Кеше, 26 мамыр күні облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен өткізілген облыстық әкімідік жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның мәжілісінде мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолдану және насихаттау мәселелері кеңінен сөз болды. Облыс әкімі Сергей Дьяченко облыстық әкімдік жанындағы коммисся мәжілісінде мемлекеттік рәміздерді қастерлей білу Отанға деген сүйіспеншілік пен зор патриоттық сезімді қалыптастыратынын атап көрсетті. Сонымен бірге, ел Тәуелсіздігін атап өту аясында мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттаудың маңыздылығына да тоқталды.
Бұдан кейін технологиялық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті директорының орынбасары Айгүл Ақтаева мен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Александр Старцев облысымыздағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуына байланысты заң актілерінің орындалуына қатысты жүргізілген тексерістер жөнінде баяндады. Олардың айтуынша, бірқатар мемлекеттік мекемелерде рәміздердің орналастырылуы мен қолданылуы заң талаптарына сай келмей отыр. Айталық, сәуірдің 18-23 аралығында мемлекеттік рәміздерді тексеру жөніндегі республикалық инспекциялық топтың жергілікті жерде мемлекеттік рәміздер туралы заңдардың орындалу барысын тексеруі кезінде Зеренді, Сандықтау, Еңбекшілдер және Бурабай аудандарындағы мемлекеттік мекемелердің біразында Мемлекеттік Әнұран авторлары дұрыс жазылмай, Мемлекеттік Тудың бояуындағы өзгешеліктер, бланкілердің стандарт-қа сәйкес еместігі анықталған болатын. Дегенмен, бұл олқылықтар тез арада қалыпқа келтірілді деп сендірді жиынға келген аудан басшылары.
Сондай-ақ, комиссия мәжілісінде облыстық ішкі саясат бас-қармасының бастығы Гүлжанар Шөкееваның мемлекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуы мен насихатталуы жөнінде баяндамасы тыңдалды. Айта кететін бір жай, соңғы екі жылда мемлекеттік рәміздерді сатып алуға облыстық және жергілікті бюджеттен 70 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Биыл-ғы жылдың өзінде ғана облыстағы басқармалар мен мекемелер 1400-ден аса мемлекеттік ту, 970 мемлекеттік елтаңба мен 200-ге тарта тақырыптық стендтерді сатып алған.
Жиын соңында өңір басшысы облыстың басқа да аудандарында осындай тексерістер жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, комиссия жасаған ескертпелерден сабақ ала отырып, атал-ған кемшіліктерді болдырмауды баса айтты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі