15 сәуір күні, Көкшетауда облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен 2011 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық және егіс науқанын ұйымшылдықпен әрі сапалы өткізу мәселелеріне арналған агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің облыстық кеңесі болып өтті. Кеңесте облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров 2011 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық және егіс науқанын ұйымшылдықпен сапалы өткізу міндеттері туралы баяндама жасады. Бұл кеңесте сондай-ақ, Ақмола облысының етті мал шаруашылығын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы таныстырылды. Біз бұл кеңесті аса бір көтеріңкі көңіл күймен өткізіп отырмыз,-деді өзінің кіріспе сөзінде облыс әкімі С.А. Дьяченко. Күні кеше барлық Қазақстан халқы Президент сайлауында жоғары белсенділік пен саналылық танытып, Елбасына зор құрмет көрсетті. Ұлт Көшбасшысы біздің бәрімізге де, соның ішінде облыстың аграршыларына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Өткен жылы ауа райының қаншалықты күрделі болғандығына қарамастан жекелеген шаруашылықтардың көрсеткіштері жаман да болған жоқ. Дегенмен, іске сын көзбен қарайтын болсақ, егіншілік саласындағы істің бәрі ойдағыдай деп айта алмас едік. Биылғы жылдың көктемгі дала жұмыстарын жоғары агротехникалық жағдайда өткізу басты міндеттердің бірі болып табылады. Бүгінгі кеңес осы мақсатты көздеп, шақырылып отыр. Біз бүгін көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізудің барлық мүмкіндіктерін ортаға салып, саралап алуға тиістіміз. Кеңесте облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаров «2011 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық және егіс науқанын ұйымшылдықпен сапалы өткізу міндеттері» туралы баяндама жасады. Кеңесте «А.И.Бараев атындағы астық шаурашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Ж.А.Қасқарбаев «2011 жылдың көктемгі егісін өткізу ерекшеліктері», Енбекшілдер ауданындағы «Еңбек-Береке» серіктестігінің директоры А.М. Қиықов «Далалық аймақ жағдайында мал азығын өсірудің ерекшеліктері», Бурабай ауданындағы «Веденовка» серіктестігінің директоры А.Н.Довгаль, Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы Д.П. Гиря «Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің және өнім алудың биылғы болжамы», Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының бастығы Ж.Ж. Нүркенов «Ауыл шаруашылығы егістігіндегі дақылдардың зиянкестері мен мен түрлі ауруларымен және арапшөппен күрестің шаралары» Атбасар ауданындағы «Сочинск» серіктестігің жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ерекшеліктері, ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагері М.А. Чжен егіншілікпен қатар мал шаруашылығын дамыту, Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Агенттігінің республикалық ғылыми-тәжірибелік агрохимиялық қызмет орталығы директорының орынбасары Қ.С.Дүйсенов «Ақмола облысындағы жыртылған жерлердің жағдайы», «Атамекен - Агро» акционерлік қоғамының бас директоры Ф.А.Жазин «Майлы дақылдарды өсіру технологиясының ерекшеліктері» туралы сөз сөйледі. Облыс әкімінің баспасөз қызметі