Наурыз мейрамының алдында және мереке күндері облыс әкімі Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Ерейментау,Сандықтау және Зеренді аудандарында болып,осы өңірлердегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты, шаруашылықтардың алдағы көктемгі егіске дайындық мәселелеріне назар аударып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты биылғы Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерді пысықтап, белгіледі.Облыс басшысы бірінші кезекте Ерейментау ауданының орталығындағы мәдени-спорт кешеніне ат басын тіреп, белбеу күресі бойынша жалауы көтерілген Қазақстан Республикасы кезекті чемпионатының ашылу салтанатына қатысып, алғашқы белдесулерді тамашалады. Республикамыздың әр өңірінен келген спортшылар алдында сөз алған С.А.Дьяченко спортшыларға сәттілік тілеп, жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, спорт кешеніне 10 пар шаңғы табыс етті.Осыдан кейін облыс әкімі Ерейментау қаласының Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан, бірнеше жылдан бері қаңырап, қирап тұрған 75 пәтерлік бес қабатты үйдің жай-жапсарымен танысты. Биылғы жаздан бастап мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмекші. Тұрғын үйдің ішкі-сыртқы жөндеу жұмыстарын, коммуникация жүйелерін жаңартуды тікелей мойнына алған мердігер ұйым оны күз түскенше пайдалануға беруді межелеп отыр. Егер бұл ауқымды жұмыс сапалы жүргізіліп, уақытында жүзеге асатын болса, үй алу үшін кезекте тұрғандардың баспана мәселесінің біршама оң шешілетіндігі сөзсіз.Аудан орталығындағы Бөгенбай Батыр атындағы қазақ мектебі мен осыдан 58 жыл бұрын іргесі қаланған №3 орыс мектебінде болған кезінде Сергей Дьяченко мектептің сынып бөлмелерін аралап көріп, асханасына кіріп, ас мәзірімен танысып, мұғалімдер ұжымымен, оқушылармен емен-жарқын әңгімелесті.Өңір басшысы сондай-ақ, «Ереймен су арнасы» кәсіпорнында, кейінгі жылдары ашылып, тұрғындарға мінсіз қызмет көрсетумен келе жатқан «Рахат» сауда орталығында, қазіргі кезде жөндеу жұмыстары аяқталып қалған 100 орындық «Сказка» бала бақшасында болып, мұндағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен жан-жақты танысты.Ерейментау ауданындағы жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Сергей Дьяченко «Торғай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келді. Серіктестік басшысы Валерий Корнелюк облыс әкімін шаруашылықтың бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігімен жан-жақты таныстырды. Облыс басшысы өз кезегінде қай салада болсын, жұмысты ширата жүргізіп, алда тұрған ауқымды міндеттерді бірлесе шешу керек екендігін қаперге салды.Өңір басшысы Сандықтау және Зеренді аудандарында тұрғын үй құрылысының, мал шаруашылығын дамытудың, соның ішінде әсіресе, мал соятын орындарды жабдықтаудың, ауыл еңбеккерлерін қалыпты өмір сүруіне қажетті жағдайлар туғызудың жай-жапсарына көңіл бөлді. Мәселен, Зеренді ауданында соғыс және еңбек ардагерері мен жас мамандарға, сондай-ақ кезекте тұрған халықтың әлеуметтік топтарына арналып салынып жатқан 20 пәтерлік тұрғын үйде болды. Сондай-ақ биыл қолға алынған дене шынықтыру сауықтыру орталығының құрылысымен танысып, облысымыздың басқа өңірлері де осындай игі қадамнан үлгі-өнеге алуы керектігін атап өтті.Аудан орталығында облыс әкіміне жаңа мал сою пункті таныстырылды. Оның бүкіл ауданға қызмет көрсететін мүмкіндігі бар. Өйткені, материалдық-техникалық базасы көңілден шығарлықтай. С.А.Дьяченко осындағы шаруа қожалығының жылқы фермасын аралап көргеннен кейін, Викторовка селолық округінде өндірістік және әлеуметтік нысандарды, соның ішінде таяуда ғана пайдалануға берілген қоғамдық моншаны өз көзімен көріп, жақсы баға берді.Ермаковка селосында өңір басышы «Зеренді» серіктестігінің тауарлы-сүт фермасын аралап көріп, сө сөзінде сүтті мал шаруашылығын дамытудағы бұрынғы тәжірибенің қайта жандандырылып келе жатқандығына тоқталып өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі