Өткен аптада облыс әкімі Сергей Дьяченко жұмыс бабындағы кезекті сапармен Жарқайың, Есіл, Жақсы, Атбасар және Астрахан аудандарында болып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауынан туындайтын іргелі міндеттерге байланысты алда тұрған жұмыстарды нақтылап, пысықтады.Облыс әкімі С.А.Дьяченко алдымен Державин қаласында салынып жатқан тұрғын үй және Есіл қаласындағы қазақ орта мектебінің құрылысында болып, қос нысаныңда бүгінгі жағдайынан дәйекті көңіл бөлді. Құрылыс ұйымдарына жұмыс қарқынын арттыруда тапсырып, әсіресе білім ордасының жаңа оқу жылының басында іске қосылуы қажеттігін қатаң ескертті. Сондай-ақ, аудандарында жаңа жұмыс орындарының ашылуы, халықтың жағдайы, еңбек ақының мөлшері сияқты мәселелер да назардан тыс қалған жоқ. Ал, Атбасарда электровоздар шығаруға кірісіп жатқан «Байтерек-А» кәсіпорнында болғанында орташа еңбек ақының 75 мың теңге құрайтындығына ризашылығын білдірді. Өңір басшысы аудандардағы бірқатар шаруашылықтарды, соның ішінде Есіл ауданының «Новоприречное» серіктестігін де аралады, ауыл еңбеккерлерімен жүздесіп, аудандардың бәрінде актив жиналыстарын өткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі