Жүсіп Еркін Хәкімұлы «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бастығы

1954 жылы 1 қаңтарда Көкшетау облысы Рузаев ауданы Рузаев ауылында туды. Қазақ.
Әке-шешесі: Әкесі Жусупов Хәкім Әбукәрімұлы, 1916 ж. туып 1995 ж. дүниеден өткен, партиялық және кеңестік органдарда жұмыс істеді. Шешесі Жусупова Рахима 1921 ж. туып 1993 ж. дүниеден өтті, үй шаруасындағы әйел.
Қарағанды қаласының политехникалық институтын бітірді (1977 ж.), инженер-механик.
1971 ж. бастап - Қарағанды қ. политехникалық институтының студенті. 1977 ж. бастап - «Кокчетавстрой» трестінің № 2 автокөліктік кеңсесінің механигі. 1978 ж. бастап - механик, Красноармейский Автокөліктік жолаушылар кәсіпорны автоколоннасының бастығы (Көкшетау облысы Красноармейск қ.). 1980 ж . бастап - Красноармейск аудандық шаруашылық басқармасының техника қауіпсіздігі бойынша инженері. 1984 ж. бастап - инструктор, партком хатшысы, Красноармейск аудандық комиссия партиясының екінші хатшысы. 1991 ж. бастап - төраға орынбасары, Көкшетау облысы Красноармейск аудандық халықтық депутататтар Кеңесінің төрағасы. 1993 ж. бастап 2001 ж. дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 2002 ж. бастап - Солтүстік Қазақстан облысының жерлерді қорғау және пайдалануға бақылау жүргізу бойынша Тайынша аудандық инспекциясының бастығы. 2004 жылдың мамыр айынан бастап - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Көлік және коммуникация департаментінің бас маманы. 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап - Ақмола облысы бойынша тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек департаментінің ұйымдастырушылық бөлімінің бастығы. 2005 жылдың тамыз айынан бастап 2006 жылдың қазан айына де йін - «Көкшетау қ. ТҮКШ бөлімі» ММ бастығы. 2007 жылдың маусым айынан бастап - Ақмола облысының табиғи ресуртар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің бас маманы. 2007 жылдың қараша айынан бастап - Ақмола облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика бөлімінің бастығы. 2009 ж. бастап - Ақмола облысы әкімі аппаратының өндірістік сала салаларды талдау бөлімінің меңгерушісі.
2010 жылдың 21 мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бастығы.