Ағымдағы жылдың 25 наурыз күні, облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен өткізілген әкімідік мәжілісінде 2010-2011 жылғы жылу беру маусымының қорытындылары мен 2011-2012 жылғы жылу беру маусымына дайындық шаралары және нормативтік құқықтық актілерді тіркеу туралы мәселелер қаралып, талқыланды.Әкімідік мәжілісінде алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған Ақмола облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы А.Г.Марченко облыс бойынша тұтастай алғанда, биылғы жылу беру маусымының ойдағыдай өткендігін ерекше атап өтті. Әрине, қылышын сүйрете келген қыс болған соң және оған әр өңір әрқалай дайындалғаннан кейін кейбір кем-кетіктер көрініс бермей тұрмайды. Соның өзінде биылғы жылу беру маусымның өзі ретімен, басы артық ауыртпалықтарға әкеліп, соқпай, жайлы өтуі үлкен олжа. Мұнда жер-жердегі осы сала қызметкерлерінің үлкен еңбегі жатқандығы сөзсіз. Мәселені талқылау барысында Бұланды, Целиноград, Бурабай аудандары мен Көкшетау қаласының әкімдері есеп берді.Облыс әкімі Сергей Дьяченко баяндалған жағдайға орай, өзінің қорытынды сөзінде осы бастан келер қысқа дайындықты бастап кетуді барлық әкімдіктерге шегелей тапсырды. Екінші мәселе бойынша есеп беру де жергілікті жерлердегі басшы орындардың бәрі бірдей нормативтік құқықтық актілерді дайындап, тіркеуге өткізуге тиісті жауапкершілікпен қарай бермейтіндігін жақсы аңғарып өтті. Бұл орайда, облыстық әділет департаменті басшылығының аудан, қалаларға айтар сын-ескертпелері едәуір болып шықты. Әсіресе, мұндай сын Шортанды ауданына көбірек қылаң берді. Тұтастай мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі С.А.Дьяченко бүгінгі қаралған мәселелердің екеуі де өте маңызды мәселелер екендігін алға тарта келіп, басшыларға қатаң түрде осы орайда жіберіліп отырған олқылықтардан тиісті қорытынды шығаруды тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі