АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
Мекенжайы:
020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Пушкин к-сі, 11а
Телефондары: 8(7162) 76-34-27, факс: 76-33-78
e-mail: akmola_sport@mail.kz
Құрылымы
Басшылық
Бастықтың міндетін атқарушы – Соловьев Юрий Викторович
Бастықтың орынбасары – Светличный Владимир Степанович 763374
Бастықтың орынбасары – Батырханов Шынарбек Бүркітбайұлы 401592
Туризм бөлімі – 401541
Спорт бөлімі – 763376
Әкімшілік бөлімі – 762134
Қаржы бөлімі – 763375, 763040
Келушілерді қабылдау:
Бастықтың міндетін атқарушы:
Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау: сейсенбі
сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін
Жастар мен жастар ұйымдарының өкілдерін қабылдау: дүйсенбі
сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін
Негізгі міндеттер мен функциялар:
1) Туристік қызметті, дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;
2) Туризмнің, дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымдарын дамыту;
3) Салаларда ақпараттық-жарнамалық және баспа жұмыстарын ұйымдастыру;
4) Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жұмыстарын ұйымдастыру;
5) Облыста дене шынықтыру-спорттық және туристік мекемелер үшін мамандардың дайындығын ұйымдастыру және реттеу, олардың біліктілігін көтеру, сондай-ақ мамандарды тиімді пайдалану, спорттық қозғалысты насихаттау;
6) Қызығушылық танытқан ведомстволармен бірге туризм, дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;
7) Туризмді, дене шынықтыру мен спортты дамытудан мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша облыстық басқармалардың, департаменттердің, комитеттердің, ведомстволардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ салалардың өзекті жағдайларын практикалық тұрғыдан шешуге қатысты мәселелер бойынша қала мен аудан әкімдерімен әрекеттестігі.
Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген келесі функцияларды негізгі міндеттерге сәйкес іске асырады:
1) Туристік қызметті, дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын құруға және жүзеге асыруға қатысу.
2) Стратегия, мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде туризмді, дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша перспективалы, ағымды, мақсатты және аумақтық бағдарламаларды өңдеу және жүзеге асыру.
3) Туризмді дамытудағы аумақтық бағдарламаларды орындауға бағытталған іс-шаралардың жүзеге асырылуын іске асыру.
4) Облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын өңдеу және жүзеге асыру.
5) Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жұмыстарын ұйымдастыру.
6) Туризмнің, дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымдарын дамыту, салаға инвестицияларды тарту, облыстың туристік өнімін ішкі және әлемдік туристік нарықтарда ілгерілету.
7) спорттық дәрежелер мен санаттар беру: спорт шеберлігіне кандидат, бірінші спорттық дәреже, бірінші санат біліктілігінің жоғары және орта деңгейдегі жаттықтырушысы, бірінші санат біліктілігінің жоғары деңгейдегі нұсқаушы-спортшысы, бірінші санат біліктілігінің жоғары және орта деңгейдегі әдістемешісі, бірінші санатты спорт төрешісі;
8) аудандық және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің қызметін үйлестіру;
9) аудандық және қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін үйлестіру;
10) балалар мен жастар лагерлерінің қызметіне, туристердің бірлесуіне және өз күшімен қызмет ететін туризмнің дамуына көмек көрсету;
11) қызығушылық танытқан ведомстволармен бірлесе отырып, туризм, дене шынықтыру және спорт шеңберінде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;
12) спорт түрлерінен облыстық жарыстар өткізу;
13) әр түрлі спорт түрлерінен облыстық құрама командаларының даярлығын және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз ету;
14) облыс аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерінің дамуына қолдау көрсету;
15) облыста туристік қызмет кәсіпкерлігін халықты жұмыспен қамтуды арттыру ретінде дамыту және қолдау көрсету;
16) облыстық мамандандырылған оқу-спорттық орындардың қызметін үйлестіру;
17) спорттық құрылыстарды салу мәселелерін, сондай-ақ облыс аумағындағы туристік индустрия нысандарын жоспарлау және салу бойынша қызметтерді үйлестіру;
18) туристік қызмет субъектілеріне және облыстағы спорттық ұйымдарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;
19) Ақмола облысының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуді үйлестіру;
20) туристік қызмет көрсету нарығында талдау және туризм, дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органға Ақмола облысының аумағында туризмді, дене шынықтыруды және спортты дамыту жөнінде мәліметтер, оның ішінде статистикалық деректер беру;
21) туристік, оны ішінде туристік әлеует, туризм нысандары және туристік қызметті жүзеге асырушы адамдар туралы ақпарат ұсыну;
22) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтерді жүзеге асырушы дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтардың, секциялардың және басқа да ұйымдардың, бірінші, екінші және үшінші дәрежелі спорттық ғимараттарда дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтерді көрсету жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың, жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметтерді жүзеге асырушы ассоциациялардың (облыстық федерациялардың) қызметін лицензиялауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес туризм нұсқаушысының қызметтерін лицензиялау;
23) облыс аумағында қалыптастыру және тоқсан сайын уәкілетті органға мыналарға қосу үшін қажетті ақпарат ұсыну:
туристік қызметті жүзеге асырушы адамдардың мемлекеттік тізіліміне;
туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне.
24) халықаралық және ішкі туризмді, дене шынықтыруды және спортты дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту және оңтайлы тиімді пайдалану бойынша облыстың әр түрлі ұйымдардың, ғылыми зерттеулер және өзге де қызмет бағытындағы ұйымдардың қызметін үйлестіру;
25) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес халықаралық, өңіраралық және ішкі туристік, сондай-ақ спорттық байланыстарды жүзеге асыру;
26) туристік, спорттық ғимараттарды пайдалануға беру бойынша бекітілген нормативтерге және талаптарға және қауіпсіздік техникасы ережелеріне бақылауды жүзеге асыру;
27) спорт клубтары, мектептері және ғимараттары желісін олардың ведомствоға бағыныстылығынан тәуелсіз дамуын үйлестіру;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданыста бар ұйымдардың салаларын дамыту, осы ұйымдарды кеңейту және қайта құру үшін оның ішінде туристік, спорттық және басқа да өнімдерді өндіру үшін қаржыны жұмылдыруға бірыңғай стратегияны бағыттау және жүзеге асыру;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларымен, мамандарымен жетекші жаттықтырушыларымен және спортшыларымен шарт жасасу;
30) туризм, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауды жүзеге асыру;
31) саланың ақпараттық-жарнамалық және баспа ісін бұқаралық ақпарат құралдары, баспа, радио, телехабар арқылы ұйымдастыруды, халықаралық көрмелерге және жәрмеңкелерге қатысуды жүзеге асыру;
32) белгіленген тәртіпте туристік, дене шынықтыру және спорттық ұйымдардың үздік қызметкерлеріне құрмет атақтарын беру, оларды медальдармен, төсбелгілермен, дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау бойынша ұсыныстар беру;
33) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқарма және оның ведомствоға бағынысты ұйымдары үшін мемлекеттік тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуды жүргізу;
34) басқармаға жүктелген туризм, дене шынықтыру және спорт аясында өзге де функцияларды жүзеге асыру.