Кеше облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен өткізілген аппарат кеңесінде бюджеттің орындалу барысы, ұлттық спорт ойындары түрлерін дамыту және басқа да бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.Облыс әкімі ең алдымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен жаңадан тағайындалған Ақмола облысы бо-йынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Теңізжан Нұрмаханұлы Жәнібековті жұрт-шылыққа таныстырып өтті. Ол бұған дейін Алматы қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Бұдан кейін аппарат кеңесінде облыс бюджетінің 5 айдағы болжамданған жоспары мен оның орындалу барысы сөз болды. Облыс басшысы салықтың болжамданған жоспарын орындауға жете маңыз беріп, барлық салық түсімдері бойынша оның орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Кеңесте, сондай-ақ, Елбасының облыс әкімдігі мен басқармаларға тапсырмаларын орындау картасының тұсау кесер рәсімі болып өтті. Облыс әкімі басқарма басшыларына картада көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қатаң қадағалауға алуды тапсырды. Облыстағы ұлттық спорт ойындарын дамыту жайын айта келе, облыс әкімі облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, ұлттық спорт түрлері бойынша «Құлагер» спартакиадасын өткізуді тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.