1 наурыз күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткізілген республикалық кеңесте 2010 жылы іске асырыла бастаған инвестициялық жобалардың бүгінгі жай-жапсары, сондай-ақ, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылатын жаңа жобалардың барысы туралы мәселелер қаралып, талқыланды.
Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша респбликалық ведомстволар мен ұлттық компаниялардың басшылары және Астана, Алматы қалалары мен облыстың әкімдері есеп берді. Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко өзінің хабарламасында 2010 жылы облыста барлығы 73,6 миллиард теңгенің 15 инвестициялық жобасы іске асырылатындығын атап көрсетті.
Ал, жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылған 11 инвестициялық жоба жайында да осыны айтуға болады. 2011 жылы бастапқыда 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланса, кейін индустрияландыру картасын өзектендіруді ескере отырып, тағы 7 жобаны осы тізімге енгізу жөнінде қосымша шешім қабылданды. Сөйтіп, биыл жалпы сомасы15,8 миллиард теңгенің 12 инвестициялық жобасын іске асыру көзделіп отыр.
Кеңесте облыс әкімі Сергей Дьяченко Үкімет басшысына Степногорск қаласындағы «Казатомпром» кәсіпорнындағы күкірт қышқылы зауытын қайта жаңарту жобасына қаржылай көмек көрсету жөнінде тілек білдірді. Кеңес барысында Премьер-Министрге ұлттық даму институттарының басшылары мәлім еткеніндей, бұл жобаны қосымша қаржыландыруға берілген өтінім қазірдің өзінде қаралып, тау арада қаржы бөлу мәселесі шешілгелі отыр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі