Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні, облыс әкімі Сергей Дьяченко Бурабай кентінде өткізілген «Туризм. Сауықтыру. Саяхат-2011» Ақмола аймақтық 8-ші туристік жәрмеңкесінің ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйлеп, облысымызда жыл сайын қолға алынып келе жатқан осы дәстүрлі шараның өңірде туризмді дамытуға тигізіп отырған игі ықпалына тоқталды, жиналғандарды Бурабай курортты аймағының бүгінімен және болашағымен таныстырып, алдағы уақытта шет елдік туристер тарапынан көрікті Ақмола, Көкшетау өңірлеріне деген қызығушылықтың арта түсетіндігіне сенім білдірді. Аймақтық жәрмеңкеге еліміздің барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ, көрші Ресей Федерациясынан келген делегациялар қатысты. Жыл сайын өткізіліп тұратын туризм жәрмеңкесі еліміздегі, соның ішінде біздің облысымыздағы көрікті жерлер мен демалыс орындарында демалуға деген шет елдіктердің ынтасын арттыруда. Бұндай жәрмеңкерлерге Қазақстандағы Австрия елшілігінің жыл сайын қатысып келе жатқандығы аймағымыздағы демалыс-сауықтыру орындарына деген бұл елдің азаматтарының ықыласын анық байқатады. Облыс басшысы шет елдік қонақтармен бірге кеңейтілген көрмені көріп, тамашалады.Үш күндік туризм жәрмеңкесінің бағдарламасында семинарлар мен баспасөз-мәслихаты және өңірдің көрікті орындарына саяхаттар бар.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі