Облыс әкімі Сергей Дьяченко «Көкшетау» мәдениет сарайында «Көңілділер және тапқырлар клубы» Ақмола лигасының жаңа маусымының ашылуына қатысып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және клуб мерейтойына арналған сайыстың деңгейі мен оған қатысушылардың өнеріне жоғары баға берді.
Ақмола облыстық әкімдігінің және «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен өткізілген шараға Ақмола облысынан он алты, Астана қаласынан үш және Петропавл қаласынан бір команда қатысты. Тартысты өткен сайысты бірінші орынды Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Асфальт» көңілділер және тапқырлар клубы жеңіп алды. Екінші орын Көкшетау экономика және менеджмент институтының командасына бұйырды. Осы сайыста жарқырап көрінген Зеренді ауданындағы Шағалалы ауылы құрама командасының мүшелері лайықты түрде үшінші жүлделі орынды еншіледі.
Жарыс қорытындысына «Рестарт» командасы «Риск Бизнес» және «Инкомсервис» серіктестігінің арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, сайыста Көкшетау техникалық институтының, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің командалары мен Астананың жастар құрамасы және Ақмола облысының «Үш жүз» құрама командасы жақсы қырларынан көрінді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі