Тұрмыста суды үнемдеу керек.
Батыстың дамыған ел тұрғындары баяғыдан дағдалған- электр қуаты, жылу, телекомпания немесе Интернет қызметтеріне қол жеткізу сияқты, шүмектен ағып жатқан су- тап сондай тауар. Сондықтан пайдаланған немесе төгілген судың әр текше метрі өлшеуіш арқылы белгіленеді және ол үшін төлеу керек. Көп жылдар бойы біздің елімізде су сарқылмайтын және тегін берілетін ресурс ретінде қалыптасқан. Алайда соңғы кездері ахуал өзгерді. Экономиканың коммуналдық секторы шаруашылық жүргізу нарықты моделіне көшуіне орай су, өз құны бар тауарға айналды. Өлшеуіштер бүгінде пәтерлердің көбінде орнатылған, ал жаңа құрылыстардағы баспана олармен 100 % жабдықталуда. Енді меншік иелері ай сайын судың нақты көлемін пайдаланған үшін шот алып отырады және біртіндеп оның үнемдеуі жөнінде ойлана бастайды.
Үйрену үрдісі қашанда оңай емес, бірақ бола-бола біздің отандастарымыз қазір электр қуатын сияқты суды да үнемдей бастайды: жұрттың көпшілігі үйден шыққанда жарықты сөндіріп кетеді. Мұны бала жасынан үйрету керек. Жақын уақытта барлық коммуналдық қызметтерінің құны тек қана өсе береді. Бірақ ресурстарды ойлана пайдаланса, оның шығыны едәуір төмендейді. Ал заманға сай тұрмыс құралдарын және сантехникалық жабдығын пайдалануы бұл мақсатты жеңілдетеді. Суды үнемдеуге арналған күрделі емес тоғыз әдісін ұсынамыз.
1. Тесік шүмектерді жөндеңіз немесе ауыстырыңыз. Ақаулы шүмек тәулік бойы судың 30-200 литірін «тамшылай алады»! Шүмекті дұрыстап жабуға тырысыңыздар.
2. Араластырғыш таңдағанда- иінтіректерін алыңыздар. Екі шүмекті араластырғыштардан олар суды тезірек араластырады, судың тиімді температурасын таңдағанда, бұл «босқа» судың кетуін азайтады.
3. Тісті тазалаған кезде суды тоқтатыңыздар. Ауызды шаю үшін судың бір стаканы да жеткілікті.
4. Унитаздың ағызатын бағынан үнемі түрде су ағуы мүмкін. Мынадай ағындар арқылы күн сайын судың ондаған литрі жоғалуда. Өз пәтеріңіздегі сантехниканың жағдайына ие болыңыздар және ақаулығын уақытында жоюды тырысыңыздар.
5. Мүмкіндігіңіз бойынша тиімді сантехниканы алыңыздар: мәселен, ағызу екі кестелі унитаз.
6. Ыдыс жуатын және кір жуатын машиналарын толық жүктеу қалпында ғана пайдаланыңыздар.
7. Азық-түліктерді шүмек астындағы сумен жібітпеңіздер. Азық-түліктерді тоңазытқыштан мұздатқышқа алдын ала салған абзал.
8. Душ қабылдағанда, сіз ванна қабылдағаннан суды 5-7 есе үнемдейсіз. Су одан да аз пайдаланады, егер кіші диаметрлі тесіктері бар душтың тиімді сейілдеуішін қолдансаңыздар.
9. Шүмектердің саптама-шашыратқыштарын орнатыңыздар. Бұл суды тұтыну көлемін азайтады.