Облыс әкімі Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Зеренді, Енбекшілдер және Аршалы аудандарында болып, осы өңірлердегі елді мекендердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен, көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысып, мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелеріне назар аударды. Аршалы ауданында вячеслав орта мектебіндегі соңғы қоңырау салтанатына қатысып, биыл үлкен өмірге жолдама алатын түлектерге сәт сапар тіледі. Бірұатар өндіріс ошақтарын аралап,бүгінгі күннің басты міндеттерін белгіледі. Облыс әкімі Сергей Дьяченко аттың басын алдымен Зеренді ауданына қарасты Қызылтаң ауылына бұрды. Бұл елді мекен Ортақ ауылдық округіне қарайды. Ауыл әкімі Жаңғабыл Әбдіғапаровтың айтуынша, 98 түтіні бар ауылдың көшелері күл-қоқыстан тазартылып, абаттандырылған. Бұл бағытқа аудандық бюджеттен 1,5 миллион теңге бөлінген. Ауыл тұрғындарының бәрі сенбіліктерден шет қалмайды. Өзінің туған ауылын көркейтуге кәсіпкер Сағынтай Кенжетаев та жыл сайын белсене көмектеседі екен. Мұнда Тимур Әубәкіров басқаратын «Асыл-2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді. Биыл шаруашылық 900 гектар ал-қапқа күнбағыс дәнін сіңірсе, қазір 1000 гектар жерге бидай мен арпа егу жұмыстарымен айналысып жүр. Еңбекке жарамды ауыл тұрғындары осы серіктестікте, темір жол саласында жұмыс істейді. Жергілікті кәсіпкер Мұрат Жақашев биелер байлап, облыс орталығы тұрғындарына қымыз сатады. Ауылда 3 дүкен жұмыс істейді. Кәсіпкер Еркамал Ивахина күнделікті тұтынатын та-уарларды арзан бағамен сатады. Іргесі сөгілмеген ауылға өзге елді мекендердің тұрғындары көшіп келген екен. Мұнда екі жаңа үй бой көтерген. Ауылдағы орта мектепте 71 оқушы білім алады. Олардың саны алдағы жылдары 83-ке дейін өспекші. Мұнда облысқа кеңінен танымал боксшылар мектебі жұмыс істейді. Мектеп директоры әрі жаттықтырушы Серік Құдайберген
бокстан бірнеше спорт шеберін тәрбиелепті. Аудандық бюджеттен 1,2 миллион теңге бөлініп, клуб қалпына келтірілген. Өңір басшысы ауылда қоғамдық монша, шаштараз және тігін цехын ашу қажеттігін тапсырды.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко осы ауылдан 12 шақырым жерде орналасқан 26 түтіні бар Туполевка селосында болып, тұрғындарымен кездесті. Табиғаты әсем, мал ұстауға қолайлы жерде орналасқан селода 60 шақты адам тұрады. Еңбекке жарамдылары шаруа қожалығы мен орман шаруашылығында жұмыс істейді. Олар ауыз су мен мектеп жөнінде мәселе көтерді. Молодежный орта мектебінде оқитын 9 оқушыны тасымалдау үшін аудан әкімдігі су жаңа жеңіл автокөлік сатып әперген. Қазір оған барлық оқушылар сыймайтын көрінеді. Ауыл іргесіндегі скважинаны қалпына келтіру үшін 40 миллион теңге қаржы қажет. Өңір басшысы болашағы жоқ селоға мектеп, бала-бақша, клуб пен кітапхана салынбайтынын, ауыз су мен медбикені, оқушыларды тасымалдайтын көлік мәселесі шешілетінін атап өтті.
Бұдан кейін облыс әкімі Сергей Дьяченко 900 адам тұратын Молодежный селосының орта мектебінде болып, мектеп ұжымы мүшелері-мен кездесті, оқу кабинеттерін аралап көрді. 1967 жылы салынған мектепте қазір 137 оқушы білім алуда. Мектептің шатыры жөнделіп, жылу жүйесі тартылған. Асхана мен 25 орындық шағын орталық жұмыс істейді. Селода клуб, 200 орындық кафе, монша мен шаштараз тұрғындар игілі үшін қызмет етуде. Шойын су құбырлары ескіргендіктен, кейде ауыз су мәселесі туындайды. Осы орайда, 2013 жылы су құбырлары жаңартылмақшы. Осы елді мекеннің сұрқын алатын жартылай бұзылған нысандар бар. Облыс әкімі бұл келеңсіздікті жақын арада тәртіпке келтіріп, селоны абаттандыруды және елді мекен инвесторы Неғмет Хасеновке монша салуды тапсырды.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко Еңбекшілдер ауданына қарасты «Макин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістік алқабы мен қырманында болып, дала жұмыстарының барысымен танысты, диқандардың хал жағдайларын сұрап білді. Серіктестіктің ылғалы мол егістік алқаптарында 6 «К-700», 2 жаңа тұқым себу кешені жұмыс істеп жүр. Тұқым Шортанды ауданынан сатып алынған екен. Дала жұмыстарына тартылған 30 адам Даниловка селосында тұрады. Олардың орташа еңбекақысы 70 мың теңгені құрайды. Серіктестік техника паркін жаңартуды және өз есебінен жастарды механизатор мамандығына оқытуды жоспарлап отыр. Өңір басшысы село инвесторы Қобыланды Маратовқа селоның әлеуметтік- тұрмыстық салаларына көңіл бөлуді тапсырды. Бұдан соң облыс әкімі «Шәріпов» шаруа қожалығының мал өрісінде болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Қазір қожалықтың иелігінде 136 бас асыл тұқымды мал бар. Олардың тең жартысы қазақтың ақ бас сиырлары. Шаруа қожалығының төрағасы Құттымбет Шәріпов асыл тұқымды малды облыс аумағынан сатып алып, оның басын мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Биыл 100 сиырдан 90 бұзау алынған. Қожалықтың бидай, арпа, сұлы және екпе шөп егетін 2 мың гектар жері бар. Қоғам ауылында 430 адам тұрады. Қазір осындағы кіші шаруа қожалықтары бірігіп, ауылдың шаруашылығын дамытуға ат салыспақшы. Облыс басшысы қоңды малды көріп, оң бағасын берді.
Жұмыс сапарының екінші күні облыс әкімі Сергей Дьяченко Аршалы ауданының Бабатай станциясында орналасқан «Акватерм НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауажүргізгіш және желдеткіш үшін материалдар жасайтын цехында болып, жұмыстың технологиялық процесімен танысты. Беларуссия мамандарымен бірлесіп жұмыс істейтін кәсіпорын автономдық жылумен қамтамасыз ету жүйесіне, орталық және жеке меншік жылу нысандары мен автоматтандырылған блоктік жылу нысандары үшін жылу энергетикалық қондырғыларын, жылумен және суықпен қамтамасыз ету үшін желдеткіш қондыр-ғыларын жасау бағытында мамандануда. Мұнда жаз айларында Күн қуатын пайдаланып, суды ысытатын қондырғылар да бар. Бұл нысанда 15 жаңа жұмыс орны ашылмақшы. Бүгінгі күні мемлекеттік комиссиядан өткелі отырған бұл цех пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Бұдан соң облыс әкімі Вячеслав орта мектебінің оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Татьяна Немцан бас-қаратын бұл мектепте 144 оқушы білім алса, олардың алтауы өмірдің тағы бір баспалдағын аттағалы отыр. Екі түлек «Алтын белгіден» үмітті. Шара барысында облыс әкімі бастаған меймандар мектеп вальсіне шақырылды. 6 сынып оқушысы Масығұт Шыңғысхан өз қолымен жасаған ескерткіш сыйлығын мектеп оқушылары атынан өңір басшысына табыс етті. Жалпы сомасы 211 мың АҚШ долларына бағаланған 17 гранттың иесі атанған бұл мектеп республикаға танымал. Үстіміздегі жылы мектеп ғимаратын жөндеуге облыстық бюджет есебінен 31 миллион теңге бөлінді. Облыс әкімі мектептің жылыжайы мен бағын аралап көріп, мектеп түлегімен бірге ағаш көшетін отырғызды. Мұнда өсірілетін көкөністер мен картоп тамшылап суарылады. Жаңа оқу жылында оқушылар өз еңбектерінің жемісін татады. Сондай-ақ, мектеп қасында үй қояндарын өсіру қолға алынбақшы. Сөйтіп, оқушыларға ұсынылатын тамақтың құрамы тағы толығатын болады.
Облыс әкімі Волгодон селосында «Норд диалог» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатқан 25 орындық «Алтын» қоғамдық монша кешенінің құрылысымен танысты. Моншаның жанында кір жуатын орын, бильярд залы, демалыс бөлмесі, наубайхана және тойхана жұмыс істеп, 18 жаңа жұмыс орны ашылмақшы. Бұл кешен үстіміздегі жылдың қарашасында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Облыс әкімі «Вознюк» жеке меншік кәсіпорнының көкөніс өсіретін ал-қабында болып, жұмыс барысымен танысты. Әкелі балалы Тарас пен Алексей Вознюктер көкөніс өсіріп, оны сақтаумен айналысады. Барлық егістік алқабы 258 гектарды құрайды. Оның 30 гектарына орамжапырақ отырғызылып, 228 гектарына арпа дәні сіңірілген. 300 шаршы метр алаңға салған жылыжайда қияр өсіріледі. Күніне 300 келіге дейін өнім алынады екен. Қазір жылыжайда өсірілген орамжапырақ тұқымын жергілікті жердің 20 еңбеккері алқап-қа отырғызуда. 400 тонна орамжапырақ сақтайтын қоймасы бар. Қазір 1300 шаршы метр алаңда жылыжай құрылысы жүргізілуде.
Бұдан соң облыс әкімі Сергей Дьяченко «Қойкелді-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал өрісі мен егістік алқабын аралап көрді. Қазір Ерден Қытайбеков басқаратын шаруашылықта 331 бас ірі қара мал, 58 бас жылқы және 600 бас қой бар. Малдың төлі де өсіп келеді. Биыл шаруашылық 25 бас қазақтың асыл тұқымды алабас қашарын сатып алған. Серіктестік 4 мың гектар жерге бидай, арпа, бір жылдық шөп дәнін сіңіруде. Қажетті тұқым мен жанар-жағармай жеткілікті. Облыс басшысы әр түрлі қиыршық тас өндіретін «Нефрит Голд» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігінің кенішінде болып, жұмыс барысымен танысты. Мұнда 171 адам жұмыс істеп, жылына 1 миллион текше метр қиыршық тас өндіреді. Олардың орташа еңбек-ақысы 73,4 мың теңгені құрайды. Серіктестік Волгодон орта мектебіне және аудан кәсіпорындарына демеу-шілік жасайды.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко Екатеринбург-Алматы республикалық маңызы бар күре жолдың Ижевск селосына дейінгі бөлігіне жасалған күрделі жөндеудің сапасын көрді. Биыл бұл бағытқа облыс-тық бюджеттен 50,0 миллион теңге бөлінген. Сәуірде басталған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған екен. Биыл Ибрагим Жанғоразов басқаратын «Ижевск» өндірістік кооперативі 10918 гектар жерге бидай, арпа, сұлы, бір жылдық шөп егуде. Дала жұмыстарына 5 көктемгі егіс кешені, 10 «К-700», 6 «МТЗ-80» тракторы мен өзге де техникалар жұмылдырылған. Бүгінгі күні шаруашылық барлық алқаптың 52,8 пайызына бидай дәнін сіңірді.
Іс сапарының соңында облыс әкімі Сергей Дьяченко Астана қаласының іргесіндегі «Саяжай» коттедждік кентінің тұсаукесеріне қа-тысты. Жер учаскесі Қарағанды қаласына баратын күре жолға өте жақын. Жібек жолы ауылының маңындағы Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Кент құрылысы жөнінде «Цесна-Астық» концернінің президенті Николай Мешеряков айтып берді. Бүгінгі күні 259 коттеджді кенттің жобасы Ақмола облысының құрылысын жүргізушілер кеңесімен келісіліп, бекітілген.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі