Облыс әкiмi Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Бурабай, Бұланды және Аршалы аудандарында болып, осы өңірлерде басталып жаткан көктемгі дала жұмыстарының барысымен, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстык жағдайлары мен танысты, кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелерді аралап көpiп, Елбасы Жолдауынан туындайтын алда тұрған міндеттерді саралады.Алдымен облыс әкімі «Есіл-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің eгістік алқабында болды. Мұнда алымдылығы 18 метрлік ауыл шаруашылығы кешені жұмыс істеп, тәулігіне 180 гектар жерге ылғал жауып жүр. Биыл серіктестік 135 гектар жерге жүгері, 550 гектар алқапқа күнбағыс екпекші. Егістік алқаптары арамшөпке қарсы гербицид қолданылатын қыратты жер болғандықтан, тұқым себу жұмыстары мамырдың ортасында басталады. Cеріктестегі ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 95 пайызы жаңартылған Техника көктемгі дала жұмыстарына дайын.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко 800 тұрғыны бар Вороновка селосында болып, село тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен та¬нысты. Селодағы иесіз қалған ас-хана қайтадан калпына келтіріліп, тұрғындарға қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, мұнда орта мектеп 15 орындык монша, шаштараз жұмыс істейді. Ауыз су мәселесі де шешілген. Қасапхана салынып жатыр. Село іШІ күл-қоқыстан тазартылған. Ауыл тұрғындарының көбі «Есіл-Агро» серіктестігінде енбек етеді.
Облыс басшысы «Есіл-Агро» серіктестігінің тауарлы-сүт кешенінде болып, мал қораларын аралап көрді. Мұндағы 1200 бас асыл тұқымды сиырды 43 адам күтіп, бағуда. Мал қораларының маңы абаттандырылып, ағаш көшеттері отырғызылған. Енбекшілердің еңбек етуіне барлық жағдай жасалған.
Бұдан соң облыс әкімі аттың басын Бұланды ауданының орталығында орналасқан көкөніс сақтай¬тын қоймаға бұрды. Бұл нысан кеңес заманынан бepi бос тұр. Қыс айларында мұнда 12 мың тонна кар¬топ сақталыпты. Биыл қойма күрделі жөндеуден өткізілмекші. Аудан биыл 186 гектар жерге кар¬топ отырғызуды жоспарлап отыр. 0л үшін кажетті тұқым мен голланд технологиясы бойынша жұмыс істейтін құны 1,5 миллион евро тұратын шет елдік техника сатып алынған Макинск қаласындағы Жеңіс саябағы абаттандырылып, aғаш көшеттері отырғызылған. Жергілікті Кеңес Одағы Батырларының портреттері үшін арнайы орындар жабдықталған.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко қарттар мен мүгедектерге арналған Бұланды медициналық-әлеуметтік кешенін аралап көріп, қариялардың тұрмыс жағдайларымен танысты және оларды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Бұл кешенде 56 адам тұрып жатыр. Олардын бәpi дерігерлер мен әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлығына алынған.
Макинск қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде суда жүзу бассейні салынуда. Облыс басшысы барлық аудан орталықтарында осындай бассейн болуы кажеттіпн атап өтті.
Бұдан кейін Бұланды ауданының орталығында құрылысы жүрпізіліп жаткан «Арна» астық қабылдау кәсіпорнында болған облыс басшы¬сы жұмыстың барысымен таныс¬ты. Мұнда қазір 70 адам жұмыспен қамтылған. Әзірше 2 қойманың, автокөлік қабылдау нысанының және тұрмыстық кешеннің іргетастары қалануда. Өрт сөндіріш автокөліктер тұрағы мен өрт сөндіргіш депо құрылысы да жүрпзілмекші. Кәсіпорындағы барлық қондырғыларды неміс фирмасы жасап шығарған. Механикаландырылған қондырғылардың бәрі бір орталықтан баскарылады. Кәсіпорын астық пен майлы дақылдарды кептіріп, тазалайды. 0л үшін Германиядан «Пектус» агрегаты сатып алынған. Бар¬лық жұмысты техника атқарады. Жүк автокөлігі таразыда тұрғанда барлық ақпарат компьютерге келіп түседі.
Астық қабылдау кәсіпорнының құрылысы биылғы ораққа дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл құрылыс үшін 800 миллион тең¬ге несие алынған екен. Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Құдайбергенов өздерінің астық қабылдау кәсіпорындары Көкшетау қаласының іргесіндегі Станционный кентінде, Жалтыр станциясында, Арша¬лы және Есіл ауданының Құмай ауылында орналасқанын айтып, істің жайын баяндап берді. 5 жыл астық бизнесімен айналыскан ол Бұланды ауданының Ярославка се¬лосында асыл тұқымды 1000 бас ірі қара мал ұстауды да қолға алған екен. Мал Сандықтау, Атбасар аудандарынан сатып алыныпты.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко «Журавлевка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен та¬нысты. Ярославка селосында мал бордақылау алаңы орналасқан Капитоновка селосының өрісінде қазақтың ақ бас сиырлары бағылады. Ет өндірісі бағытындағы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін Ресейден білікті маман алдырылыпты. Мал азығын дайындау жайы да алдын ала ескерілген Жем-шөптің түр-түрі өсіріледі. Уакытпен санаспайтын еңбеккерлер жа¬лакыларын ай сайын алып тұрады.
Серіктестік 3 мың тонна көкөніс сақтайтын қойманың құрылысын жүрізіп жатыр. Шаруашылық 70 мың гектар алқаптан жинаған өз астықтарын «Логос Трейд» фирмасы арқылы жақын және алыс шет елдерге экспортқа шығарады. Жыл сайын 200-300 мың тонна астық сатылады.
«Журавлевка» серіктестігінің бағы соңғы 20 жыл ішінде күтусіз қалған. Жеміс ағаштарының көбі қирап қалған. Бұған дейін жыл са¬йын 10 гектар жерге картоп отырғыэылып келіпті. Биыл да 50 гектар алқапқа картоп отырғызылмақшы.
Жаңа технологияға көшкен серікестік Германиядан жаңа техникалар және 60 тонна картоп сатып алыпты. Картоптың жартысы «Алладин», қалғаны «Артебис» тұқымы. Көкшетаудың «Невский» тұқкымы да бар. Биыл осы тұқымдардың қайсысы жақсы өссе, келесі жылы сол тұқым отырғызылмақшы. Сондай-ақ, 5 гектар алқапқа қырыққабат 3 гектар жерге сәбіз және қызылша, 1 гектар алқапқа қияр және қызанақ, бұрыш, баклажан дәндері сіңірілмекші. Жалпы 94 гектар жер¬ге көкөніс егілмекші.
Облыс басшысы серіктестік ең¬беккерлерімен емін-еркін әңгімелесіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен танысты, көктемп егіс жұмыстарына сәттілік тіледі.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко іссапарының соңында Аршалы ауданының Жібекжолы, Жалтыркөл ауылдарында болып, әлеуметтік-экономикалық даму, елді мекендерді абаттандыру мәселелеріне назар аударды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі