Кеше облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен өткізілген әкімдік мәжілісінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттің орындалуының биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындылары қаралды. Мәжілісте облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы бірінші тоқсанындағы қорытындысы бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы М.Ш.Тақамбаев баяндама жасады. 2011 жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді: 49,4 млрд.теңгенің өнеркәсіп өнімдері. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары 52,5 млрд теңгенің өнімін өндіреді, бұл өткен бірінші тоқсандағы көрсеткішінен 1,7 пайызға артық. «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасының мүмкіндіктері барынша тиімді пайдаланылуы керек. Ол үшін жағдайлар жасалып, қажетті ресурстар бөлінуі керек. 2011 жылы мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтуды 63 пайызға жеткізу үшін, біз жоспардағы 17 бала бақшаларын іске қосуды қамтамасыз етуге міндеттіміз. Облыстық құрылымдардың басшыларына, аудандардың, Көкшетау мен Степногорск қалаларының әкімдеріне бюджет қаражатын уақытында және толық игеруді қамтамасыз етіп, мақсатты трансферттер нәтижесі туралы қол қойылған келісімнің шарттарын бұлжытпай орындау үшін мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырылды. Мәжілісті қорытындылаған облыс басшысы Сергей Дьяченко өз сөзінде бірнеше мәселерге тоқталып өтті, соның ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында шараларды күнбе-күнге бақылауда болуы керек, барлық деңгейдегі әкімдер әрбір елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстарына тікелей бақылауға алынуы тиіс. Жеңіс күнін мерекелеуге арналған шараларды өте жоғары деңгейде өткізуге тиістіміз,-деді облыс басшысы. Бірде-бір соғыс ардагері, бірде-бір тыл еңбеккері ұмыт қалуға тиісті емес. Бұл біздің бүгінгі бейбіт өміріміз үшін ағаларымыз бен әкелеріміздің алдындағы парызымыз бен қарызымыз болып саналады. Алдымызда зор мүмкіндіктер тұр, оларды жүзеге асыруға барлығымыз тиістіміз,-деді облыс әкімі. Облыс әкімінің баспасөз қызметі