27 сәуірде Көкшетауда облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы Бизнес форумы болып өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров «Жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды мәселелер жөнінде баяндама жасады. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы түрлі бағдарламалар бойынша қаржыландырылып, бүгінде де жемісті жұмыс істеп жатқан «Арыстан» Степногорск құбыр заводы» серіктестігнің директоры Евгений Зубенко, Көкшетау қаласының жеке кәсіпкері Мунира Асқарова және «Модуль Плюс» серіктестігінң директоры Дмитрий Суворов мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау көмектердің өз кәсіпкерліктерін дамытуға тигізіп отырған игі ықпалы жайында айтты. Бизнес форумды қорытындылаған облыс әкімі Сергей Дьяченко кәсіпкерлікті қолдауға, оның өсіп-өркендеуіне кедергі келтіріп отырған барлық мәселелерді шешуге шындап бет бұру қажеттігін, мұның өзі Елбасының тапсырмасы екендігін атап өтті. Форум жұмысына аудан және қала әкімдері, облыстық департамент бастықтары, облыстық басқарма мен ведомстволар өкілдері, «Қазақстанның индустриялық даму институты» АҚ өкілдері, «Астана аймақтық технопаркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысып отырды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі