Жылқыбаев Азамат Сембайұлы

1978 жылдың 11 мамырында Қарағанды облысы, Өрнек ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚҰМ университетін  «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

         Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1998 жылдың тамыз айынан Алматы қаласының құқықтық статистика және ақпарат Басқармасында бас маман қызметінен бастады.

         1999 жылдың наурызынан Алмалы ауданының көмекшісі, 2001 жылдың наурызынан Алматы қаласының қоғамдық қозғалыс қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2001 жылдың қыркүйегінен мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры болып қызмет атқарды.

         2002 жылдың сәуір айында Алматы қаласы Жетісу ауданы прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

         2003 жылдың сәуірінен бастап А.С. Жылқыбаев көлік прокуратурасы жүйесінің қызметіне ауысып, Алматы авиациялық көлік прокуроры, 2007 жылдың мамырынан Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокурорының орынбасары, 2009 жылы - бірінші орынбасары болып тағайындалды.

         2010 жылдың 3 қарашасынан Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары және прокурордың міндетің атқарушысы қызметіне тағайындалды. Қысқа мерзім ішінде А.С. Жылқыбаевпен Орталық, Оңтүстік-Шығыс және Батыс-Қазақстан аймақтық көлік прокуратурларын қайта ұйымдастыру, Бас көлік прокуратурасын құру және көлік прокурорларының қадағалау шеңберін айқындау барысында ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шаралар атқарылды.   

         2011 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Ақмола облысының прокуроры болып тағайындалды.

         Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар, бірнеше рет ҚР Бас Прокурорының бұйрықтарымен марапатталған. Көптеген мақалалар мен жарияланымдардың авторы.   

         Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Имя:
Пароль:
Забыли пароль? | Регистрация


Чтобы быть в курсе опубликованных новых материалов и всех изменений на нашем сайте, Вы можете подписаться на рассылку.

После регистрации вы получите письмо на ваш e-mail, пожалуйста подтвердите его для активации почтовой рассылки.
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
web портал Акмолинской области © 2011
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: Көкшетау қ., Абай көшесі, 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44
ФАКС: 8 (7162) 29-73-10
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akim@akmo.kz
на верх страницы