Мекен-жайы:
020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «Б» үй.
Телефондар - 25-81-02, факс 40-11-69
e-mail: tilbaskarma@kokshetau.online.kz
Басқарманың құрылымы:
Басқару аппараты
Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы – басқарма бастығы, тел. 25-81-02
Әкімшілік бөлім
Өтебаев Аманжол Әбдірахманұлы – бөлім бастығы, тел. 25-63-10
Әмірханов Әділжан Нағымұлы – бас маман, тел. 25-63-10
Рыспаева Динара Аңсағайқызы – бас маман-бухгалтер, тел. 40-10-18
Байкенова Айгүл Жаксылыкқызы – жетекші маман, тел. 40-11-69
Тілдерді дамыту, талдау және үйлестіру жұмысы бөлімі
Бекенов Алпыс Нұртайұлы – бөлім бастығы, тел. 40-14-20
Томпышева Динара Жаңабайқызы – бас маман, тел. 40-14-20
Кенжебай Гүлназ Тұрашқызы – жетекші маман, тел. 40-14-20
Ономастикалық жұмыс және көрнекі ақпаратты бақылау бөлімі
Талпакова Айгүл Дүзелбайқызы – бөлім бастығы, тел. 40-11-56
Тоқуова Әлия Баянбекқызы – бас маман, тел. 40-11-56
Қоспанов Дулат Достанұлы – бас маман, тел. 40-11-56
Азаматтарды қабылдау:
Басқарма бастығы: Сәрсенбі – сағат 15.00 – 18.00
Мекеменің мақсаттары мен міндеттері
Мекеменің негізгі мақсаты Ақмола облысында біртұтас тіл саясатын жүргізуді қамтамасыз ету, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығын және Ақмола облыстық мәслихаты сессияларыны? шешімдерімен бекітілетін тілдерді қолдану мен дамытудың 2005 және одан арғы жылдарға арналған облыстық бағдарламасын (әрі қарай Мемлекеттік бағдарлама) орындау, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде ж?не басқа да тілдерді қоғамдық өмірдің экономикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени салаларында қолдануын қамтамасыз ету бағытында жүргізіп отырған жұмыстарын үйлестіру, ономастикалық және терминологиялық жұмысқа басшылық жасау болып табылады.
Мекеменің міндеттері:
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнаманың орындалуын бақылау, оны бұзу фактілерін қарау және олар бойынша шешім қабылдау;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, облыс әкімдігінің қаулылары, Ақмола облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
тілдерді қолдану мен дамытудың аймақтық бағдарламасын жасау және оның орындалуын қамтамасыз ету;
тілдерді дамыту жөніндегі мәселелер бойынша Ақмола облысы әкімінің іс-қимыл Жоспарының жобасын жасауға, сондай-ақ тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған облыстық іс-шаралар жоспарын қаржыландыру бойынша облыс бюджетінің жобасын жасауға қатысу;
мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету жөнінде тендер ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның орындалуын қамтамасыз ету, Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасау;
жүргізіліп отырған мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру;
Мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша ақпаратты-сараптамалық материалдар мен құжаттар әзірлеу;
мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындарға, әр деңгейдегі атқарушы билік органдарына, білім және мәдениет мекемелеріне, әр түрлі халыққа қызмет ету салаларына, құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді енгізуде, әр түрлі жастағы адамдар тобына мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыруда нақтылы көмек көрсету;
аудармашыларға, мемлекеттік тілде іс жүргізетін мамандарға, қазақ тілі үйірмелерінің жетекшілеріне (семинар-кеңестер өткізу, әдістемелік бюллетеньдерді, салалық сөздік-минимумдарды дайындап шығару, семинар-практикумдарды жүргізу т.б.) нақтылы әдістемелік көмек көрсету;
мемлекеттік тілді, ресми және басқа тілдерді дамыту, насихаттау жөнінде нақтылы тәжірибелік іс-шараларды жүргізу;
аудармашыларды, мемлекеттік тілде іс жүргізетін мамандарды, қазақ тілінің мамандарын іріктеу, даярлау және тұрақтандыру мәселелері бойынша білім беру және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен бірігіп іс-қимыл жасау;
мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға деректемелер мен көрнекі ақпаратты Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес рәсімдеуде көмек көрсету;
облыстағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, облыстық ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Ресей Федерациясының шекаралас облыстарында тұратын қазақ диаспорасымен қазақ тілі мен мәдениетін сақтау және дамыту мәселелері бойынша байланыс жасауды қамтамасыз ету;
өз жұмысында жариялылықты қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару ісіне, әлеуметтік және халыққа қызмет ету салаларына енгізу барысы туралы халықты ұдайы хабардар етіп отыру, бұқара халық арасында мемлекеттік тілді насихаттау.
Мекеме өзіне жүктелген міндеттерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың шеңберінде орындау үшін:
облыстық басқармалар мен ведомстволардан, жергілікті атқарушы органдардан, барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардан Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнаманың орындалу барысы жайында ақпараттар, мәліметтер, басқа да құжаттар сұратып алуға;
облыстық, аудандық мекемелерде, ведомстволарда, барлық меншік түрлеріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның, Мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысын тексеруге;
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнаманың орындалу мәселесі бойынша және мемлекеттік тілді, ресми және басқа тілдерді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында басқа мемлекеттік мекемелермен бірлесіп іс-қимыл жасауға;
қажет болған жағдайда тіл саясатына байланысты мәселелер жөнінде басқа ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен немесе олардың келісімімен қаулылар, бұйрықтар шығаруға құқылы.