Жалпы деректер
Аумағы – 146,2 мың шаршы метр, ол республика аумағының 5,4 пайызын құрайды. 2008 жылғы 01.01. жағдай бойынша облыс тұрғындары - 747,2 мың адам, оның ішінде, қала тұрғындары – 333,4. адам (44,6%) ауыл тұрғындары – 413,8 адам (55,4%). Халықтың тығыздығы орташа есеппен 1 шаршы м 5,1 адамды құрайды.
Әкімшілік орталығы – іргетасы 1824 жылы қаланған Көкшетау қ. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығының негізінде облыс орталығын Көкшетау қ. көшіру Ақмола облысының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды кезеңі болды. 2008 жылғы 1 қаңтарға облыс орталығының халқы – 144,2 мың адам.
Облыстың құрамында облыстық маңызы бар Көкшетау және Степногорск қалалары, 17 ауылдық аудан, аудандық маңызы бар 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк, Щучье), 14 кент және 244 ауылдық округ бар. Облыс Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Батысында – Қостанай, солтүстігінде – Солтүстік-Қазақстан, шығысында – Павлодар және оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шекаралас.