«Ақмола облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесінің

ережесін бекіту туралы» Ақмола

облысы әкімдігінің 2005 жылғы 19

шілдедегі № А-7/242 қаулысына

өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 19 шілдедеі № А-7/242 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:  

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жаңа редакцияда мазмұндалсын және бекітілсін. 

2. «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Ережеге енгізілген өзгерістерді Қаазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ақмола облысының әділет департаментінде тіркелуін қамтамасыз етсін. 

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Облыс әкімі                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы әкімдігінің _____________№_____ қаулысымен бекітілді 

                                                                 Ақмола облысы әкімдігінің

2005 жылғы 19 шілдедегі № А-7/242 қаулысымен бекітілген 

 

 

«Ақмола облысы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

 

1.     Жалпы ережелер

 

1. «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – облыс әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, облыстық жергілікті атқарушы органның және облыс әкімінің қызметін қамтамасыз етеді. 

2. Облыс әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 

3. Облыс әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауы жазылған мөрі мен бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамалық тәртіпте ашылған есеп-шоттары бар.  

4. Облыс әкімінің аппараты туралы ереже, оның құрылымы облыс әкімдігімен бекітіледі. 

5. Облыс әкімінің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.  

6. Облыс әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өз құзыреттілігінің мәселелері бойынша бұйрықтар түріндегі құқықтық актілерді шығарады.  

7. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима Акмолинской области».

8. Орналасқан орны: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83.

9. Ақмола облысының әкімдігі (бұдан әрі - құрылтайшысы) облыс әкімі аппаратының құрылтайшысы болып табылады. Осы ереже облыс әкімі аппаратының құрылтайшылық құжаты болып табылады.   

10. Облыс әкімінің аппараты мен құрылтайшының арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.   

11. Облыс әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүргізіледі.

 

2.              Негізгі міндеттері мен қызметтері

 

         12. Облыс әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалы, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету облыс әкімдігі және әкімі аппаратының негізгі заты және мақсаты болып табылады. 

         13.Облыс әкімі аппаратының қызметтері:

облыс әкімінің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, орталық атқарушы органдармен, облыстық мәслихатпен, облыстың мемлекеттік органдарымен, саяси партиялармен, мәдени, шығармашылық, діни ұйымдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; 

Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер-Министрінің қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру; 

жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын әзірлеу; 

жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; 

облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; 

Ақмола облысының аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру; 

         аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің және әкімдерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері аппараттарының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру, олардың жұмысын жетілдіру; 

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктері) бағыттары бойынша қызмет тиімділігін бағалауды жүзеге асыру; 

облыстың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіру; 

діни және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі қызметті ұйымдастыру;  

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру; 

         ведомствоаралық мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынас жасасуды және үйлестіруді ұйымдастыру; 

сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерімен сыбайлас жемқорлықпен күресуде қабылданып жатқан шаралар бойынша талдау жүргізу; 

әкімінің қатысуымен облыстық іс-шараларды ұйымдастыру;  

заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын, облыс әкімдігнің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру және олардың орындалуына ішкі аудитті (бақылауды) жүзеге асыру; 

облыс әкімімен халыққа есеп беру кездесулерін өткізуді ұйымдастыру; 

         аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерімен халыққа есеп беру кездесулерін өткізуді үйлестіру;  

әкім аппаратының кадрлық саясатын ұйымдастыру, облыс әкімімен тағайындалатын төменгі тұрған әкімдерді, қызметкерлерін тағайындау, тәртіптік жауапкершілікке тарту, лауазымды тұлғаларды жұмыстан босату, олармен біліктілікті арттыруды ұйымдастыру;

кадрлық резервті құру;  

Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын және өзге де стратегиялық құжаттарды орындамағаны үшін жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу; 

кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің лауазымдарына үміткерлерді келісуді жүзеге асыру; 

сайлау өткізуді ұйымдастыру; 

әкімдіктер мен мәслихаттардың Орталық, облыстық және төменгі сайлау комиссияларымен өзара қарым-қатынастарын қамтамасыз ету; 

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жобаларын әзірлеу; 

облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын әзірлеу; 

облыс әкімдігі қаулылары, облыс әкімі шешімдері мен өкімдері жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестілігін зерделеу;  

облыс әкімінің және әкімдігінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу; 

облыс әкімінің және әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының наразылық-шағымдық жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; 

алқа билерге үміткерлердің тізімін құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;  

аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің нормашығармашылық қызметін үйлестіру, енгізілген прокурорлық ықпал ету актілерін талдау;  

қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету, жоғарғы тұрған және төменгі тұрған мемлекеттік органдармен және облыстың ұйымдарымен құжат айналымын ұйымдастыру; 

облыс әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету; 

жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды Бірыңғай электрондық құжат айналымына тартуды ұйымдастыру; 

ақпараттық жүйелерді құруды ұйымдастыру; 

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің интернет-ресурстарын құруын үйлестіру; 

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметін үйлестіру;  

жергілікті мемлекеттік басқарудың мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметті ұсынуына талдауды жүзеге асыру; 

 

мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; 

облыстың халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыру; 

мемлекеттік құпияларды қорғаудың мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; 

гендерлік саясаттың мәселелерін әзірлеуге қатысу; 

облыс әкімінің және әкімдігінің жанындағы жұмыс топтарының және консультативтік-кеңестік органдардың жұмысын ұйымдастыру 

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру; 

мемлекеттік органдардың жабдықтау қызметін орындау және мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы ұйымдардың қызметін үйлестіру.

14. Облыс әкімі аппаратының өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыруы үшін құқығы бар: 

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге де ұйымдардан құжаттарды сұратуына және алуына; 

2) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыруына; 

3) облыс, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің және активтерінің, комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына, облыстың мемлекеттік органдарымен өткізілетін іс-шараларға қатысуына; 

4) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері аппараттарының қызметшілерін облыс әкімдігімен және әкімімен қаралатын құжаттарды дайындауға тартуына;      

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыруына.

 

3. Басшының өкілеттілігі

 

15. Облыс әкімінің аппаратын облыс әкімімен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.  

Облыс әкімі аппараты басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады. 

16. Облыс әкімі аппаратының басшысы облыс әкімі аппаратының жұмысына басшылық жасайды және оның жұмысын ұйымдастырады, облыс әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және онымен өзінің қызметтерін жүзеге асыруына жеке жауапкершілік жүктеледі. 

17. Облыс әкімі аппаратының басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шара қолданады және ол үшін жеке жауапкершілік жүктеледі. 

18. Облыс әкімі аппаратының басшысы мынадай қызметтерді жүзеге асырады: 

1) өзінің орынбасарларының, облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, бас инспекторлардың, облыс әкімі көмекшілерінің міндеттерін және өкілеттіліктерін айқындайды; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте облыс әкімі аппаратының қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;   

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімінің аппаратын мемлекеттік ұйымдарда ұсынады; 

5) облыс әкімі аппаратының құқықтық актілеріне қол қояды; 

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте облыс әкімі аппаратының қызметшілерін марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені шешеді; 

7) облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелері қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; 

8) облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелерінің ережелері және облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелері жетекшілерінің нұсқаулықтары облыс әкімінің бекітуіне енгізіледі;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

          19. Облыс әкімі аппараты басшысының болмағаны кезінде оның міндеттерін орынбасары атқарады. 

20. Облыс әкімі аппаратының әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынас жасасуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

21. Облыс әкімі аппараты басшысының, оның болмағаны кезінде оның орынбасары – істер басқарушысының барлық банкілік құжаттарға және қаржылық есептерге бірінші қол қою құқығы бар. Қаржылық-шаруашылық бөлімі меңгерушісінің – бас бухгалтердің аппаратты ұстаудың есеп-шоттары бойынша банкілік құжаттарға екінші қол қою құқығы бар. 

 

 

4. Жұмыс режимі

 

22. Жұмыс уақытының ұзақтылығы аптасына 40 (қырық) сағатты құрайды. 

23. Жұмыс тәртібі:

жұмыстың басталуы

демалыс және тамақтану үшін үзіліс

жұмыстың аяқталуы

демалыс күндері 

09 сағат 00 минут

сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

сағат 18.00

сенбі, жексенбі.

 

                                    

5.     Мүлік құрылуының тәртібі

 

24. Облыс әкімі аппаратының жедел басқару құқығында жеке мүлкі болады. Облыс әкімі аппаратының мүлкі мемлекетпен берілген мүлік есебінен құралады, негізгі қордан және айналым қаражатынан тұрады. 

25. Облыс әкімі аппаратының мүлкі облыстық коммуналдық мүлікке жатады. 

26.  Облыс әкімі аппаратының өз бетінше бекітіліп берілген мүліктен бас тартуына немесе басқа да тәсілмен өкім жүргізуіне құқығы жоқ. 

 

 

6.     Облыс әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және жою

 

          27. Облыс әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.