Облыс әкімі Сергей Дьяченконың қатысуымен білім саласы қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының бастығы М.Ө.Ыбыраевтың сала бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі тындалып, алдағы күннің басты міндеттері белгіленді. Жалпы, бұл жиында өңір басшысы саласындағы біраз кемшіліктерді сынға алды. Облыс әкімі С.Дьяченко облыстық білім басқармасының бастығы М.Ыбыраевқа білім беруді дамытудың жаңа бағдарламасы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ағымдағы жылы Атбасар, Бұланды, Шортанды аудандары мектептерінің базасында үш орталық ашу жоспарланып отыр. Соңғы екі жыл ішінде «Жол картасы» аясында 97 білім беру мекемесінде күрделі жөңдеу жүргізілгендігін, алайда, биылдан бастап республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер негізінен ағылшын тілін оқыту, «Балапан» сияқты кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталып отырғандықтан, ендігі жерде мектептерге күрделі жөндеу жүргізу жергілікті жердің мәселесі екендігін қадап айтты. Сондай-ақ, білім беру мекемелеріндегі орын жетіспеушілігі де өткір мәселеге айналуда. Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауға айрықша назар аударылуда. Білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту, жаңа технологияларды жетілдіру мақсатын көздеген жиынды қорытындылаған облыс әкімі С.Дьяченко жас ұрпақтың танымы кең тұлға ретінде қалыптасуы жолында негізгі міндет ұстаздар қауымына жүктеліп отырғандықтан, мектептерді жаңарту мен жақсарту бағытында көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс екендігін ескертті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі