Ақмола облысы әкімінің аппаратында 2012 жылғы
1-тоқсанда азаматтардың өтініштерімен атқарылған
жұмыс туралы
АҚПАРАТ
Облыс
әкімінің аппаратымен азаматтардың жазбаша және ауызша
өтініштерін қарау жөнінде жүрігізілетін жұмыс
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12
қаңтардағы №221-ІІІ ҚРЗ сәйкес жүзеге
асырылады.
2012 жылдың
1-тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың
жазбаша өтініштерімен жұмысты жетілдіруге, өтініштерді тіркеу
үшін электрондық құжат айналымының жүйесін
барынша кеңінен қолдануға қатысты бірқатар
ұйымдастырушылық және практикалық шаралар
атқарылды. Облыс субъектілерін жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін автоматтандырылған
ақпараттық жүйеге көшіру бойынша жұмыс
жүргізілуде.
Азаматтардың жазбаша
өтініштері.
Есептік кезеңде
облыс әкімінің аппаратына 565
жазбаша өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке
тұлғалардан – 313,
заңды тұлғалардан – 252.
Өтініштердің
келіп түсуіне жүргізілген талдау, өткен жылғы осы
кезең көрсеткішімен салыстырғанда жеке
тұлғалардан 2012 жылғы 1-тоқсанда келіп түскен
өтініштердің 205-ке,
оның ішінде ҚР Президентінің Әкімшілігі арқылы –
3-ке, ҚР Үкіметінен – 6-ға, ұжымдық
өтініштердің – 7-ге, иесі бүркемеленген
өтініштердің – 1-ге азайғандығын, сонымен қатар
мемлекеттік тілде +28-ге, ҚР Министрліктері мен ведомстволарынан +15-ке
және жеке тұлғалардан қайталама
өтініштердің +17-ге көбейгендігін көрсетті.
|
Азаматтар
өтініштерінің келіп
түсуі |
2011
ж. 1-тоқсаны |
2012
ж. 1-тоқсаны |
айырмашылығы +/- |
|
барлығы |
518 |
313 |
- 205 |
|
мемлекеттік тілде |
61 |
89 |
+ 28 |
|
ҚР Президентінің Әкімшілігінен |
48 |
45 |
- 3 |
|
ҚР Үкіметінен |
10 |
8 |
- 2 |
|
ҚР Министрліктері мен басқа да
ведомстволардан |
56 |
71 |
+ 15 |
|
ҚР Парламентінен |
16 |
10 |
- 6 |
|
ұжымдық |
55 |
48 |
- 7 |
|
иесі
бүркемеленген |
7 |
6 |
- 1 |
|
қайталамалы |
5 |
22 |
+ 17 |
Азаматтар
өтініштерінің мазмұнына жүргізілген талдау, басым
көпшілік өтініштердің келесі мәселелерді
қозғайтындықтарын көрсетті:
|
Мәселелер: |
2011 ж. 1-тоқсаны |
2012 ж. 1-тоқсаны |
+/- |
|
тұрғын үй беру және тұрғын үй дауларын шешу |
74 |
73 |
- 1 |
|
әлеуметтік қамтамасыз ету |
34 |
50 |
+ 16 |
|
жер пайдалану және жер телімдерін бөлу |
30 |
37 |
+ 7 |
|
тұрғын үй-коммуналдық сала |
66 |
30 |
- 36 |
|
еңбек және халықты жұмыспен қамту |
20 |
25 |
+ 5 |
яғни, облыс тұрғындары
әлеуметтік қамтамасыз ету проблемаларды көп және
тұрғын үй-коммуналдық сала бойынша айтарлықтай аз
қозғайтын болды, сондай-ақ тұрғын үй алу
өзекті проблема болып қалып отыр.
Өтініштердің
басым көпшілігі аумақтылығы және
құзыреттілігі бойынша аудандар мен қалалар
әкімдерінің аппараттарына, облыстық басқармалар мен
департаменттерге жолданады, онда олар қаралады және
нәтижелері бойынша өтініш иелеріне жауап дайындалады.
Заңды
тұлғалардың өтініштері.
Облыс
әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан
барлығы 252 өтініш келіп
түсті, ол 2011 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 65 өтінішке көп.
|
Азаматтар
өтініштерінің келіп
түсуі |
2011
ж. 1-тоқсаны |
2012
ж. 1-тоқсаны |
айырмашылығы +/- |
|
барлығы |
187 |
252 |
+ 65 |
|
мемлекеттік тілде |
12 |
35 |
+ 23 |
|
ҚР Президентінің Әкімшілігінен |
2 |
- |
- 2 |
|
ҚР Үкіметінен |
4 |
6 |
+ 2 |
|
ҚР Министрліктері мен басқа да
ведомстволардан |
14 |
4 |
- 10 |
|
ҚР Парламентінен |
2 |
- |
- 2 |
|
ұжымдық |
3 |
- |
- 3 |
|
қайталамалы |
3 |
9 |
+ 6 |
Олардың басым
көпшілігі келесі мәселелерді көтерді:
|
Мәселелер: |
2011 ж. 1-тоқсаны |
2012 ж. 1-тоқсаны |
+/- |
|
ТҮКШ |
32 |
17 |
- 15 |
|
ауыл шаруашылығы |
46 |
22 |
- 24 |
|
жер қатынастары |
20 |
33 |
+ 13 |
|
әлеуметтік қамтамасыз ету |
35 |
10 |
- 25 |
|
құрылыс |
10 |
13 |
+ 3 |
Жеке және заңды
тұлғалардың электрондық өтініштері.
Есептік кезеңде
облыс әкімінің аппаратына 411
электронды өтініш келіп түсті, оның ішінде: жеке
тұлғалардан – 402,
заңды тұлғалардан – 9.
Жүргізілген талдау
2012 жылдың 1-тоқсанында өткен жылғы осы кезеңмен
салыстырғанда өтініштердің 113-ке, оның ішінде:
ҚР Министрліктері мен ведомстволары арқылы + 5-ке, ұжымдық өтініштер + 30-ға және мемлекеттік тілде + 18-ге көбейгендігін көрсетті. Сонымен қатар,
қайталама өтініштердің 7 өтінішіке, сондай-ақ
ҚР ПӘ келіп түскен өтініштер 2-ге төмендеді.
|
Азаматтар
өтініштерінің келіп
түсуі |
2011
ж. 1-тоқсаны |
2012
ж. 1-тоқсаны |
айырмашылығы +/- |
|
барлығы |
298 |
411 |
+113 |
|
ҚР Президентінің Әкімшілігінен |
4 |
2 |
-2 |
|
ҚР Үкіметінен |
- |
- |
- |
|
ҚР Парламентінен |
- |
- |
- |
|
ҚР Министрліктері мен басқа да
ведомстволардан |
- |
5 |
+5 |
|
мемлекеттік тілде |
3 |
21 |
+18 |
|
иесі бүркемеленген |
1 |
1 |
- |
|
қайталамалы |
19 |
12 |
-7 |
|
ұжымдық |
8 |
38 |
+30 |
Азаматтар
өтініштерінің мазмұнына талдау жүргізетін болсақ,
келесі маңызды мәселелерді көруге болады:
|
Мәселелер: |
2011 ж. 1-тоқсаны |
2012 ж. 1-тоқсаны |
+/- |
|
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық |
75 |
144 |
+69 |
|
әлеуметтік қамтамасыз ету |
15 |
34 |
+19 |
|
денсаулық сақтау |
12 |
32 |
+20 |
|
білім беру |
16 |
31 |
+15 |
яғни, облыс тұрғындары
тұрғын үй-коммуналдық сала, әлеуметтік
қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру
мәселелерін көп көтеретін болды.
Өтініштердің
басым көпшілігі аумақтылығы және
құзыреттілігі бойынша аудандар мен қалалар
әкімдерінің аппараттарына, облыстық басқармалар мен
департаменттерге жолданады.
Облыс
әкімінің аппаратында азаматтардың өтініштерімен
жұмыс атқару және «Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі
туралы» ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221
Заңын мүлтіксіз орындау басшылықтың тұрақты
бақылауына алынған.
Облыс әкімі мен
оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы.
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 974 қаулысына сәйкес, ай сайын облыс әкімімен
сәрсенбі, оның орынбасарларымен жұма күндері
азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі.
2012 жылғы
1-тоқсанда облыс әкімімен және оның орынбасарларымен 34
(2011 жылдың
1-тоқсанында – 27, «+7») адам қабылданды. Жеке
қабылдауларда азаматтар жер телімін бөлу, жалақы
төлемеу, объектілердің құрылысы, тұрғын
үй жағдайын жақсарту, жұмыспен қамту,
коммуналдық қызметтің және қоғамдық
бірлестіктердің жұмысы, мәдениет, білім беру, туризм
және басқа да мәселелер көтерілді.
Облыс әкімі
және оның орынбасарлары қызметтік іссапарлармен облыс
өңірлеріне ұдайы шығып тұрады, еңбек
ұжымдарымен, қоғамдық ұйымдармен,
аудандардың, қалалардың және ауылдық
округтердің тұрғындарымен кездеседі, сол кездесулердің
барысында және олардың қорытындысы бойынша көптеген
әлеуметтік сипаттағы, тұрғын үй-коммуналдық
саласына қатысты мәселелер және басқа да проблемалар
шешіледі. Кездесулер жергілікті басылымдарда кеңінен жарияланады.