ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА

Ақмола облысы бойынша әлеуметтік – маңызды азық-түлік тауарларына бөлшек бағалардың орташа облыстық динамикасы

Ақмола облысы бойынша негізгі азық-түлік тауарларына бағалардың жағдайы (орташа облыстық)

Сауда және баға жағдайы

Инвестициялар

«Өнімділік 2020» бағдарламасы

2010 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған, Ақмола облысында кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындылары

Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама 

Өнеркәсіп

2011 жылы тауар өнімдерінің өндіріс көлемі 221 млрд.теңге құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 40,1 млрд.теңгеге артық.
Өнеркәсіптік өндірістің өсімін сипаттайтын көрсеткіш нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 113,3 % құрады.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және қазбаларды өңдеу саласында НКИ 129,5 % құрады.  
«Алтынтау Көкшетау» АҚ және «Қазақалтын» ТБК» АҚ, «Сага Крик Голод Компани» ЖШС, «Голд Ленд» ЖШС кәсіпорындары Ақмола облысының Васильков, Ақсу, Бестөбе, Жолымбет, Узбой, Новоднепровск кен алаңы алтын құрамды кен орындарының кендерін өндірумен және қайта өндеумен айналысады.  
2010 жылмен салыстырғанда алтын құрамды кенді өндіру 1,2 есеге, алтын құрамды концентрат 1,6 есеге, тас көмірі 1,3 есеге ұлғайды.
Кең таралған пайдалы қазбалар: доломит, қиыршықтас және балшық өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібінде НҚИ 111,8 % құрады. Негізгілері машинажасау, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, түсті металлургия болып табылады.
    Машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары «Степногорск подшипник зауыты» АҚ (теміржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндіру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерін жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының АЭЖЗ (электровоздарды толық жөндеу), «Тыныс» АҚ (өрт сөндіру құралдары, газ бекіту арматураларын, бақылау аспаптарын, медициналық жабдықтар және т.б. өндіру).  
    Осы кәсіпорындар бекіту арматураларын, жылу алмастырғыш қондырғыларын, сұйықтықтарды ағызуға арналған сорғыларды, орталық жылу жүйесіне радиаторлар, ауыл шаруашылығына арналған қосалқы бөлшектер, автомобиль көлігі үшін бөлшектер мен жабдықтарды шығарды.
Өнеркәсіптің өндеу саласында тамақ өнімдері мен сусындарды өндіру саласына 23,4 % жатады.
Ұн және нан-бөлке өнімдерін өндіру саласында айналысатын барынша ірі кәсіпорындар «Ақсай Нан Көкшетау» ЖШС филиалы, «Агример Астық» ЖШС, «Урожай» ЖШС, «Колутон 95» ЖШС, «Интер Трайд» ЖШС, «Нан Абройы» ЖШС, «Көкшетау нан зауыты» ЖШС; сүт өнімдерінің өндірісінде - «Синегорья Сүті» КСЗ» ЖШС, «Айбат» ЖШС болып табылады.
Ет өндірісі 14,2%, шұжық өнімдерінің 20,0 %, етті жартылай фабрикаттары 2,2 есеге, өсімдік майы 5,0 есе, сары май 13,3 %, пісіп жетпеген сүзбелер мен ірімшіктер 32,4 %, өңделген сүт 44,8%, сүт өнімдері 22,2%, ұн 13,4 % (заттай көріністе) ұлғайды.   
Түсті металлургия кәсіпорындары 10 тоннадан артық алтын өндірілді, бұл өткен жылдың тиісінше кезеңіне 150,6 % құрады.
2010 жылы Васильков тау-кен байыту комбинатында алтын шығару бойынша жаңа фабриканың іске қосылуымен өсімі қамтамасыз етілген. Васильков тау-кен байыту комбинатының жаңа өндірісі - Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылған алғашқы жобалардың бірі. Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Голд ленд» ЖШС «Новоднепр кен даласының алтын құрамды кендерін өндеу» жобасын іске асыру аяқталды.

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС:
ТЕЛЕФОН/ФАКС:
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: web@akmo.kz
на верх страницы