Облыс әкімі мен әкімдіктің, облыс әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады.
Мемлекеттік органдармен және барлық деңгейдегі әкімдермен Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, орталық атқарушы органдардың кесімдерін және тапсырмаларын орындауға бақылауды үйлестіруді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің өз құзіреттілігіне жататын мәселелері бойынша кесімдері мен тапсырмаларын орындауға бақылауды және олардың орындалуы бойынша облыс әкімінің хабардар етілуін ұйымдастыру.
Облыс әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының жергілікті өкілетті және атқарушы органдарымен өзара қатынас жасауын жүзеге асыру.
Жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың Орталық, облыстық және төменгі тұрған сайлау комиссияларымен өзара қатынас жасасуын қамтамасыз ету.
Облыс әкімі үшін облыстың стратегиялық өңірлік саясаты, жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жетілдіру, облыстағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бірлескен үйлесімді жұмысы туралы ұсыныс дайындауды жүзеге асыру.
Облыс әкіміне әкімдер мен жергілікті атқарушы органдардың (облыстық маңызы бар қалалардың) қызметін жетілдіру, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің актілерін жою немесе толық немесе ішінара тоқтату туралы ұсыныс енгізу.
Кадрлық саясат, кадрлар резервін құру, төменгі тұрған барлық деңгейдегі әкімдерді тағайындау мәселелері.
Облыс әкімі көмекшілерінің, кеңесшілерінің, бас инспекторларының, облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелері басшыларының, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарының жұмыстарын үйлестіру.
Сайлауға дайындалу және өткізу мәселелері.
Ақпаратты жинақтау, өңдеу жөніндегі қызметті, облыс әкімін өңірлердегі жағдай, сонымен қатар стратегиялық маңызды проблемалар туралы уақытылы және толық көлемде ақпараттандыруды, мемлекеттік басқару, мемлекеттік бақылау және облыстың өңірлік кадрлық саясат жүйесінің мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалы материалдармен қамтамасыз етуді үйлестіру.
Кадрларды дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру мәселелері.
Мемлекеттік наградалар жөніндегі заңнаманы жүзеге асыру мәселелері.
Материалдық-техникалық жабдықталу мәселелері: Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, баспасөз қызметі, облыстық Web-сайт.
Облыс әкімі аппаратының қызметін қаржылық-бухгалтерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру, облыс әкімі аппаратының банкілік және басқа да қаржылық құжаттарына қол қою.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық басқармасы – Тәртіптік кеңеспен, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы “Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығы” МКК-мен, “Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шаруашылық басқармасы” МКҚК-мен бірлесіп жұмыс істейді.
Жалпыға бірдей құқықтық білім беру жөніндегі үйлестіру кеңесін басқарады.
Облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің, облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық және кадрлар жұмысы бөлімінің, облыс әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің, облыс әкімі аппараты қаржылық-шаруашылық бөлімінің жұмыстарын үйлестіреді.
Өмірбаян
Жұпынов Болат Зарлықұлы
1974 жылы 21 қазанда Қазақстан Республикасы, Ақмола облысының Шортанды кентінде дүниеге келді. 1996 жылы С. Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің математика және информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады, 2008 жылы Еуразия гуманитарлық институтының қаржы бакалавры мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1996 жылы № 4 Макинск орта мектебі директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары болып бастады.
1998 - 2001 жылдардың аралығында Бұланды ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бойынша бас маман болып жұмыс істеді.
2001 - 2003 жылдардың аралығында Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы-инспекторы болып жұмыс істеді.
2003 - 2006 жылдардың аралығында - Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.
2006 - 2007 жылдардың аралығында Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.
2007 - 2008 жылдардың аралығында - Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болды.
2008 - 2010 жылдардың аралығында - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – істер басқарушысы болды.
2010 жылдың шілде айынан бастап - Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы