Тұрғын секторда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
Ақмола облысының құрметті жерлестер мен қонақтар, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Тұрғын сектордағы өрттердің себептері:
- халықтың отпен абай болмауы, балалардың отпен ойыны;
- пештерді, түтінқұбырларды, электрқыздырғыш аспаптарды орнатқан және пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.
Пешті пайдаланған кезде мыналарды білу қажет:
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыздар;
- бензин, керосин, дизельді отын, май және басқа да тез тұтанатын жанғыш сұйықтықтарды пешті тұтандыру үшін қолданбаңыздар;
- осы отын түріне арналмаған пештерде көмір, кокс және газ жақпаңыздар;
- пешті тым қыздырмаңыздар, сөндірілмеген күл мен көмірді ағаш құрылыстардың жанына төкпеңіздер.
Электраспаптарын пайдаланған кезде мыналарды білу қажет:
- ақаулы электраспаптарын қолданбаңыздар;
- бір электррозеткесіне бір мезгілде бірнеше аспаптарды қоспаңыздар;
- электрқыздырғыш аспаптарының жанында іш киімдер мен аяқ киімдерді кептірмеңіздер;
- электраспаптарын қосылған түрінде қалдырмаңыздар;
- үйде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Отты пайдаланғанда өте сақ болыңыздар!
Өзіңізді және мүліктеріңізді өрттен сақтаңыздар!