Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні Көкшетау қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллиннің ескерткіш мүсініне гүл дестесін қойып, «Мәңгілік алау» ескерткішінің жаңында өткен митингіге қатысып, сөз сөйледі және Тәуелсіздік алаңында өткен мерекелік шаралараға қатысты.
Мереке күні табиғат-ана да ардагерлерге тағзым еткендей нурын шашып, күннің жайма шуағы халыққа жоғары көңіл-күй сыйлағандай болды. Облыс орталығында өткен мерекелік іс-шаралар, үрлемелі аспаптар оркестрі мен жас өнерпаздар шырқаған Жеңіс әндері де apдaгepлepiмізге деген құрметтіің бір көрінісі іспеттес.
Осы күні облыс әкімі Сергей Дьяченко бастаған мемлекеттік мекемелер мен ардагерлер ұйымдарынын өкілдері, Көкшетау каласының тұрғындары «Мәнгілік алау» ескерткішінің жанына келіп, соғыста қаза тапкандарды еске алды.
- Құpмeттi ардагерлер! Сіздерді Отан үшін отқа түciп, елді аман сақтап қалуда көрсеткен ерліктерініз ел жадында мәнгі сақталып қалары сөзсіз. Біздің бүгінгі бейбіт өміріміз - батырларымыздын ержуректілігі мен қиын-қыстау кезеңде қол біріктіре алуларының жемісі. Талайды eңіpeтіп, баланы жетім қылған, ананы қан қақсатқан бұл сұрапып соғыс ешкашан кайталанбасын дейміз. Ұлан-қайыр жерімізді, eлiмізді жаудан қорғап қалған батыр ұлдарын халкы мәңгі мақтан етеді, - деп, об¬лыс әкімі Сергей Дьяченко барша жиналған қауымды Ұлы Женіс мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Көкшетау қаласының құрметті азаматы Асылбек Дәулетов, облыстық қорғаныс icтepi департаментінің бастығы Алек¬сандр Старцев, Ақан cepi атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің студенті, облыс¬тық байқаулардың екі мәрте жүлдегері Айдана Есекеева сөз сөйлеп, Ұлы Жеңісті жақындатқан жандардың epлiктеріне тағзым eттi.
Бұл куні Тәуелсіздік алаңында ардагерлердің құрметіне жергілікті өнерпаздардың қатысуымен мерекелік кон¬церт пен дала асханасында жайылған дастархан мәзірі де ұсынылды. Майданегрелермен бірге қала тұрғындары да солдат ботқасының дәмін татып, ардагерлермен естелік суретке түсіп жатты. Кешке мерекелік ic-шара соңында жиналған жұртшылық дәстүр бойынша отшашуды тамашалады.
Касиетті Отаны үшін жанын пида еткен eciл ерлер мен сол атжалында шындалған арда¬герлерге құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың басты бip парызы. Өйткені ел басына төнген қауіп бұлты елдіктің, epлiктің арқасында ғана сейілді. Сондықтан, біздер
Ұлы Жeңicтi жақындатқан әpбip жанды есімізде мәңгі сактайтын боламыэ.
Женіс күніне арналған мерекелік шаралар облыстың, аудан орталықтары мен калаларында, елді мекендердің барлығында да салтанатты жағдайда өткізілді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі