Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні, ҚР Премьер‑Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен селекторлық мәжіліс көктемгі егіске әзірлік мәселелері қаралып, талқыланды.
Республикалық ведомстволар мен қызметтердің басшылары хабарлағанындай, жауапты науқанға әзірлік деңгейі ойдағыдай, ауыл шаруашылығы техникасы негізінен, сақадай-сай деуге болады. Қажетті тұқым қоры жасалып, аграрлық саланы көктемгі егіс кезінде қаржыландыру және субсидиялар бөлу мәселелері де шешімін тауып келеді. Облыстарға республиканың мұнай өңдеу зауыттарынан жөңелдетілген бағамен жанар-жағар май жөнелту жолға қойылып отыр.
Селекторлық кеңесте еліміздің белгілі аграршылары ылғал сақтау технологиясын, соның ішінде «нөлдік циклді» қолдану мәселелерін көтерді. Осы жолы Үкіметке есеп берген Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко өңір диқандарыының көктемгі дала жұмыстарына толық дайын екендіктерін айта келе, жақын орналасуына байланысты облысты Павлодар мұнай өндеу зауытына бекіту экономикалық жағынан тиімді болатындығы жөнінде ұсыныс білдірді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі