Облыс әкімі Сергей Дьяченко облыс орталығы Көкшетау қаласындағы «Тәуелсіздік» алаңында өткізілген Наурыз мерекесінде құттықтау сөз сөйлеп, күн мен түн теңесіп, табиғаттың осы бір жаңарған кезеңімен бар арман-үміттерін байланыстыратын қалың жұртшылыққа өмірдің шуағын, ынтымақ-берекесі мен бар жақсылығын тіледі.Тәуелсіздік алаңында Наурыз мейрамына арналған театрландырылған қойылылымнан бұрын халыққа өз құттықтау сөзін арнаған облыс әкімі С.А. Дьяченко Ақмола өңірінің бүкілхалықтық мерекені еңбекте зор табыстармен қарсы алып отырғандығын атап өтті. Қазір барлық салада да айқын алға басушылық бар. Ол айналамыздағы жаңарған өмірден де, осындайда мысалға келтіруге болатын көптеген деректер мен дәйектерден де анық аңғарылады.Ұлыстың ұлы күні биыл жылдағыдан біршама өзгеше тойланып, алдымен облыс әкімінің жеті Ұлы Отан соғысының ардагері жаңа пәтерлердің кілтін, ал, бір топ ардақты аналар Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар алды. Мереке күні көптен күткен мұндай-қуанышқа кенелген майдангерлеріміздің арасында сұрапыл соғыстың бар от-жалынынан өткен Саттар Жақанов, Шортан Закирин, Николай Дериглазов сияқты ардақтыларымыз бар.Алаңда оннан аса ақ киіз үйлер тігіліп, көптеп жиналған халық «Құт береке мейрамы Наурыз жасасын» атты театрландырылған қойылым мен мерекелік концертті зор ықыласпен тамашалады. Облыс әкімі киіз үйлердің бірінде қазақ халқының салты бойынша баланың тұсауын кесті.Тәуелсіздік алаңына Қызыр ата бастаған ойын-сауық керуеннің келуі, күрес, бокс сияқты спорт түрлерінен қызғылықты жарыстардың ұйымдастырылуы халықтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы алдындағы көңіл-күйін көтеріп, Наурыз сәнін аша түскендей болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі «Арқа Ажары» газетінің ақпаратынан