Мереке күндері облыс әкімі Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Бурабай және Бұланды аудандарында, сондай-ақ, Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылы мен Қорғалжын ауданының Сабынды ауылында болып, өңірлердегі Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына дайындық жұмыстарының барысымен танысу мақсатында жергілікті сайлау учаскелерін аралап көрді, осы бүкілхалықтық істің бүгінгі жай-күйіне назар аударып, сайлауға тыңғылықты әзірлікпен келудің маңызын атап көрсетті.Бурабай ауданында барлығы 78 сайлау учаскесі тіркелсе, оның 25-і аудан орталығы Щучинск қаласында орналасқан. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің ЦСКА оқу-жаттығу орталығының аумағында орын тепкен №760 сайлау учаскесінде сайлаушылар саны 1200 адамды құрайды. Бұл тізім әлі де толықтырылып, түгенделу үстінде. Облыс әкімінің сайлаушылардың көңіл-күйі жөніндегі сауалына учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Ирина Сидорович «жақсы» деп жауап берді.Осы жолы Сергей Дьяченко оқу-жаттығу орталығын аралап көрді. Бұл орталықты Қорғаныс Министрлігінің балансынан облысқа беру мәселесі өткір күйінде тұр.№6 орта мектепте орналасқан №764 сайлау учаскесінің төрағасы Қуанышбек Шаяхметов алдын ала болжам бойынша сайлаушылардың 98 пайызы сайлауға қатысатындығына сенім білдірді. Мектеп үйін аралаған облыс әкімінің оқу орнының эстетикалық бет- бейнесін әлі де болса жақсарту жөнінде мектеп директорына жасаған ескертуі де негізсіз емес еді.Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында құрылған №763 учаскелі сайлау комиссиясының төрайымы Жұмагүл Боранбай учаскенің сайлау туралы қажетті әдебиеттермен, көрнекі құралдармен жете қамтамасыз етілгендігін айтады. Ал, бұл сайлаушылардыың мұнда өздерін толғандырған барлық сауалдарға жауап ала алатындығының кепілі болса керек.Бұланды ауданында Сергей Дьяченко №4 орта мектеп пен Балуан Шолақ атындағы орта мектепте орналасқан №256 және №260 сайлау коммиссияларының мүшелерімен кездесті. Аудан әкімі Ермек Нұғыманов сайлауға дайындық өзінің шешу сәтіне ойысып келе жатқандығынан, қазір ауданда барлық сайлау учаскелері сайлауды ұйымшылдықпен өткізу үшін белсене жұмысқа кіріскендіктерінен хабардар етті.«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының сайлау алдындағы қоғамдық штабында да жұмыс қарбалас екендігі байқала түседі. Жалпы, Бұланды ауданында 44 сайлау учаскесі құрылса, оның 11-і аудан орталығы Макинск қаласында орналасқан көрінеді. Жергілікті атқарушы билік өкілдері сайлаудың сайлаушылардың белсенділіктерімен өтетіндігіне сенімді.Облыс әкімі бұл жолы Макинск қаласындағы қоғамдық монша мен сауда үйлерінің бірінде болуды жан көрді. Халықпен осы кездесулердің барсында қызмет сапасы, азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөнінде көбірек сөз қозғалды. Сергей Дьяченко мерекеге байланысты әсіресе, әйелдер қауымына жалпы лебіз білдіріп, отбасы мен қоғамдық істерде олардың алатын орнына өзінің жоғары бағасын берді.Целиноград ауданының Ақмол ауылында да сайлау учаскелері мен жаңадан салынып жатқан қоғамдық моншаның құрылысын аралап көрген облыс әкімі Қорғалжын ауданының Сабынды ауылында «АстанаАгроПродукт» серіктестігінің жылына 5 мың тонна экспортқа бағдарланған ет шығара алатын өңдеу кәсіпорнында болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі