Сауда және баға жағдайы

2012 жылдың 1 наурызына Ақмола облысында аудандар мен қалалар бойынша жеткілікті біркелкі орналасқан 7,6 сауда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары және қызмет көрсету саласында 3,5 кәсіпорын бар, бұл халықтың сұранысын толық көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

         2012 жылдың қаңтар айында бөлшек тауар айналымының көлемі 11,8 млрд.теңге құрады және өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 13,4 % артты.

2012 жылдың қаңтар айында облыс кәсіпорындарының сыртқы сауда айналымы 40,1 млн. АҚШ доллар құрады, оның ішінде экспорт бойынша 25,3 млн.АҚШ доллары, импорт бойынша - 14,8 млн.АҚШ доллары құрады. 105,0 млн.АҚШ доллары оң сальдоға қол жетті. Ақмола облысы үшін негізгі сауда серіктестіктері Ресей, Қытай, АҚШ, Германия, Канада, Швейцария, Ауғанстан кәсіпорындары болып табылады.  

2012 жылғы қаңтар-ақпан айларында Ақмола облысы бойынша тұтынушы баға индексі 100,8 %, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша 101,3 %, азық-түлік емес тауарлары бойынша 100,4 %, ақылы қызметтер бойынша 100,7 % құрады.

2012 жылдың қаңтар-ақпан айларында жергілікті азық-түлік тауарларының өндірісі сусындарды ескере отырып,  6,2 млрд.теңге құрады, 2011 жылдың тиісінше кезеңінен 29,8 % көп. Осы кезеңге 500 тонна ет, 156 тонна шұжық өнімдері, 176 тонна өсімдік майы, 54 501 тонна ұн, 4553 тонна нан, 12 899 тонна сүт және қаймақ, 515 тонна еттен жасалған жартылай фабрикаттар өндірілді. 

Бағаларды тұрақтандыру және түрлі тауарларға халықты қамтамасыз ету мақсатында, 2012 жылдың 2 айларында аудандар мен қалалар бойынша 127,7 млн.теңгеге тамақ өнімдері өндірілген 104 жәрмеңке өткізілді, тұтыну базарын жергілікті өнімдермен қанықтыру шеңберінде қосымша 69 млн.теңгеге түрлі азық-түлік тауарлары тартылды.

Жыл басынан бірнеше азық-түлік тауарларына ет және ет өнімдеріне 2,8 %,  сүт өнімдеріне 0,5 %, жұмыртқа 2 %, алма 4,1 %, картоп 3,9 %, орамжапырақ 7,6% бағалар көтерілді.

Қантқа, ұнға, күрішке, қара құмық жармасына, ақталған тарыға, макарон өнімдеріне, күнбағыс майына бағалар төмендеді. 

Жанар-жағармай материалдарына бағаларды тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. ҚР мұнай және газ министрлігі мен облыс әкімдігі арасында қол қойылған меморандумға сәйкес Ақмола облысы үшін АИ-80, АИ-92/93 және барлық маусымды дизельді отынды жеткізу кестесі бекітілді. 2012 жылдың наурыз айына бензиннің максималдық бөлшек бағасы АИ-80 - 1 литріне 86 теңге, АИ-92/93 - 1 литріне 106 теңге және барлық маусымдағы дизельді отын - 1 литріне 90 теңге белгіленді.

А.ж. 20 наурызға жанар-жағармай материалдарына орташа республикалық баға АИ-80 - 1 литріне 91,0 теңге, АИ-92/93 - 1 литріне 109,4 теңге және барлық маусымдағы дизельді отын - 1 литріне 96,0 теңге құрады. Жанар-жағармай материалдарына бағалардың өсуі бұл Ресейден өнімдердің жеткізілмеуіне, республикалық жеткізушілерде бағалардың өсуне және Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігімен бекітілген кестеге сәйкес жанар-жағармай материалдарын жеткізу көлемдерінің жеткіліксіздігіне байланысты.

 

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: Көкшетау қ., Абай көшесі, 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44
ФАКС: 8 (7162) 29-73-10
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akim@akmo.kz
на верх страницы