Кеше Көкшетауда Қазақстан Республикасының Еңбек және халыөты әлеуметтік қорғау виц-минстрі Серік Ахметов, Аөмола облысының әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Аяғанов пен Мәжіліс депутаты Аманжол Жазин ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандырудың бұгінгі жағдайы және даму болашағы» атты дөңгелек үстел мәжілісіне қатысып, сөз сөйлеп, өткен кезеңде осы саларда қол жеткен жетістіктердің мән-маңызына тоөталды, әлі де шешімін күткен мәселелерді ортаға салып, бұл бағытта қолға алынып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен баяндап берді. Бұл жиында алдымен облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков сөз алып, қатысушыларға әлеуметтік саладағы атқарылып жатқан істер жайында баяндап берді. Бұдан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Ахметов еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бергі халықтың әлеуметтік қамсыздандырылуы мәселелерін қалай шешіп жатқандығы жөнінде келелі әңгіме өрбітті.
Әлеуметтік реформа азаматтардың тұрмыс жағдайының жақсаруына әсер ететін басты стратегиялық бағыт болып табылады. Осы ретте, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз бұл салада да айтарлықтай жетістіктерге жетті. Халықтың бүгінгі әл-ауқаты соның айқын дәлелі болса керек. Баршамызға белгілі, Елбасының тапсырмасымен осы жылдың 1 қаңтарынан бас-тап зейнетақы мен шәкіртақы көлемі 30 пайызға, мемлекеттік жәрдемақы 9 пайызға көбейтілді. Біз өзімізді әлеуметтік қамтамасыз етілген мемлекет ретінде дәлелдей алдық, - деп атап өтті вице-министр өз сөзінде.
Жиында келтірілген мәліметтерге сүйенсек, барлық салаларда, соның ішінде әлеуметтік салада
90-жылдардың аяғына қарай ілгері жылжулар бай-қалған. Айталық, 1997 жылдан бастап еңбек ақының төменгі мөлшері 7,4 есеге, орташа айлық номиналдық ақы 8 есеге дейін көтерілді. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 1999 жылдан бастап 4,2 есеге өскен. Сонымен бірге, дөңгелек үстел басындағы әңгіме барысында, ауыл тұрғындарының да әлеуметтік қамсыздандырылуы жайлы сөз болып, әл-ауқаты төмен отбасылар мен жұмыссыздарды қайта даярлаудан өткізіп, оларды жұмысқа тарту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.
Жиында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Серік Аяғанов, Парламент Мәжілісінің депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжол Жазин, сондай-ақ, кәсіподақ басшылары, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сараптамалық қауымдастық өкілдерінің баяндамалары мен сөздері тыңдалып, дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасты.
Облыс әкімінің баспасөз қыметі