Облыс әкімі Сергей Дьяченко Көкшетау қаласындағы бірқатар білім беру мекемелерінде болып, 2011-2020 жылдарға арналған білім беру саласын дамыту бағдарламасын іске асыру бағытында қолға алынып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, осы орайда, облыс оқу орындарының алдында тұрған басты міндеттерге тоқталып, оларды шешу жөнінде тиісті орындарға нақты тапсырмалар жүктеді. Алдымен Застанционный кентіндегі №14 орта мектепте ат басын бұрған облыс әкімі С.Дьяченко білім ордасының ішкі тыныс-тіршілігімен, материалдық-техникалық жағдайымен танысты. Білім беру мекемесіндегі бүлдіршіндерге арналған шағын орталықты, оқу кабинеттері, спорт зал, асхананы аралап көрген облыс әкімі С.Дьяченко мұнда білім алуға барлық жағдайдың жасалып жатқандығына көз жеткізді. Оқу ғимаратындағы спорт, акт залдары, жалпы және арнаулы пәндерге арналған оқу кабинеттері мен лингафон, мультимедиалық, интерактивтік кабинеттері талапқа сай жаңаша жабдықталған. Бұдан соң облыс әкімі Сергей Дьяченконың жұмыс сапары қаладағы №11 кәсіптік лицейінде жалғасты. Өңір басшысы алдымен аталған оқу орнының жатақханасынан орын тепкен облыстық психологиялық медико-санитарлық кеңес беру кабинетінде болды. Аталған кабинеттің міндеті-дамуы шектеулі балаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету болып табылады. Застанционный кеңтінің өз басына жетерлік проблемалары аз көрінбеді. Өмір асфальт төселмеген ойдым-ойдым жолдың жағдайы ешбір сын көтермейді. Көшелерде автобус тұрақтайтын аялдамалар жоқ. Аңғал-саңғал күйдегі бұрынғы бала бақша ғимараты еш жөңдей көрмегендігі көрініп тұр. Қаланың шеткі жағын күл қоқыс басқан. Осы тұрғыда өңір басшысы Застанционный кентінің әкімі Ғ.Бескемпіовке бірқатар сын ескертпелер айтты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі