен 3693 тексеріс жүргізілді. Жалпы көлемі 56,3 куб.м. сүрекпен екі заңсыз ағаш кесу фактісі тіркелді. Аталған кесулер жөніндегі іс құқық қорғау органдарына тапсырылды.
Қауіпті орман зиянкестерімен күресуге де назараударылады. Маусым айында көлемі 644га орман алаптарында жұпсыз жібек құрттарына қарсы химиялық өндеу жүргізілді.
Жануарлар дүниесін қорғау жоспарына сәйкес мемлекеттік орман қор аумағында қыстан кейінгі кезеңде, ақпан және наурыз айларында жабайы жануарлар санының есебін және жай-күйін анықтау үшін жұмыстар жүргізілді, көктемгі кезеңде және маусым айында қанаттылы жабайы құстардың «саңырау құр, құрлар» және су тышқандарының есебі жүргізілді.
Жүргізілген есеп деректері бойынша мемлекеттік мекемелер аумағында тұяқты жануарлардың саны 3645 құрайды, оның ішінде ең көбі еліктер – 2514. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген тұяқтылардың сирек түрі арқарлар – 205. Мамық жүнді аңдар тобының ішінде ең көп таралғаны қояндар: ақ қоян және ор қояндар саны 17396, ҚР Қызыл кітабына енгізілген мамық жүнді аңдардың сирек түрі суырлар – 200.
Саңырау құр, құрлар, шілдердің жалпы саны 7119 құрайды, оның ішінде ең кең тарағаны құрлар - 5416 және 1483 шіл, өте сирек кездесетіні саңырау құр, барлық есепке алынғаны 196. Жүргізілген есептің нәтижесінде 3,9 мың. су тышқаны анықталды.
Мемлекеттік орман қорының аңшылық жерлері аңшылық шаруашылықтарын ұйымдастыруға пайдаланылады, оның қазіргі уақытта оның 22-і бекітілген мемлекеттік орман мекемелерінің аумағында қызмет етуде.
Су құстарының ұшып келу маусымынан бастап, жоғары патогендік құс тұмауын анықтау үшін 207 тексеріс жүргізіліп, 56 су қоймалары зерттелді, құстардың мінез-құлқында ауытқушылық байқалған жоқ.
2. Су ресурстарын қорғау және пайдалану
Бұл бөлім бойынша бірінші тоқсанда 8,0 млн. теңге сомасына «Зеренді ауданының Подлесной с. бөгенінен Зеренді өзенін толықтыру үшін су тартқыш құрылысына ЖСҚ әзірлеу» табиғат қорғау іс-шарасы бойынша конкурс өткізілді және орындаушымен шарт жасалды.
Балқашино с. Жабай өзенінде 52,9 млн. теңге сомаға су қашыртқысын қалпына келтірумен бөгетті күрделі жөндеу аяқталды және Жарқайың ауданының Костычево с. Коко өзеніндегі бөгетті, Макинск қ. канализациялық желілерді күрделі жөндеуге конкурс жариялау бойынша құжаттама әзірленді, сәйкесінше 70,0 және 38,5 млн. теңге сомаға.
3. Табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру
Жалпы 2010 жылға 008 «Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары» бағдарламасы бойынша 15 табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға 355,6 млн. теңге қаржы бөлінді.
«Әуе бассейнін қорғау» бөлімінде Бурабай ауданының 6 білім объектілеріне және Еңбекшілдер ауданының медициналық әлеуметтік мекемелеріне күл шаң ұстағыштарды сатып алуға және орнатуға жалпы 19,2 млн. теңге сомасына табиғат қорғау іс-шаралары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Жер ресурстарын қорғау» бөлімі бойынша 18,2 млн. теңге сомасына «Ерейментау ауданының Торғай с. бұрынғы сурьма кенішін қалпына келтіру 2 кезең» табиғат қорғау іс-шарасы аяқталды.
«Флора және фаунаны қорғау» бөлімінде жоспарланған іс-шара бойынша Шортанды кентінен Щучье қаласына дейінгі учаскеде Астана-Бурабай автотрассасы бойында ормансыз жерлерге ағаш отырғызу бойынша ЖСҚ әзірленуде.
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеу» бөлімі бойынша 7,8 млн. теңге сомасына «Щучье қ. ТҚҚ жинау үшін контейнер сатып алу» іс-шарасы орындалды. Щучье қ. 300 контейнер қойылды, қосымша 2 қоқыс тасушы автомашинасын сатып алу іс-шарасы жоспарлануда.
Жалпы бірінші жарты жылдық бойынша «Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары» бағдарламасы бойынша 82,6 млн. теңге игерілді.
4. Экологиялық сараптамаларды жасау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету, экологиялық қорытындыларды және жеке және заңды тұлғаларға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру.
Ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықта экологиялық
сараптамаға сараптауға жататын 675 құжат (жобалар) түсті, оның 645
қаралды және экологиялық қорытындысы берілді, оның ішінде:
395 – атмосфера шығарындылары эмиссия нормативтерінің
жобалары ;
98 – жұмыс жобалары;
62 – жер учаскелерін беру материалдары;
52 – жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үшін қоршаған ортаға әсерін
бағалау жобалары;
40 – басқа да жобалар.
Рұқсат беру жүйесіне 474 өтінім түсті, оның 274 қаралды, заңды және жеке тұлғаларға қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілді.