Өткен жексенбі күні облыс әкімі Сергей Дьяченко православие және католик дінінің ғибадатханаларында құдайға құлшылық ету рәсіміне қатысып, осында жиналған барша қауымды Исаның қайта тірілуі (Христова воскресения) жарқын мерекесімен құттықтады. Әкім өзінің құттықтау сөзінде біздің қоғамымызда экономикалық және әлеуметтік саладағы жетістіктерге еліміздегі тұрақтылық пен ынтымақтық арқасында қол жеткізіп отырғанын атап көрсетті. Қазақстандықтардың бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп отырғаны Ұлт Көшбасшысы, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында екендігін айта келіп, осындай біріліктің арқасында еліміз әлемдік қоғамдастықта өрелі биіктерден көрініп отыр. Біздіің Отанымыздағы көпұлттық-бұл ұлылықтың бір белгісі. Осындай бірлігі жарасқан еліміз әлемдік дәстүрлі дін көшбасшыларының съездерін өткізудің ошағына айналды. Бұл біздің еліміздің жарқын болшаққа сеніммен қарайтын мемлекет екендігін аңғартып, осы елде тұрып жатқан адамдардың татулығы арқасында тыныш өмір сүріп, ұрпақ өрбітіп, бейбітшілкте өмір сүре алатынымызды көрсетеді. Облыс әкімі Сергей Дьяченко шіркеулер мен костелдердің дін қызметшілеріне, барлық құлшылық етуге келген тұрғындарға ынтымақ пен достықты нығайту ісіндегі күнделікті жұмыстарына, жақындағы Президент сайлауына белсене қатысқандары үшін өзінің ризашылығын білдірді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі